• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:31:51
Алматы
+12°

20 Ақпан, 2015 NEWS

Қанат Ислам: 1 науырыздағы жекпе жектің өтпеуі қаржының мәселесі емес

Кәсіпқой бокс саласында Америкада бақ сынап жүрген Қанат Исламды білмейтін қазақ кемде кем. Ұлт намысын ту еткен оғлан туралы бүгінгі тараған ақпарат талай...

Кәсіпқой бокс саласында Америкада бақ сынап жүрген Қанат Исламды білмейтін қазақ кемде кем. Ұлт намысын ту еткен оғлан туралы бүгінгі тараған ақпарат талай қазақтың жүрегін ауыртты.  Қауесеттің ауаны «Қанат Ислам 1 науырызда өтетін жекпе-жекке қаржының жоқтығынан қатыса алмайтын болған» көрінеді. Естеріңізде болса осыдан сәл бұрын Қанаттың ендігі кездесуі Мәскеуде өтетіндігі хабарланған.Қарсыласы Аргентиналық Гуидо Николас екендігі де жария болып еді.

kanat islam

«Қамшы» порталына сұхбат берген Қанат Исламның айтуынша, мәселе мүлдем қаржыға байланысты емес. Керісінше 1 науырыздағы кездесу ресейлік команданың қалауы бойынша шешіліп кеткен. Соған байланысты кейбір келісім-шарттар екі жақтың үддесінен шықпаған. Яғни Қанат пен оның командасының талап-тілегі мен пікірлері мүлдем ескерілмеген. Ал ресейліктер болса ақпаратты бәрін өз қалаулары бойынша шешіп тастаған кемшіліктерінен емес, «Қанаттың қаржысы жоқ» деген қауесетке әкеліп тіреген.  Мәскеудегі жекпе-жектің өтпей қалуындағы негізгі себеп – осы. Ал Қанат Исламға әуел бастан белгілі меценат, ұлт патриоты Бауыржан Оспанов басшылық ететін «Жер-Су» корпороциясы қаржылық демеу көрсетіп келеді. Сондықтан «Қанат қаржы жоқ болғандықтан жекпе жекке қатыса алмайтын болды деу» мүлдем шындыққа жанаспайды.

Қанаттан білуімізше, ол асылы алдағы 22-23 науырызда Колумбияда өтетін жекпе жекке дайындалып жүрген. Тіпті оған дейін Американың өзінде бір кездесу болуы да мүмкін. Ол туралы да келісімдер жасалып жатқан көрінеді.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір