• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:27:57
Алматы
+12°

«Қазақ хандығына 550 жыл» шығармашылық бәйгесіне

Бейсенбай Бекжан Кәленұлы

Бас суретте: 1754 жылғы карта "I-e Carte de l’Asie"

2

Издательский дом Блау-Карта Тартарии. Амстердам, 1640-70 гг. Гравюра на меди

Сенесіз бе, сенбейсіз бе? Орыстар осыған дейін айтып келген тарихының жалған екенін өздері мойындап, бас тартып жатыр.

Первый канал телевидения показал сюжет на эту тему, в котором президенту Путину была показана старинная карта Евразии и территория нынешней России, называемая в древности Великая Тартария.

Ресей президенті В. Путин бас болып, бұған дейін орыстар Алтын Орда әскерін жеңіп, түріктерден бостандық алдық деп жүрген 1380 жылғы Куликово шайқасын болмаған дегенге дейін барады.

Оларды  тыңдап отытсаң тіпті, адамның ақылына симайтын, бұған дейін айтып келген сөздеріне  қарама-қарсы пікірлер айтып жүр. Олар бұрыннан түріктердің ата қонысы болған Орталық Азияны-Еуропалықтардың Орта ғасырларда қолданған атауымен Ұлы Тартария деп атап, бұрыннан орыс жері дегенге дейін барады. Олар өздерінің, славяндардың гені I гаплогруппасына жататынын ұмытып, біз арийміз, R1a1 гаплогруппасының иелеріміз дегенді айтып жүр. Біз оқырмандарға түсінікті болу үшін бәрін басынан бастайық.

Орыс мемлекетінің бастауы Киев княздігінен басталады. Ал Киев қаласының негізін салған хазарлар.

Қазіргі деректер бойынша қазіргі Киев маңындағы алғашқы елді мекендер Көнекиев(Старокиев) тауында бұдан 1500-2000 жылдар бұрын пайда болған. Аңыз бойынша,  б.з. V ғасырдың соңы мен VI ғасырдың  басында  Днепрдің оң жағалауындағы биік жарқабақтан    ағайынды хазар жігіттері Кий,Щек,Хорив пен қарындастары Лыбедь қала салып, қалаға ең үлкені Кийдің атын береді. Қала Кийдің қаласы-Киев город аталады. Кейбір тарихшылар Киевті далалықтардың                                           (половцы) орталығы болды дейді.

X ғасырда Византия императоры Константин Багронародный Киевтің хазарша «Самватас»-«биіктегі бекініс» деген де аты болған дейді.

4

Кий, Щек, Хорив и Лыбедь основывают Киев

1982 жылы қаланың 1500 жылдығы арнайы  атап өтілді. Демек, қала б.з. 482 жылы салынған деп саналады.

Ал хазарлар деген кімдер? Енді соған тоқтала кетейік.

Хазарлар қазіргі Ресейдің оңтүстігінде көнеден келе жатқан халық. Гун империясы құрылғанда осы империяның құрамына кіреді.

Атақты Еділ патша (Атилла) құрған гүн империясы Еділ кенеттен қайтыс болған соң екіге бөлінеді. Батысы орталығы Рим қаласы болған Уархан мемлекеті болса, шығысы Хазар қағанаты деп аталады.

Жаңа құрылған Хазар қағандығы күшейіп, көршілеріне қауып төндіре бастайды. VI ғасырда парсы патшасы Кабад Ширванның солтүстігінде топырақтан үлкен қорғаныс шебін жүргізеді. Ал оның ұлы Хосрой хазарлармен шекарада қорғаныс қамалын салады.

Константин Багрянародный, Байер, Лерберттер хазарларды-түріктер деп атайды және хазар қаласы Саркелді-«ақ қонақ үй» деп аударады.

VI  ғасырда хазарлар: шығысында көшпенді түрік тайпаларымен, солтүстігінде финдермен, батысында болгарлармен шектеседі, ал оңтүстігінде олардың иелігі Аракс өзеніне дейін жетеді.

5

Бұл кезде орыс деген атау атымен жоқ. Орыс деген ат алғаш рет IX ғасырда пайда болады. Орыс деген атау бірінші рет Новгородқа варяг Рюрикпен бірге келген. Осы варягтардан шыққан князь Олег (кей деректерде нормандық Олег деп атайды) Киевті қулықпен басып алатын 882 жыл алғашқы орыс князьдығының құрылған жылы деп саналады.

VII ғасырда хазарлар ішкі тартыстан әлсіреген болгарлардың жерін тартып алады. Осыдан бастап хазарлар мен Византия империясы бетпе-бет келеді. Хазарлар Византияға үлкен қауып төндіреді. Византиялықтар хазарларға үлкен сый беріп тұрады, тіпті құда болуға да барады.  Император Константин Багронародный  хазарларға қарсы аландар мен оғыздарды пайдалануға тырысады. Ал император Гераклий Персияға қарсы күресте хазарларды өз жағына қосып алды.

638 жылы араб халифы Омар Персияны жаулап алып, көрші елдерді шабуылдады. Арабтарға қарсы соғыс хазарларға ауыр соққы болды. Хазарлардың астанасы Селиндерді арабтар жаулап алды. Тек қана арабтардың Болинджир өзені бойындағы жеңілісі хазарларды толық талқандалудан сақтап қалды.

Хазарлар қыста қалада тұрса, жазда далаға жайлауға шығып кететін болған. Селинджерді арабтар талқандаған соң олардың астанасы қазіргі Астрахань маңындағы Итиль қаласы болды.

VII-VIII ғасырларда хазарлар арабтармен 80 жылдық соғыс жүргізді. 737 жылы келісім жасалып, арабтар хазарларға ислам дінін қабылдауға міндеттейді.

Хазарлар оңтүстігінде сәтсіздікке ұшыраса, солтүстігінде жеңістерге жетті. Хазарлар 894 жылы оғыздармен одақтасып, Таврия аралының солтүстігінде тұратын печенегтер мен венгрлерді талқандайды. Ал одан бұрынырақ Днепропетровск бойындағы славяндарды бағындырып, олардан «үй басы салық» алады. Осылайша хазарлар   IX ғасырда күшейе бастады. Хазарлармен бірге солтүстікте жаңадан пайда болған,шашыраңқы славиян тайпалары да бірігіп күшейе берді.

Алғашқы болып орыс князі Олег хазар қағанатына қарасты кейбір бөліктерді бағындырады. Ал 966 жылы ( кей деректерде 969 жылы) Святослав Игоревич хазарлармен соғыста толық жеңіске жетті. Хазар қағанаты құлады.

Хазарлардың қалдығы біраз уақыт Каспий теңізі мен Кавказ тауы арасында өмір сүрді де, ақырында басқа халықтарға қосылып, араласып кетті.

Енді варягтар дегендер кім? Соған тоқтала кетейік.

Варягтардың кім екені туралы әртүрлі пікір айтылады. Нақты тегі анықталмаған.

Варягтарды: а) varg-«қасқыр», «қарақшы»;

б) wara-«ант беру», «ант», әскери ант беру;

в) var-«су», теңіз адамдары;

г) felag-көне исланд тіліндегі «викинг» сөзінің  славян тілінде бұрмаланып айтылуы, сияқты түсіндіретін пікірлер көп.

Бұл түсіндірмелердің ішіндегі «викинг» атауынан басқасының барлығы варягтардың  мінездемесі десе де болады. Олар соғысқа әбден машықтанған тіңіз қарақшылары болып суреттеледі.

6

Ал викингтер дегендер кім?

Викингтер (дат тілінде vikinger, швед. vikingar, норв. vikingene)- VIII-XI ғасырлардағы атақты скандинавиялық тіңізшілер. Қазір Американы ашты деп жүрген Колумбтан 493 жыл бүрын викингтер Лейф пен Бьярни америкаға жеткені анықталған.

Викингтер негізінен алғанда қазіргі Швеция, Дания мен Норвегия жерлерінен шыққан еркін шаруалар. Халықтың көбейіп, жерге тапшылық болуына байланысты туған жерден басқа жаққа кетуге мәжбүр болған. Діндері көне дін (язычники).

7

Викингтердің жорық жолдары

Швед және Балтық теңізі жағалауының  викингтері көнеорыс және византиялық деректерде  варягтар деген атпен шығысқа жорық жасаса, норвегтік және дат викингтері батысқа қарай жорыққа шығып, нормандар деген атпен белгілі болған.

Викингтер туралы көне скандинавия халықтарының аңыз дастандары (саги) көп. Оларды туған жерден тыс жерден жақсы өмір іздеген жұмыссыз, жалдамалы әскерлер (рыцарлар) деп түсінуге болады.

8

Д.С Лихачев аударған «Өткен заман жылнамаларында» (Повести временных лет) былай дейді:

9

«6370 (862) жыл. Алдымен салық төлеуден бас тартып, варягтарды теңізге қуып тастайды. Бірақ варягтар кеткен соң, халық бірін- бірі тыңдаудан қалды. Ата- атаға бөлініп, бір- бірімен соғыса бастады. Ақырында ақылдаса келіп, варягтардан князь  шақыртуға келіседі. Варягтардың русь, швед,норманн, англ және  готланд деп аталатын топтары болады. Теңіздің арғы жағындағы варягтарға, русьтарға барады. Русьтардан ағайынды үш варяг таңдалып, олар өздерімен барлық русьтерді ала келді. Ең үлкені Рюрик- Новгородқа, Синеус- Белозерге, Трувор- Изборскге билеуші болды.  Осы варягтардың атымен Русь жері деп аталды. Бұл осында тұратын негізгі халықтың аты емес, билеуші, сырттан келген Рюрик бастаған аз ғана варягтардың бұрынғы атауы болатын.  Ал  бұрынғы Новгородтықтар словендер болатын. Екі жылдан соң  Синеус пен Трувор қайтыс болып, бар билік Рюрикке тиді. Рюрик өз адамдарына қалаларды бөліп береді. Варягтар бұл жақта сырттан әкеліп отырғызылған. Ал байырғы тұрғындар: Новгородта словендер, Полоцкде кривичтер,Ростовта мерилер,Белозерскде весьтер, Муромда муромдар тұрды, ал бәрінің үстінен Рюрик билік жүргізді. Оның екі боярлары болатын. Олар өз туыстарымен Царградқа (Константинополь) сұранады.»

Рюрик өлерінде жүрекжұтқан батыр нормандық конунг Олегке Новгородтың билігін тапсырады. 882 жылы ол оңтүстікке жорық жасайды. Жолда Смоленск мен Любечті  бағындырып, Киевке келеді. Киевте бұл кезде Кийдің ұрпақтары хазарлық  князь  Аскольд  пен Дир билейтін. Олег оларды алдап қала сыртына шығарып алады да өлтіріп, қала билігін басып алады.

10

Аскольдтың моласы

Киевтің соңғы хазарлық княздері Аскольд пен Дир өлтірілген жерге қазір мазарат орнатылған.

Солтүстік және Оңтүстік Русьті біріктірген Олег енді ұлы князь деп аталатын болды. Нестор жылнамашы айтты дейтін: «Киев- орыс қалаларының анасы болсын!» деген сөз Олегке айтылған. Осы кезден бастап Киев көне орыс княздігінің астанасы болды.

907 жылы Олег Царьград (Константинопольға) 80 мыңдық әскермен табысты жорық жасайды. Осы жорық нәтижесінде Киев Русі үшін өте пайдалы, салықсыз сауда жасауға мүмкіндік беретін бейбіт келісім жасалады.

Ал 966 жылы ( кей деректерде 969 жылы) Святослав Игоревич хазарлармен соғыста толық жеңіске жетті. Хазар қағанаты құлады.

Швед және Балтық теңізі жағалауының  викингтері көнеорыс және византиялық деректерде  варягтар деген атпен шығысқа жорық жасаған.

Осының бәрін қорытындыласақ, русь (орыс) деген атау варяг-викингтермен бірге келген. Көне заман жылнамашыларының айтуынша, викингтердің русьтен басқа, швед, норвег, дат,англ, готланд және т.б. аталатын топтары болған. Осы аталған атаулар қазір бір- бір елдің аттарын алып отыр. Ал осы викингтерді шақырып, өздеріне билеуші сайлайтын қарапайым қара халықтар словендер (қазіргі атаумен славияндар) мен угрофиндер болатын.

Бұрынғы тарихта славияндар деген атау әсте айтылмайды. Бұрын князьдықтар аттары мен билеуші әулеттерінің аттары ғана айтылған. Славияндар, Шығыс славиян республикалары деген терминдер соңғы ғасырлардың жаңалықтары. Бұрынғы орыс тарихында Рюриктер әулеті кезеңі, Романовтар әулеті кезеңі деп бөлінетін.

Ал XX ғасырда Гитлер «таза қанды арийлер» деген ұранмен әлемді дүр сілкіндіргеннен кейін, орыс саясатшылары орыстарды арийлерге жатқыза бастады.

Ал қазір орыс саясатшылары «Ұлы Тартарияға» жармасып, орыс арийлердің гені R1a1 гаплогруппасына жатады деп, түркілердің ұлы мұрасына жармаспақ сияқты.

Бұл әрине нағыз ғалымдардың емес, саясаткерлердің шығарып жүргені.

Ал шындығы қалай? Енді осыны талдап көрсетейік.

(Жалғасы бар)

demeu2

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір