• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:00:01
Алматы
+12°

26 Ақпан, 2015 NEWS

Шыңғыс Ергөбек. Неге сайлау? Неге референдум емес?

Қазақстан Халқының Ассамблеясының ұсынысы бойынша кезектен тыс Елбасы сайлауы 2015 жылы өтуі жоспарланғандығы белгілі. Бұл Қазақстан үлкен саяси науқанның...

Қазақстан Халқының Ассамблеясының ұсынысы бойынша кезектен тыс Елбасы сайлауы 2015 жылы өтуі жоспарланғандығы белгілі. Бұл Қазақстан үлкен саяси науқанның алдында ғана емес, күрделі экономикалық кезеңді басынан өткеруге әзірлік үстінде екендігін көрсетті. Сайлау әдетте ресми биліктің рупоры қызметін атқаратын Ассамблеяға, демек биліктің өзіне не үшін керек?

Бұл сұраққа жауапты Ассамблея өкілдерінің өздері де бергендей. Әлемдік деңгейдегі экономикалық дағдарыс саябырсыды дегенмен оның алғышарттары жойылмады. Экономиканы саясаттың бір бөлігі ретінде қарастыратын АҚШ Үкіметі Ресейдің Украинадағы саясатына қарсылық ретінде мұнай құнын төмендету саясатын ұстанатындығын жасырмады. Демек мұнай құны тұрақты төменгі деңгейде сақталып қалады. Оның үстіне мұнай құнының жоғарылығынан сескенген мемлекеттер альтернативті энергия көздеріне үлкен мөлшерде мән беріп келе жатыр. Бұл саладағы жаңа технологиялар мұнай құнынан арзан энергия көздерін ашуға ықпал етуде. Яғни Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері секілді дәстүрлі мұнай өндіруші энергия үнемдеуші технологиялар саласындағы жаңалықты болдырмау мақсатында мұнай құнының төмендеуіне мүдделілігін жасырмауда. Бұл бұрынна ОПЕК елдері қолданып келе жатқан әдіс. Сланц мұнайы секілді өздерінің нарықтағы бәсекелестеріне қарсы бұл саясаттың қолданылуы альтернативті энергетика саласындағы зерттеулерге деген мұқтаздықты да төмендетеді. Демек, жақын арада мұнай бағасының өсуі екіталай.

Екінші маңызды себеп, Батыс елдерінің қолданған санкцияларының нәтижесінде Ресей рублінің бағамы күрт төмендеп кетті. Ресей біздің еліміздің ең ірі сауда әріптестерінің бірі екендігін ескерсек, онда Ресейлік тауарлардың Қазақстан нарығына кеңінен кіруіне қолайлы жағдай туып отырғандығын аңғарамыз. Алайда бұл жәйт біздің тауар өндірушілеріміздің бәсекеге қабілеттігін төмендетіп отыр. Ұлттық валютамыз тенгенің тұрақты бағамын ұстап отыру үшін бүгінгі күні Ұлттық Банк ай сайын шамамен 3-4 миллиард доллар көлемінде шығындап отыр. Яғни екі жақты ұтылыс айқын сезілуде. Біріншіден, ұлттық өндірушілердің бәсекеге қабілеттігі төмендесе, екіншіден мемлекеттің валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында интервенцияларының еліміздің алтын қорын төмендеп отыр. Үкіметтің кеңейтілген мәджілісінде Елбасы негізгі мақсаттардың бірі ретінде банк құрылымдары, ірі экспорттаушы компанияларға валютаның бір бөлігін Қазақстан валюталық нарығына салу керектігін басып айтты. Бұл валюталық тұрақтылық үшін керек. Дегенмен, шығыны ұлғайған ұлттық компаниялар бүгінгі күннің өзінде табысының көпшілік бөлігін жалақы төлеу үшін және салықтық міндеткерліктерін төлеу үшін онсыз да теңгеге аударып отыр. Демек, олар қаржылық ресурстарының негізгі бөлігін онсыз да теңгеге айырбастауда. Валюталық ресурстардың тапшылығын жабу үшін бұл механизм жеткіліксіз. Үшіншіден, Елбасы бүгінгі күннің негізгі мақсаты ретінде жұмысшыларды қысқартпауды өтінді. Бірақ, экономиканың өз заңдылығы бар. Тауардың бәсекеге қабілеттігі бірінші кезекте оның құнымен айқындалатындығын ескерсек, өндірушіде екі-ақ амалдың бар екендігін түсінеміз. Біріншісі, теңгенің құнсыздануы болса екіншісі, жұмыс орындарын қысқарту. Егер девальвацияда жақын арада орын алмайтын болса жұмысшыларды қысқарту жалғыз амал болары сөзсіз.

Осылайша, сайлауды уақытынан бұрын өткізу бірінші кезекте экономикамызда қордаланған мәселелерді шешуге тікелей ықпал ететіндігіне ешқандай күмән жоқ.

Сайлауға байланысты туындайтын келесі бір сауал неге сайлау неге референдум емес? Мұндағы ең негізгі себеп саяси науқан қорытындыларын заңдастыру болып табылады. Референдум демократиялық әдіс болғанымен бәсекелестікке негізделмегендіктен өзге елдер тарапынан сауалдар тудыруы мүмкін, ал айқын басымдықпен сайлауда жеңіске жету құқықтық сауалдар тудырмайды.

Осылайша ең маңызды саяси науқан сайлау нысанында өтетіндігіне ешқандай күмән жоқ.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір