• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:46:27
Алматы
+12°

14 Ақпан, 2015 NEWS

Мәжілістегі талқы: оралман сауатсыз ба, әлде, Мемлекеттік тілді білмейтін Вице-министр сауатсыз ба?(видео)

"Шетелдегі 5 миллионнан астам ағайынды алаңдатып отырған "Көші-қон туралы" заңды бүгін мәжіліске қазақ тілінде сөйлемек түгілі, түсінбейтін Денсаулық сақтау...

"Шетелдегі 5 миллионнан астам ағайынды алаңдатып отырған "Көші-қон туралы" заңды бүгін мәжіліске қазақ тілінде сөйлемек түгілі, түсінбейтін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі таныстырды. Дәулет Арғындықов оралмандардың азаматтық алуы туралы қазақша сауалдарды ұға алмай, оған депутаттардың орыс тіліне аударып беруіне тура келді", – деп хабарлады 31 телеарна жаңалықтары.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауыпсіздігі мен ұлттың болшақ тағдырына саятын бұндай маңызды мәселенің осылайша қарсылықтар мен кедергілерге ұшырауы зиялы қауымды үмітсіздендіріп отыр.  Енді бір жағынан, бұл заңды қабылдап, қандастардың оралуына даңғыл жол ашу – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы екенін біреулер ұмытып қалған секілді. Мүмкін әдейі болуы да ғажап емес. Бізде сол сюжетке орай оз пікірімізді білдіруді жөн көрдік.

Біріншіден, Қазақ тілін түсінбейтін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі ДӘУЛЕТ АРҒЫНДЫҚОВтың заң жобасын дайындауы мен ұялмай келіп өзге тілде таныстыруы - тіл мен ұлтты, мәжіліс пен мәжілісмендерді, қандастарды, қазақтарды қорлау. ҚР Ата заңын, ҚР Тіл туралы заңын, Азаматтардың Азаматтық құқын бұзғандық. Сондықтан ол Заң алдында жауап беруі тиіс.

Екіншіден, бір бөлім Мәжілісмендер "орыс тілін білмейтіндерді - сауатсыз санайды". Әйтпесе, Қандастарымыздың зор Инвестициялық капитал  мен адами капитал екенін білмеуі – саяси әрі азаматтық сауатсыздық болар еді. Мысалы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты САМИҒОЛЛА ОРАЗОВ "Қазақша айтқанда саны бар да сапасы жоқ. Келгендердің 70 пайызы жұмыссыздардың қатарын толықтырады. Олардың саны біз де онсызда 2 жарым млн нан асады" деді.

Үшіншіден, бір жыл ішінде азаматтық алуға міндеттеп, тағы да сергелдеңге түсіру мүмкін. Егер бір жыл ішінде азаматтық алмаса Ықтярхат пен басқа да жеңілдіктерден айырмақ.  Бұл туралы да бір депутат ұсыныс жасаған. Себебі, осылай болса, Оралман ағайындардың бұрынғы мекеніне бару-келуіне қиындық туып, белгілі мөлшерде дүние-мүліктері мен зейнетақыларынан айырылады. Бұл да халықаралық құқықтық нормаларды негізге алмай, жадағай шешім жасағандық болмақ.

 Төртіншіден, Аталмыш 2 анықтаманы: "Сотталмағаны туралы анықтама" мен "Өзі келген елінің азаматтығынан шыққаны немесе басқалай рухсат анықтамасын әкелу туралы анықтаманы " алып тастамаса, жаңа заң бәрібір қандастар үшін ешқандай пайдасыз болып қалмақ.  Себебі  Үкіметтің 111 нөмірлі қаулысы  Қытайдан оралатын қандастарымыздың Тұрақты тіркеуге тұруын заңдық тұрғыдан шектеп отыр. Айта кетейік, Қытайдағы қандастар жалпы қазақ ұлты санының  1/8-і, штелдегі қандастардың  1/3-і.

http://youtu.be/eagUGGo9pi0

Алтай Бұқарбаев

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір