• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:47:35
Алматы
+12°

Бейсенбай Бекжан Кәленұлы

(Жалғасы. Басы мұнда)

«Академик А.П.Деревянко басқаратын РҒА Сібір бөлімшесінің археология және этнография институтының ғалымдары Алтайдан бұдан (300-20) мың жылдар бойы, бұрын адамдардың тұрағы болған үңгірлерді тапқан. Әсіресе, б.д.д. 48 мыңыншы жылдары жасалған әшекей бұйымдар, сол заманда-ақ Алтайдың байырғы тұрғындары таң қаларлық жетістіктерге жеткенін дәлелдейді. Академик А.П. Деревянко

Мы обнаружили также фрагмент браслета и кольцо возрастом 45—40 тыс. лет. Если говорить о браслете, то для его изготовления применено несколько технических приемов: шлифование, сверление, полировка, которые были распространены в мезолите (10 тыс. лет назад), а найденные украшения древнее 40 тыс. лет, то есть вид, который их сделал, обладал высокими когнитивными способностями и умел уже очень многое

 

10 июня 2013 года названы лауреаты ежегодной государственной премии России в области науки и технологий. Лауреатом одной из премий стал директор Института археологии и этнографии Сибирского отделения Российской академии наук Анатолий Деревянко.
1 Он получил награду за открытия в изучении древнейшей истории человечества в Евразии. Отметим, помощник президента России Андрей Фурсенко так пояснил причины вручения награды Анатолию Деревянко: результаты, достигнутые российским ученым, обнаружившим останки ранее неизвестного вида ископаемого человека («денисовца») на Алтае носят прорывной характер и «реально меняют представления науки о том, как происходила эволюция, продвижение человека».

(planeta.moy.su/blog/sokrovishha_denisovoj_peshhery_uchjonye_dokazali_biblejskaja_istina_na_vse )

«Алтайдың байырғы тұрғындары Африканың «ақылды адамы» «хомо сапиенске» қатысы жоқ, осы Алтайдың өзінде қалыптасқан жергілікті тұрғындар» деген қорытынды жасаған.

1

Осы алтайлықтардың іздері араға 25 мың жылдай уақыт салып, б.д.д. 22-24 мыңыншы жылдары Сібірдегі Ангара мен Белый өзендері аңғарындағы Мальта, Бурет тұрақтарынан табылды. Осында табылған ғажайып сәндік бұйымдар, қару жарақтар, әйел және аққу бейнесіндегі құс мүсіндерін жан-жақты зерттеген академик А.П.Окладников бұл бұйымдарды жасаған түріктердің арғы бабалары екенін жазып кетіпті.

1

1

Б.д.д. 20-21 мың жылдықтарға жататын Сунгур өзені бойынан табылған мәйітханадан мамонттың тұмсығындағы мүйізді түзетіп жасаған найза, етікпен бірге тігілген шалбар, бас киіммен(капушон) бірге тігілген сырт киім табылған. Бұл киімдер былғарыдан тігіліп, мамонттың сүйектерінен істелген моншақтармен сәнделген.

2 2

Сунгур адамын зерттеген ғалымдар, бұдан 22-23 мың жыл бұрын өмір сүрген бабамыздың ақыл ойы, сезім қабілеті қазіргі адамдардан кейін болмағанын анықтаған.

   Одан әрі Якутиядан бұдан 10 мың, 14 мың, 30 мың жыл бұрынғы,   Таймырдан бұдан 6-7 мың жыл бұрынғы, Печорадан бұдан 20 мың жыл бұрынғы, тіпті Щпицберген аралынан тасқа ойып салынған киттің суреті мен бұдан 6 мың жыл бұрынғы адамдардың тұрағы табылған.

   Атақты мұхит зерттеушісі Я. Гаккель Арктида аралдық материгінің болғанын, бұдан 9-12 мың жылдар бұрын ол аралдар біртіндеп су астына кеткенін дәлелдейді.

   Грек аңыздарында «Гипербореялықтар аталған бұл халықтың өркениеттің шырқау шыңына шыққанын, зілзаладан кейін кемемен қашып құтылғанын » айтады.

   «Еуропаның Атлант мұхиты жағалауындағы елдерден олардың қалдырған іздері әліге дейін табылуда. Германия жеріндегі бір үңгірден неміс ғалымдары Еуропаның ең алғашқы тұрғындарының сүйегін тапқан. Жасы 7500 жыл деп анықталған бұл сүйектің ДНКсын тексергенде олардың түріктерге келетінін анықтаған». Жерорта теңізі аумағында ең алғашқы өркениеттің негізін қалаған осы Гипербореялықтар-атланттар-түріктер.

 2

2

Б.д.д. XIV ғасырда Египетті билеген Тутанхамон перғауынның ДНК-сын анықтап, R1b1a2 гаплогруппасына жататыны анықталған.             Ғалымдардың айтуынша гаплогруппа R1b тобының басында тұрған еркек бұдан 16000 жыл бұрын R1 тобына жататын адамнан орталық Азияда туылған. Бұл гаплогруппа өкілдері батыс Еуропаға б.дәуірімізден жеті мың жыл бұрын келіп қоныстанған дейді ғалымдар. Қазір осы гаплогруппаға жататын адамдар Испания мен Франция жерінде тұратын баск халқының 88,1%-ін, итальяндықтардың 40%-ін, қазір Англия құрамына кіретін Уэльс, Ирландия халықтарында 90%-ке дейін, бельгиялықтарда 63%, норвегтерде 25,9%-і құрайды.

   Басқаша айтсақ,

Египет жеріндегі пирамидаларды салған ежелгі египеттіктер де,

суда жүзуден алдына жан салмаған финикиялықтар да,

италия жеріндегі ең алғашқы өркениеттің негізін қалаған этрусклер де, қазіргі Испания жеріндегі ежелгі Тартестің тұрғындары-баск халқы да, Англия жеріндегі көне мегалиттерді-Стоунхеджді салған халық та, бәрі сол атланттар-гиперборейліктер-басы Алтайдан шыққан ТҮРІК халықтары.

   Әділ Ахметовтің «Түбі түркі өркениет» атты кітабында мынандай дерек бар: «Бір ескі кітапта жазылған материал бойынша, б.з. 668-1175 жылдары аралығында қазіргі Мексика орналасқан жерге лек-лек моңғолтектестер келіп қоныстанған.

Олардың бұрынғы мекені су бойына жақын орналасқандықтан Анахуак (Су бойы) болып аталған. Теңізден өтіп келген соң әлгі моңғолтектестер жаңа мекендеріне өздерінің байырғы жер-су атауларын беріп, оларды да Толлан, Тула деп атай бастаған. Кейінірек ол өңір де су бойына жақын орналасқандықтан Анахуак болып аталып кеткен, себебі ол заманда қазіргі Мехико қаласы орналасқан жерде шалқар көл жатқан. Ал көлдің жағасын жайлаған халық өздерін нахуатлактар деп атаған және өздерінің о баста Ацтланнан келіп қоныстанғанын, жеті тайпаға бөлінетінін тарих қылып айтатын. Нахуа тілінде сөйлейтін халық өздерін нахуатлактар деумен қатар байырғы отаны Ацтланмен байланыстырып, ацтектер деп те атаған.»

   Ғалымдар түрік тілдерімен ұқсас сөздерді юто-ацтек тобына кіретін папаго, хоупи, тарахумара, ацтек (нахуа) және олармен туыстығы дәлелденген майя, кечуа, сиу сияқты тілдердің лексикасынан көптеп кездестірген.

   Осы халықтардың тіліндегі байырғы отандары Ацтлан, грек, египет тілдеріндегі Атланттың тілдік ерекшеліктеріне байланысты бұзылып айтылуы сияқты.

   Ацтлан -Атлан-Атлант-Атлантида-Атланттар елі.

 

     Атлантида туралы ең алғашқы жазба дерек б.д.д 428- 348 жылдары өмір сүрген ежелгі грек философы Платонның «Тимей» және «Критий» атты еңбектерінде кездеседі.

 2

                               Платон мен Аристотель.

Рафаэлдің «Афина мектебі» картинасынан алынған. 1509 жыл

Египет абызының сөзі: «Гераклдің бағаналары (қазіргі Гибралтар бұғазы) деп аталатын шығанақтың алдында арал болған. Ал ол аралдан басқа аралға өту, ал ол аралдан сол теңізді қамтитын қарама- қарсы құрлыққа (қазіргі Америка құрлығы) өту сол кездегі саяхатшыларға оңай еді.

     Атлантида деп аталатын осы аралда басқа да аралдарға және құрлықтың жартысына билігі тараған таңданарлық ұлы патшалардың одағы пайда болды. Сөйтіп олар бұғаздың бергі жағында Ливиядан Египедке дейін, Европадан Тирренияға дейін иеленді.

Бірақ кейінірек көз көрмеген жер сілкіністері мен топан су уақыты келген кезде, бір ғана сұм тәуліктің ішінде Атлантида тұңғиыққа батып жоқ болды». Бұл Платонның қалдырған дерегі.

   Осы, басы Алтайдан шығып, б.д.д. 14-12 мыңжылдықтарда солтүстіктегі Гаккельше Арктида, көне гректерше Гиперборея, египет абызының тілінде Атлантида аталатын Еуразиядан Америка құрлығына дейін созылып жатқан аралдарға жеткен түрік тайпалары, жоғары өркениетке қол жеткізеді.

2

   Б.д.д. 10 мыңыншы жылдары басталған зілзала кесірінен Атлантида аралдары суға кете бастағанда олар үшке бөлініп қалған. Негізгі бөлігі ата қоныс Орталық Азия, Сібірде қалса, бір бөлігі Атлантида мұхитымен жүзіп келіп Батыс Еуропаның атлантикалық жағалауына, одан әрі Гибралтар бұғазы арқылы Жерорта теңізіне еніп Атланттар аталады. Ал Америка құрлығында қалғандар Атлант-Ацтланнан келгендер- ацтектер, Туладан келген-тольтектер, майялар, сию, кечуа халықтары деп аталады.

Осы Америкалық атланттардың бір топтары Америка құрлығын бойлай жүзіп Антарктидаға да жеткен. Антарктидада Мод королдігі, т.б. аталған өркениетті жасаған, пирамидалар да салған осылар. Кейіннен климат ауысып, Антарктида мұз астында қалғанда Америка құрлығына қайта оралған сияқты.

Америкалық үндістердің түрік текті халық екені сыртқы түр келбетімен де, алла тағаланың түріктерге салған ерекше тектілік белгісі-жаңа туған нәрестенің құйымшағында болатын алақандай көкшіл дағымен де, тілімен де дәлелденген. Олардың өлікті жерлеу салт-дәстүрі де, патшаларына қорған, пирамидалар орнатуы да ұқсас. Тіпті бұдан 12-10 мың жылдай бұрын аралары бөлініп қалғанына қарамастан жазуларында да ұқсастықтар табылуда.

Америка құрлығындағы Боливия мемлекетінің Алтын музейінің дәл ортасына қыш құмыра қойылыпты. Көргендер таң қалады. Ылғи алтынның ортасында қыш неге тұр? Себебі, құмыраның іші де, сырты да жазу. Шумер жазуы! Жердің қарама-қарсы бетінде жатқан екі ел арасында қандай байланыс болған?...Бұл қыш құмыраның құны кез келген алтыннан қымбат екені енді түсінікті шығар.

2

Еуропаның қақ ортасындағы Румынияның Тэртэрий (рум. Tartaria) мекенінен археологтар 1961 жылы үш алақандай қыш тақтайша тапқан. Жазулары шумер жазуы. Таңқаларлығы қыш тақтайшалар осы жерде жасалып, пайдаланылған.

 2

Радиоуглеродты анализ қыш тақтайшалардың жасын б.д.д. 5500 жыл деп анықтады.

Бұған дейін б.д.д. 3100 жылдары пайда болған деп жүрген шумер жазуы ең көне жазу деп есептелетін. Ал Тэртерий жазуы шумер жазуынан 2400 жылға кәрі болып шықты.

Алғашқыда Тэртерий жазуын ашқан ғалым Н. Влассуды археологиялық қатпарды ауыстырған деп айыптап, академик атағын алып тастаған.

Москвалық шумеролог Анатолий Кифишиннің «шумер жазуы да, Тэртерий жазуы да ортақ бір жазудан тарайды» деген мәлімдемесіне ешкім де назар аудармайды.

Кейіннен Румыния, Болгария, Югославия, Венгрия аймақтарынан көптеген көне өркениет ошақтары, олармен бірге жазулар табылды. Винча өркениеті, Лепендік Вир өркениеті аталған бұл өркениет ошақтарынан табылған жазулар Шумер жазуынан бұрын пайда болғаны анықталды.

XX ғасырдың басында Югославия, Болгария жерінде Винча өркениеті табылғанда Еуропалықтар қандай қуанды дейсіз. Себебі, Винча жазуы бұған дейін әлемдегі белгілі ежелгі жеті жазудың ішіндегі ең көнесі шумер жазуынан(3100ж. б.д.д) төрт ғасырға жуық (б.д.д 3470ж. Винча жазуы пайда болған) көне болатын. Бірақ, тексере келгенде бұл жазу Еуропалықтарға емес, түркі тектес этруск халқының жазуының бастапқы кезеңі екені дәлелденді.

 2

Радивое Пешичтің зерттеуі бойынша Винча жазуының негізгі таңбалары.

Ал Лепендік Вирден табылған жазулар одан да көне болғанымен, этруск және Винча жазуының бастапқы кезеңі екені анықталған соң еуропалық ғалымдардың қызығушылығы болмай қалды.

2

                                            Тас Мола. (Каменная Могила)

Запорожьенің Азов теңізіне баратын жолдағы Мелитополь ауылы маңында, бұрынғы Сармат теңізінің табаны аумағында орналасқан бұл алып тасбақаға ұқсаған тастардың үйіндісі туралы аңыз тіпті көп. Солардың бірі жергілікті ноғай халқының аңызы: «Аллах өзіне Богур есімді алып батырды шақырып алып, оған жақын маңдағы таудан тас тасып, төбесіне шыққанда айналадағы кең дала анық көрінетіндей етіп биік төбе жасауды бұйырады. Богур батыр біраз еңбектенгеннен кейін бұл «құдайдың бақылау алаңын» салып біткенше өте көп еңбектену керек екенін түсінеді де, қулыққа басады. Ол тастардың арасын ашық қылып қоя бастайды. Енді жұмысы жылдамырақ жүреді. Бірақ, келесі бір тасты төбенің басына көтеріп келе жатқанда аяғы тайып кетіп, тастардың арасындағы қуысқа құлап кетеді. Жаратушының өзін алдамақшы болған Богур осылайша тастың арасында қалып қайтыс болады. Осылайша тастардың үйіндісі Богур Даг (Богурдың мүрдесі) деп аталады.

Осы тас моланың ішкі беттеріндегі суреттерді және аңыздарды зерттеген кейбір ғалымдар «Богур туралы аңыз-адамзатқа отты силап, осы мүрдеде өзінің мәңгілік тыныштығын тапқан «далалық Прометей» туралы» көне аңыздың бір жаңғырығы деп есептейді.

2

1837 жылы орыс академигі П.И.Кеппен төбені зерттеп, былай деп жазыпты: «...бетін шөп басқан тас қабырғалардың арасынан ені 2-3 аршын болатын дәліз тәрізді кеңістік көрінеді. Осы жерде бұрын үңгірге кіретін тесіктің аузы болған.» Академикке жол көрсеткен қойшы бала кезінде осы тесіктен кіріп, қабырғадағы жазуларды көрген. Бұл тесік 1822 жылы құммен бекітіліп тасталған.

1890 жылы Приазовьеге атақты археолог, профессор Н.И.Веселовский келеді. Ол Тас Моланы скиф патшасының моласы болуы мүмкін деп тексеру жүргізеді. Бірақ, ешқандай мүрде таппайды. Далалық Запорожьенің Үлкен Знаменка ауылына жақын жерден 18 метрлік Солоха қорғанын қазып, одан кейін аты әлемге белгілі болған скифтердің алтын тарағын (гребень) тапты.

 2

Тас моланы тұрақты зерттеу 1932 жылы басталды. Археологтар осы маңнан көптеген адамдардың көне қоныстарын тапты. Олардың жасы б.д.д. VIII мыңжылдыққа жататыны анықталды. Ғалымдардың анықтауынша, Тас Молаға адам жерлемеген, ол жер құдайларға сиынатын орын болған.

2

Тас Моланың ішкі жолдары мен залдарының барлық қабырғалары, төбелері мыңдаған суреттерге толы. Суреттер әр түрлі. Жануарлардың суреттері, адам аяғының суреттері, көптеген тігінен және көлденең сызылған сызықтар, дәңгелектер, ромбиктер, квадраттар, кресттер түрінде де кездеседі. «Сиқыршының үңгірі» аталған бөлмеден балықшы ауы мен лабиринт сияқты суреттер де кездеседі.

Әсіресе, арбаның, дөңгелектің, соғыс арбасының көптеген суреттері бұл суреттердің иелері далалықтар деген ойға жетелейді.

50- нші жылдардың басында осы жерде Мелитополь ГЭСін салмақ болады. Ғалымдардың қарсылығынан кейін, құрылыс орны өзгертіліп, Тас Мола аман қалған.

Ал одан бірнеше жыл бұрын Кахов сужинағыш тоғанын салып, «Запороженің Стоунхеджі» аталған көне қала су астына кеткен. Бұл кезінде Геродот баяндаған ғажайып ел Гилеяның орны-көне қала Курцемель болатын. Адамзаттың ең көне тарихының сырын ашатын мыңдаған тарихи ескерткіштер су астында қалды.

Ғалымдар Тас Моладан 12 жаңа қуыс бөлмелер мен үңгірлер тапты.

Тас Моланы ұзақ жылдар зерттеген археолог Юрий Шилов «бұдан 8200 жыл бұрын жер бетіндегі жазу системасын жасап шыққан жер жыртушы-араттардың әлемдегі бірінші өркениеті табиғи зілзала кесірінен Азов-Қара теңіз суларының астында қалған. Бұл өркениеттің сиынатын храмы, бас мәдени және рухани орталығы осы Сүт өзенінің үстіне салынған Тас Мола болатын.» дейді.

1994 жылы Анатолий Кифишин жүзден аса тексті оқып, дешифровка жасайды. Текстердің көпшілігі шумерлердің әлемнің пайда болуы мен құдайлардың өмірі туралы «тоғыз қасиетті діни жазбалардың» аңыздарын қайталайды екен.

Қазіргі кезде Тас Моланың төрт құпия қуыстарында сақталған 160 жазуы бар тас таблицалар мен бөлмелер мен үңгірлердің төбелері мен қабырғаларында табылған 130 жазуы бар панно табылған. Тас Моладағы пиктографиялық (суретпен жазу) жазулар шумерлердің сына жазуларына дейін қолданған жазуларына өте ұқсас. Әрі сөйлем құрау мәнері де, тіпті құдайлардың есімдері мен сандары да бірдей.

Анатолий Кифишиннің жарты ғасырлық зерттеуінің нәтижесінде 2001 жылы жарыққа шыққан «Тас Мола көненің киелі орны. Б.д.д. XII-III мыңжылдықтардағы протошумерлердің мұрасын дешифровка жасау тәжірибесі» деген монограммасы тарихшылар үшін өте құнды еңбек болды. А.Кифишин осы еңбегінде «Қазірше басқа дереккөздері табылмағандықтан, Тас Моланы әлемдегі ең көне жазудың ең көне мұрағаты деп есептеуге болады» дейді.

Ғалымдар «шумерлерді Месопотамия аймағына Украйнаның Азов теңізі жағалауынан Дунай бойы арқылы барған» деп есептейді. «Кейіннен Румыния жеріндегі Триполи (Румындар Кукутань деп атайды) мәдениеті аталған өркениетті салған да осы халық» деп есептейді Ю. Шилов.

О чем говорят петроглифы Каменной Могилы

Источник: А. Кокотюха, В. Скляренко, В. Сядро, П. Харченко. 50 знаменитых загадок истории Украины. — Харьков : Фолио, 2010.

Шумерлер мен Украйна жеріндегі Тас Моладағы мәдениеттерді салған халықтардың ұқсастықтары көп:

  • Өзендер мен қалалардың аттары екеуінде де бірдей.
  • Құдайларының аттары да бірдей.
  • Құдайларға сиынуы мен діни рәсімдері де бірдей.
  • Тұрмыстағы сәйкестіктері де өте көп.

А. Кифишин өзіне аударманы (дешифровка) қате жасады деп айыптамасын деп басқа атақты шумерологтарды да шақырады. Олардың да нәтижелері бірдей болып шықты. Бірақ бәрібір Еуропа ғалымдары бұл туралы ашық айтқысы келмейді.

(Н. Лан. Источник «X-Files. Секретные материалы 20 века. Досье.»)

                                                         - - -

Америка «үндістерінің» ішінде жан-жақты дамыған бірегей жазу жүйесі тек майяларда болған. Ғылымда бұл XVI ғасырдан мәлім. Алайда одан бері төрт ғасыр өтсе де майя иероглифінің астрономия мен күнтізбелерге қатыстысы болмаса, басқасы бәз қалпында күні бүгінге

                                           2

                                               Майя календары

 

дейін сыры ашылмаған жұмбақ күйінде мызғымай тұр

Майялардың астрономиялық есептері дәлдігі жағынан алдына жан салмағаны байқалады. Тіпті бүгінгі заманның ең озық астрономиялық технологиялары және ең ұшқыр телескоптарымен қаруланған астрономдар да майялардың математика ғылымын соншалықты терең меңгергендеріне таңдай қағады. Мәселен, майялардың Ай мен Күн, Жер мен Шолпан немесе Үркер топ жұлдыздарының циклдарына қатысты есептерінің бүгінгі астрономдардың қол жеткізген нәтижелерінен асып түспесе ешбір кем емес екендігі майя ғылымы мен білімінің аса жоғары деңгейде болғанын толық дәлелдейді.

Ғалымдар майялардың әр қилы мақсаттар үшін пайдаланатын 17 түрлі күнтізбе жүйесі болғанын ашып отыр. Алайда солардың ішінде ең жиі қолданылатын үш әмбебап күнтізбесі ерекше назар аударады.

   Үшінші күнтізбе-майялардың «Ұзын есеп» деп аталатын миллиондаған жылдардың аумағын қамтитын жүйе. Бұл күнтізбе бойынша, Ұзын есеп біздің заманымыздан 3113 жыл бұрын басталып, 2012 жылдың соңына дейінгі кезеңді қамтыды. Майялықтар сол замандарда-ақ 2012 жылғы желтоқсан айының 21-ші жұлдызында біз тіршілік етіп отырған ғаламшарда тарихи бетбұрыстар мен ұлы өзгерістер басталатынын алдын ала болжап қойған. Алайда әлгі құбылыстардың бүге-шігесі біздерге толық жетпей қалған.

                                              - - -

Б.д.д. 24-22 мыңжылдықтарға жататын Сібірдегі Мальта, Бурет тұрақтарынан табылған өркениеттің иелерін ғалымдар түріктердің арғы бабалары деп мойындаған. Осында табылған заттарды зерттеген ғалымдар сол кездің өзінде олардың астрономиядан, астрологиядан жоғары жетістікке жеткенін дәлелдеді.

           Мальта мүрдесінен табылған астрономиялық құралдар.

1929 жылы Иркутскден 80 км жердегі Мальта ауылына жақын жерден палеолит дәуіріне жататын, тас жәшікке жерленген жас баланың мәйіті табылды. Сәбидің бір ерекшелігі- екі қатар тісі болған. Сондықтан болар сәби ерекше құрметпен жерленген. Моладан көптеген бағалы заттар табылды. Солардың ішінде ғалымдардың назарын ерекше аударған 4 зат болды:

  • Салпыншақтары бар алқа.
  • Белдіктің тоғасы
  • Кішкентай таяқша
  • Трапеция бейнелі тақтайша.
2

Қазір Эрмитажда сақтаулы тұрған бұл көне дүние жәдігерлерін жан-жақты зерттеген ғалымдар сол заманның өзінде Мальталық бабалар күн календары, ай календары, планеталардың циклы, ай, күн тұтылу периоды сияқты астрономиялық есептеулер жүргізгенін анықтаған.

Алқа мен белдіктің тоғасындағы ойықтар адамның ұрығынан сәби дүниеге келгенге дейінгі есептеулерге пайдаланылса, таяқшаға шекілген белгілер күн тутылуын есептеуге және т.б. астрономиялық есептеулерге пайдаланылған.

2

Бұл тақтайшаның артқы бетіне үш жылан бейнеленген. Ал жылан түріктерде тылсым құпияның сырын ашу-терең білімнің белгісі. Ежелгі грек аңыздарында медицинаның атасы- гипербореялық Асклепийдің ерекше белгісі жылан. Көне түркі аңызы бойынша да темір игерудің құпиясын үйрететін «Жылан қайыс» аңыз, салт-жоралғысында да жылан басты тұлға.

Осындағы ортадағы үлкен орамдағы ойықтардың санына 243 шеткі орамдардағы ойықтардың санын 122 қосу арқылы күн календарын 243+122=365 шығарады. Осы орамдардағы ойықтарды пайдалану арқылы түрлі есептеулер жүргізген дейді ғалымдар.

 

                               Күн системасының картасы.

Әлемнің гелиоцентристік картасы (1жыл=365 күн) уақыттың гелиоцентристік бейнесінде (күн/шолпан/ай=жер=марс/юпитер/сатурн), уақыттың саросша есебімен (1сар=486 жыл)

2 2

Көне замандағы ғалымдардың математика, астрономия, астрология, геникология саласындағы жетістіктерін (rudocs.exdat.com/docs/index-137881.html?page=6) сайтынан толығырақ оқи аласыздар.

Осының бәрін қорыта келе айтарымыз, бұдан 24-26 мың жыл бұрын өмір сүрген бабалар сол кездің өзінде тек жер бетін ғана емес, алыс аспан әлемін зерттеп, керемет жетістіктерге жеткен. Ғалымдардың айтуынша Мальта тұрғындары да Майялық туыстары секілді әртүрлі мақсатта түрліше календарлар қолданған.

                                                   ---

Енді осы мәліметтерді жинақтап, бұдан 6000 жыл бұрын мұз басып қалған оңтүстік полюстегі Антарктиданың картасы мен бұдан 12000 жыл бұрын су астына кете бастаған солтүстік полюстегі Арктиканың картасын жасаған кімдер деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Еуропалықтар Колумб Американы ашқанға дейін тіпті Индияға баратын жолды да білмейтін. Кейбір зерттеушілер Колумб көне картаны пайдаланған деген дерек те келтіреді. Бірақ еуропалықтар Колумбты Америкаға Индияны іздеп адасып барды дейді. Нақты белгілісі түріктер мыңдаған жылдардан бері сауда жасап, барып-келіп жүрген Индияны білмейтін еуропалықтар әлемнің картасын жасауы еш мүмкін емес. Мұны америкалық ғалымдар ашық айтып отыр. Хэпгуд пен Стрейчан Оронтей Финейдің картасы да, Меркатордың картасы да көне карталардан көшірілген дейді. Ал Пири Рейстің өзі картасын көне карталардан көшіргенін ашық жазып кеткен.

  • Бұдан 6000 жыл бұрын мұз басып қалған Антарктиданы сол заманда өмір сүрген, әрі өркениетінде сондай карта сыза алатындай жоғары деңгейге қол жеткізген адамдар сызған;
  • Бұдан 12000 жыл бұрын су астына кете бастаған Арктикадағы аралдардың түрлі кезеңдердегі картасын жасаған адамдар да сол кезеңдерде өмір сүрген, әрі көзбен көрген жоғары өркениет иелері;
  • Бұдан 6000 жыл бұрын Антарктидада өмір сүрген адамдар мен бұдан 12000-8000 жыл бұрын солтүстік полюстегі Арктикада өмір сүрген адамдардың бір-бірімен жақсы байланысы болған. Себебі, Пири Реистің картасында Арктикадан Антарктидаға дейін баратын теңіз жолы көрсетілген. Чарлз Хэпгуд тіпті Антарктиданың тұрғындары Солтүстіктегі Арктикадан келген деген қорытынды жасайды.
  • Пири Рейстің картасындағы теңіз жолы Америка құрлығын жағалап Антарктикаға дейін жетеді. Оның үстіне Оңтүстік Америка құрлығының төменгі шегі көне карталарда Антарктикаға жалғасып жатыр десе де болады.
  • Осы көне заманның картасын жасаған адамдардың Қытай жерімен байланысы болған. Себебі:

а)Пири Рейстің, Оронтей Финейдің карталарын қытай жерінен 1137 жылы табылған, тасқа шекіп салған картамен салыстырған Чарлз Хэпгуд олардың бірдей екенін анықтап, осындай қорытынды жасаған;

б) Қытай жерінен б.д.д. 2250 жылы жазылған делінетін, Америка құрлығына саяхатты суреттейтін көне кітап табылған. Кітапта Америка құрлығының көрнекті жерлері өте дәл суреттеледі.

Еуропаның ең көне өркениеті делінетін гректер б.д.д. 620-555 жылдары өмір сүрген скиф Анақарысты зәкірді ойлап тапқан дейді. Бұл- гректер бұған дейін теңізде жүзуде артта қалғандығын білдіреді.

   Шығыс Азияның көне өркениеті делінетін Қытай тарихшылары өз тарихын б.д.д. бірнеше ғасырдан ғана бастайды. Қытай жеріндегі бұдан 5000 жылдан аса бұрын салынған пирамидаларға ханзу(қытай) халқының еш қатысы жоқ екенін қытай ғалымдары мойындайды. Сол сияқты қытай жеріндегі тасқа шекіп салған картаны жасағандар да, Америка құрлығына саяхат жасағандар да қытайлар емес. Қытай жеріндегі көне монастырлардағы 5000 жылдан аса бұрын жазылған көне өте құнды кітаптарды өртеп жіберген қытайлар, ол кітаптардағы тарихи шындықты да жасырғысы келеді.

Еврейлер үшін Израйлдің атақты патшасы Сүлеймен мен Тирдің патшасы Хирам ұйымдастырды делінетін Қызыл теңізден шығып Үнді мұхитымен Индияға жасалған саяхат үлкен жетістік саналады. « Алтынға өте бай Офир еліне саяхат» туралы Библияда жазылады. Онда да бұл саяхатты жасаған еврейлер емес, атланттардың ұрпақтары финикиялықтар.

   Орыстар 10 000 жылдық тарихы бар, кезінде Геродот аңыз қылып жазып кеткен Гилея елінің қалдығы-көне қала Курцемельді су астына қалдырған. Себебі, ол орыс тарихына қатысы жоқ, керісінше орыстар сонша жасыратын түріктердің көне тарихын паш ететін.

Әрине, қазір қалыңдығы 1500 метрге дейін жететін қалың мұз астында жатқан Антарктиданың бұдан 6000 жыл бұрынғы тұрғындары туралы деректі археологтар да, генетиктер де аша алмасы сөзсіз. Бірақ Антарктидаға Америка құрлығы арқылы жеткенін ескерсек, олардың ізін Американың байырғы тұрғындары арасынан іздеуге болады. Табиғи зілзалалардың әсерінен мұхиттағы аралдардан қайықпенен қоныс аударған оңтүстік Американың кейбір халықтарының аңыздарын ағылшын ғалымы Джеимс Черчвард жазып алған.

« Америка «үндістерінің» ішінде жан-жақты дамыған бірегей жазу жүйесі тек майяларда болған. Ғылымда бұл XVI ғасырдан мәлім. Алайда одан бері төрт ғасыр өтсе де майя иероглифінің астрономия мен күнтізбелерге қатыстысы болмаса, басқасы бәз қалпында күні бүгінге дейін сыры ашылмаған жұмбақ күйінде мызғымай тұр» дейді ресми дерек.

Майялардың астрономия саласындағы керемет жетістіктерін жан-жақты талдап, математика саласындағы жетістіктерін өз пайдаларына пайдаланып, қажет кезінде көне аңыздарын да оқып жүрген (мысалы Д.Черчвард) еуропалықтар, майя иероглифтерінің астрономия мен күнтізбеге қатыстысынан басқасының сыры ашылмаған деп сендіргісі келеді.

Ал еуропалық «Ұлы картографтар» бұдан 8000-12000 жылдар бұрын жойылып, су астына кеткен аралдардың картасын Еуропалық орта ғасырлық білім деңгейімен салу мүмкін емес екеніне қарамастан өз атынан салып, тіпті қазір жоқ аралдың атын да дәл көрсетеді.

Америка құрлығында қатардағы қызметкер есебінде бірнеше рет қана болған Америго Виспуччи «Еуропа мен Жапонияның арасын Атлант мұхитынан басқа тағы бір материк пен мұхит бөліп жатыр» деген керемет жаңалық ашады. Оны қайдан білді? Ең кереметі шала сауатты ұсақ саудагердің сөзіне бәрі оп-оңай сене салады.

Осының бәрі ақылға симайды, сондықтан да көңілге күдік ұялатады.

Америкалық ғалымдар Хэпгуд пен Стрейчан дұрыс айтады, еуропалық картографтар бұл карталарды көне карталардан көшіріп алған.

   Сонда ол карталарды олар қайдан алуы мүмкін? Хэпгуд карталарды сферойдтық геометрия тәсілімен тексеріп, карталарды проекциялағанда орталық Кайр қаласы маңына келетінін, басқаша айтсақ көне картаны Египет жерінде жасағанын айтады. Ал Пири Рейстің, Герард Меркатордың, Оронтей Финейдің карталарында барлық географиялық бірліктер дұрыс көрсетілгенімен, масштабтарында қателік барын анықтаған. Бұл бұрынғы көшірілген көне карта мен жаңадан сызылған карталардың центрлері мен масштабтары тура келмегендіктен болған деген қорытынды жасаған.

Сол сияқты көне карталардың қытай жеріндегі монастырлардағы көне манускриптер арасынан да шығуы мүмкін. Тасқа шекіп карта салған адамдар, манускриптерде неге карта салмасқа?

Ал ең негізгісі, көне карталардың америкалық майя жазбалары арасынан табылуы мүмкін. Антарктиданың байырғы тұрғындары осы Америка құрлығына қоныс аударған болуы керек. Ал Антарктиданың көне картасын тек сол халықтан шыққан ғалымдар ғана сала алады. Америка құрлығында бірнеше рет болып келген Америго Виспуччи өз жаңалығын Америкадан алып келгені сөзсіз. Америго Виспуччидің қолына Америкада майялардың көне жазбалары мен әлемнің картасы түскен сияқты.

Герард Меркатордың да қолына осындай көптеген карталар түскен болса керек. Оның үстіне Герард Меркатор дүниеге келген Нидерланды жері көне атланттардың жері болып табылады. Ғалымдар қазіргі Белгия халқының 63%-інің гені R1b1a2 гаплогруппасына жататынын анықтаған. Бұл гаплогруппа иелері көне атланттардың ұрпақтары. Герард Меркатор гимназияда көне тілдерді оқып үйренген. Демек ол көне жазбалардағы жазуды оқып, түсіне алған. Герард Меркатордың ұлы Рудольф Меркатор өзінің 1595 жылы жариялаған «Солтүстіктегі Жерлердің» картасында әлдеқашан жер бетінен жойылып кеткен аралдардың көне аттарын да дәл көрсеткен.

   Енді, осы мәліметтерден қорытынды жасайық;

  • Бұл карталарды жасауға қазіргі еуропалықтардың да, қытайлардың да, еврейлердің, орыстардың да еш қатысы жоқ;
  • Хэпгудтің зерттеуінің нәтижесі бойынша ертеде Антарктидада қоныстанғандар солтүстіктегі Арктикадан келген. Олардың кейіннен қоныс аударуға ең қолайлы жері Америка құрлығы.
  • Америкалық түрік тектес майялардың еуропалықтар барғанға дейінгі өркениетте жеткен жетістіктері өте жоғары. Олардың астрономия саласындағы жетістіктеріне қазіргі заманғы ғылымның өзі жете қойған жоқ десе де болады.
  • «Сібір археологиясының атасы» академик А.П.Окладников тұріктер деп мойындаған б.д.д.24-22 мыңжылдықтардағы Мальта, Бурет тұрғындары да сол кездің өзінде астрономия, математика, гинекология (бұл бізге белгілілері ғана) саласында үлкен жетістіктерге жеткен.
  • Жазу-сызу саласында да түрік халықтарының алғашқылығы даусыз;

а) Еуропадан табылған көне жазулар Винча жазуы да, Лепиндік Вир жазуы да (б.д.д.IV-VI мыңжылдықтар) түркі текті Этрусклер жазуының бастапқы кезеңі болып шықты;

б) Тэртэрий жазуы (б.д.д. 5500 жыл) да, Украйна жерінен табылған Тас Мола жазуы да (б.д.д.VIII мың жыл),(шумеролог А.Кифишиннің еңбегі «Древнее святилище Каменная Могила. Опыт дешифровки протошумерского архива XII-III тысячелетий до н.э.» деп аталады.)

           шумер жазуының бастапқы кезеңі екені дәлелденді.

  • Қытай жеріндегі монастырлардағы бұдан 5000 жыл бұрын жазылған жазуларды қытайлар өртеп жіберген. Себебі, ол жазуларды жазған қытайлар емес.
  • Қытай жеріндегі жүздеген пирамидаларды салған, көне жазуларды жазған көне түріктердің Америка құрлығындағы Ағайындарымен байланысы болған. Себебі;

а) америка құрлығына саяхат туралы кітап табылған;

б) қытай жерінен табылған тасқа шекіп салынған картада жер жүзінің картасы өте дәл бейнеленген.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір