• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:56:45
Алматы
+12°

03 Сәуір, 2015 NEWS

АНА ТІЛІМ - АРЫМ МЕНІҢ

Әлі есімде бала кезімізде кез-келген сөзді, әсіресе бір-біріміздің есімдерімізді теріс оқып, тез сөйлеуге жаттығып, тіпті кейде жарыста ұйымдастыратынбыз. Егер...

Әлі есімде бала кезімізде кез-келген сөзді, әсіресе бір-біріміздің есімдерімізді теріс оқып, тез сөйлеуге жаттығып, тіпті кейде жарыста ұйымдастыратынбыз. Егер де кейбіреулеріміздің  есімінің  дыбысталуы мен мағынасы өзгерген жағдайда (кейбіреулері айтуға болмайтын жаман сөздер болып шығады), үнемі келемеж-күлкі қылып әжуалайтынбыз.

Баршамызға белгілі, Атам Қазақтың сөздік қорында Абай атамыз айтқандай,  "айналасы жұп-жұмыр, теп-тегіс" болып келетін ең қасиетті бірнеше ұғымдар бар. Олар, Алла, Ата, Аға, Ана, Апа, Еке (Әке), Іні, Нан, Шаш т.т.  Бұл ұғымдарды қалай қарай оқысаңда дыбысталуы да, мағынасы да еш өзгермейді. Атам Қазақтың ең бірінші (алғы, алғашқы, алдыңғы)  қасиетті таңбасы «А»мен басталып «А»мен аяқталады. Алты Алаштың да түбірі «Ал» болатыны осыдан.  Оларды теріс оқып келемеж-күлкі ете алмайсың. Мысалы, орыстың мамасы мен папасын теріс оқып көріңізші. Не болар екен?  Маманы теріс оқуды ойлаудың өзі ұят, ал папаны теріс оқысаң ит болып үріп кетесің. Кім көрінгенмен төсектес болып (Дарвин ілімі Адамдарды маймылдан жаратып, бүгінгі адамдарды маймылмен ойнастан  туғызған)  ит болып үріп жүрген адам кімге керек. Шынында да ақыл-есі дұрыс әйел маймылмен некеге отырмайды емес пе? Олардың Ата-Аналарын жаппай қарттар үйіне тоғытатын жаман әдеттерінің де бастау алатын жері осы. Демек, олардың «ұлы» мәдениеті  мен сөз жасау жүйесі, біздің аталарымыздың  сирағына да татымайды.

Осы киелі ұғымдардың сыртына Ұлы Аталарымыз  «Қазақ» деген ел атауымен ешқашан бұзылмайтын етіп, мәңгілік  қорған салған. Өздерің көріп отырғандай, біздің еліміздің де атауын теріс оқып, келемеж-күлкі ете алмайсың. Демек, жоғарыдағы жаныңа ең жақын, ең киелі ұғымдар Қазақтың тілі мен діні және еліміздің Қазақ деген атауы аман тұрса, олар ешқашан бұзылмайды.

Бірақ, бұны қазіргі таң да  бұзуға барынша жанталасып жүргендер елімізде жетіп артылады. Соның ішінде біз үшін ең қауіптісі орыс тілді  билік иелері (шенеуниктер) болып тұр. Мысалы, Қазақ деген ел атауының соңына жалғанған «стан» деген сөз осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.

 «Стан» демекші, орыс тілінде «станица» (үй саны 2-3 үйден тұратын кішкентай  елді мекен)  және уақытша тұрақ «станция» (поездардың 10-20 минут аялдап өтетін жері), полевой стан (егіншілердің уақытша тұрағы), «охотничьи стан» (аңды бір жерде жатып мәңгі ауламайсың), «сенокосный стан» (бір жердің шөбін мәңгі шаппайсың, 2-3 күннен кейін басқа жерге ауып қонасың)  делінсе, бұл сөз парсы тілінде сол елдің шет аймағындағы көлемі кішкентай елді мекен (провинция) дегенді білдіреді. Демек, Қазақ-стан дегеніміз, қазақтардың уақытша тұрағы деген сөз. Айналайындар-ау! Айтыңдаршы бізді қайда апаруға дайындап жатырсыңдар? Бұл бір.

Екінші, қазақ деген еліміздің атауын осы орыс тілді билік иелері тілдері келмейтінін сылтауратып «казак» емес, «казах» деп атап жүр. Өздеріңіз көріп отырғандай, «казах» дегенде «к» деген дыбыс «х (икс)» деген белгісіздік таңбасымен ауыстырылып, соңғы дыбыстағы  «құлып (замок)» алынып тасталған. Демек, Біз құлыбымыздың кілтін, яғни тіліміздің билігін  соларға беріп қойдық. Енді олар одан оңайлықпен айырыла қояр ма екен?

Біздің тәуелсіз еліміздің жасы «қылшылдаған қайран жиырма беске» таяп қалса да, еліміздің билігінде отырған (Дарвин ілімімен мұздай қаруланған) орыс тілді үкіметіміз, тіл және тарих ғылымдарының білім деңгейлері қазақ үшін осындай қарапайым дүниелерге де бастары жетпей келеді.

Айтыңыздаршы, Сіздер мұны әдейі істеп жүрсіздер ме? Әлде ақылдарың мен білімдеріңнің бар жеткен жері осы ма? Жауаптарыңызды күтеміз?

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір