26 Ақпан, 2015 NEWS
Депутаттар парламентте жоғары жалақы үшін отыр ма?
Әлемдік дағдарыс пен мұнай бағасының арзандауныа байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қаржысын ұнемдеуді үкіметке тапсырыған еді, Елбасы тапсырмасына...
Әлемдік дағдарыс пен мұнай бағасының арзандауныа байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қаржысын ұнемдеуді үкіметке тапсырыған еді, Елбасы тапсырмасына сай үкімет бюджет туралы заң жобасын әзірлеп парламент түсіндіру барсында бәрін қолдап, ауылдағы мұғалым мен дәрігердің 40 мың теңгелік жалақысына қосылатын 4 мың теңгені қысқартудан мемлект қаржысын бірталй үнемдеуге болатынын білген депуттар өздерінің жалықысын қысқарту ешқандайда пайда әкелмейтін, қайта біздің “беделді” парламенттің құнын түсіретінін айтып қарсылықтарын танытты.
Біздің елдің депуттатарының аса белсенділігі өздерінің жалақылары туралы сөз болғанда қатты байқалады, естеріңізде болса өткен жылдың күзінде бұл кісілер бір ауыздан жалақыларының аздығын айтып шағымданған болатын, ал қаржылық тапшыылққа байланысты барлық жерде мемекет қаржысын үндемдеп жатқанда бұл кісілер жалақыларын қорғап белсенділік танытуы күмән туғызады екен, сонда сірә біздің елдің депутаттары парламентте тек жоғары жалақы алу үшін жүрме?
Неге дерсіздер? Себебі, елімізде қабылданған кейбір шикі жерлері мол заңдар мен ел ертеңі шешілер үлкен шешімдер қабылданып жатқанда өз пікірін білдірмей бас шұлғып отыратын, көрші мемлекеттің депутаттары мен басшылары мемлекеттік қауіпсіздігімізге қарсы сөздер айтқанда қарсы уәж айтуға шамасы келмейтін, ұлттың сөзін сөйлеген баспа сөздерді өзгелердің айтақшыларына талатып қоятын, мәжілісте отырып қазақты сауатсыз деп ел арасына ірткі салатын, өздері 500 мың теңгені аз көргенмен 50 мың теңгеге халық кәдімгідей күн көріп жатқанын білмейтін, керек десеңіз өз пікірін сағат сайын өзгертіп тұратын біздің депутаттарға парламентте ұйықтап отырып, бір батырманы басып қайту үшін жоғарғы жалақы төлеуі керек пе?!
Тұрдыбек ҚұрметханҚате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір