• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 23:20:59
Алматы
+12°

03 Наурыз, 2015 NEWS

Қырғыз тарихшылары: Қожа Ахмет Яссауи – қазақ емес, ол - қырғыз

Жақында Қырғызстанда  Кимсанбай Абдыразакұлының "Құл-Қожа Ахмет Яссауи" атты тарихи-монографиясы жарық көрген болатын. 90 жастағы қарт жазушы өзінің еңбегінде...

Жақында Қырғызстанда  Кимсанбай Абдыразакұлының "Құл-Қожа Ахмет Яссауи" атты тарихи-монографиясы жарық көрген болатын. 90 жастағы қарт жазушы өзінің еңбегінде Ислам дінінің ұлы ұстазы, сопы Қожа Ахмет Яссауидің Қырғызстандағы  бұрынғы Өзгөн қаласынан шыққанын жазған.  Осыған дейін бүтін Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ  халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орын алатын, пәлсапашы  Ахмет Яссауи туралы қырғыз тарихшысының тың мәлімдемесін  "Азаттықтың" қырғыз қызметіне сілтеме жасай отырып, Qamshy.kz  порталы назарларыңызға ұсынады.

iassaui

- Эегемберди Эрматов,  сіз қарт жазушы  Кимсанбай Абдыразакұлының "Құл-Қожа Ахмет Яссауи" атты тарихи-монографиясын  кітап қылып  жарыққа шығардыңыз.  Енді айтыңызшы, Қожа Ахмет қалайша  Ахмет Яссауи атанып кетті?

-  Осыған дейінгі Қожа Ахмет туралы бүкіл түркі елдерінде шыққан әдебиеттерде ұстаздың шыққан тегін Яссымен байланыстырып, Ахмет Яссауи дейді. Осы жерде қолданылған тілдің нормасына қарасақ, бұл тілдің  қырғызша екенін аңғарамыз. Құл Қожа Ахметтің ғазалдары, Құл Қожа Ахмет деген жердегі Құл сөзі жазба-әдеби тілдің заңдылықтарына сәйкес өзгеріп, Ахмет Яссауи ғана болып қалған.

- Сіз өз еңбегіңізде Ахмет Яссауидің есіміндегі  Яссауи Қазақстандағы Яссы жазығы емес,  Құл Қожа Ахметтің  шын мәніндегі туған жері Қырғызстандағы Өзгөн қаласы деген нұсқаны айтқансыз. Мұны қандай негіздерге сүйеніп айтып отырсыз?

-  Өзгендік қырғыз  ақсақалдарының аузында бүгінге дейін аңыз боп жеткен деректер бар. Мына Қарахандар дәуіріндегі, байырғы Өзгенде Құл Қожа Ахмет туралы түрлі әфсаналар ақсақалдардың ауызында жүр. Міне соларды жинастырып, үлкен кітап қылып шығару мақсатымыз еді. Ахмет Яссауидің шын есімі Құл Қожа Ахмет екендігін, оның есіміне Яссы тіркесі негізсіз жалғанғанын белгілі тарихшы Шойын Өмірәлиев те растаған.

- Сіздердің мына мәлімдемелеріңізге қазақ бауырлар қандай аргументтер келтіреді?

-  Құл Қожа Ахметті  қазақ туғандар біздікі дейді, өзбектер біздікі дейді т.б. түркі елдері біздікі дейді. Бірақ, солар Құл Қожа Ахметтің еңбектерін терең зерттеп, оқып көрсе осы сөздерінен қайтар еді. Себебі, мен Құл Қожа Ахметтің 144 хикметтерін 3 жылдың ішінде бастан-аяқ қырғыз тіліне аударып шықтым. Сол хикметтерінің бірінде Қожа Ахметтің "Мен жасы дариясының бойынан шықтым" деген сөз бар.  Қазақстанда "жазы" деген дария жоқ. Бұл жерде Құл Қожа Ахмет Қырғызстанның Өзгөн қаласындағы ежелгі  "Ясы"-"Жасы"  дариясын меңзеп тұр. Тағы бір хикметінде "менің ата-бабаларым құс салған" деген еді. Енді, қараңыз, осы уақытқа дейін құсты баптап, ит-құсқа салып келген дүинеде жалғыз ғана ұлт болса, ол – қырғыз. Ықылым замандардан бері қарай Құл Қожа Ахмет туралы деректер, атадан балаға, буыннан-буынға аңыз болып тарап келеді. Мен кітапты жазып шығарғанда осының бәрін алғы сөзге қосқан болатынмын. Сол кітапқа осыдан 900 жыл бұрын өмір сүрген біздің бабамыздың хикметтерін толық енгіздім. Құл Қожа Ахмет жастайынан Арыстан бабты ұстаз қылып, пір тұтады. Ал сол Арыстан баб қай жерде тұр? Міне мұның артында да даулы пікірлер тұратыны рас.  Құл Қожа Ахмет бойындағы бар ілімін осы Қырғызстанның территориясында жүріп меңгерген. Мына Ахмет пен Арыстан баб қалай кездеседі? Соңғы пайғамдарымыз Мұхаммед (с.а.у.)  Арыстан бабқа "Менің Ахмет деген балам келеді. Сен оған осыны бер " деп құрбан берген екен. Арыстан баб бабамыз осы аманатты 600 жыл сақтаған. Осыдан бастап Ұстаз оған шәкірт болады. Дәл қазір, Қожа Ахметке бізден бұрын Түркістандағы қабірі арқылы қазақтар ие болған соң, бұл екі ел арасында дау тудыратын мәселе болмақ.

Құл Қожа Ахметті бүкіл түркі елі жақсы білген. Кейін біздің Мәуләнә, Құл Қожа Ахмет сопышылықтың алтын діңгегі десек болады. Сол кезде ислам діні біз арқылы қазіргі Түркияға жеткен. Бекташ, Мәуләнә, Руми барлығы да бізден кетіп, сол жақта өсіп-өнген. Ақырында біз өзіміздің ұлылардан қол үзіп қалдық. Біз мына орыс империясының тұсында өз ғұламаларымыздан мүлдем айырылып қалдық десек болады. Мына қазақ тілді кітаптарда Құл Қожа Ахметті Түркістанның маңындағы Сайрам деген жерде туылған дейді. Ойдан шығарылған дерек – Яссы атауын тілдік ұйқасқа негіздей отырып, Яссы жазығынан шыққан деп айтады. Бүгінгі Түркістанда, тіпті ОҚО-да Яссы-Жазы деген жер жоқ. Көптеген әдебиеттерді де ақтарып қарадым, барып та сұрастырдым. Ал Өзгөн шаһары Қарахандар тұсында бүкіл түркі халықтарының астанасы болған. Мәдениет пен әдебиеттің қайнары осы жерде болған. Сондай-ақ, Ахметтің заманында 30 том шариғатты жазған Имам Серахси да осы Өзгөннен шыққан. Сондықтан Құл Қожа Ахметтің шыққан жері сөзсіз Қырғызстанның Өзгөн шаһары. Сонымен қатар, Құл Қожа Ахметтің ұлты да қырғыз екенін нақтылай кету керек.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір