• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:39:20
Алматы
+12°

26 Қаңтар, 2015 NEWS

Ғаламдық соғыстың жаңа ошағы: Орыс бұрынғы тәсіліне басты

Орыс империясының соғыс тәжірибесі Украинада қолданылып жатыр. Жалпы Орыс империясы Уәделер мен келісім-шарттарды алдандыра тұрудың құралы етіп келгені...

Орыс империясының соғыс тәжірибесі Украинада қолданылып жатыр. Жалпы Орыс империясы Уәделер мен келісім-шарттарды алдандыра тұрудың құралы етіп келгені белгілі. Біз қазақтарды да сол сенгіштігімізден пайдаланып халқымызды қырып, жерімізден айырды. Енді Украйнаны да Минск келісімі арқылы алдай тұрып, Гуманитарлық көмек деген атпен оқ-дәрі, қару-жарақты тасыды. Енді біздің әскер Украинада жоқ деген бетпақтықты айтып, әскерін кіргізді. Тіптен қырғын соғысқа салуда. Жұмыссыз қалған жастар мен түрмедегі бандиттердің бәрін жалақы беріп, психологиялық дайындықтан өткізіп, соғысқа дайындап Украинаға кіргізіп жатыр. Әйтпесе, Сепаратистердің қаруы осындай озық болмас еді және олар бұл қаруларды пайдалана білмейді ғой. Жалпы Орыс Абхазия мен Осетия үшін Грузияны, Таулы қарбақ үшін Әзербайжанды құрбандыққа шалғанын білесіздер. Енді сол тәсілді Украинаға қолданбақ. Алайда Украина оңай шағылатын жаңғақ емес. Батыс пен Орыстың саяси мүддесінің түйіскен жері. 60 млн халқы бар Укрина армиясының қуаты да Европа елдерінің армияларынан қуатты екнің бірі білсе бірі білмейді. Енді Балтық елдері жанталаса шырылдап жатыр. Европа не ары емес не бері емес, екіортада жүр. АҚШ соғыс дайындығына көшті. Осылайша, Олар Украинаны қаржы мен қару-жарақпен қамдап отыр. Бұл – ғаламдық соғыстың жаңа ошағы пайда болды деген сөз. Орыстың күшеюі де, тым әлсіреп күйреуі де Қазақстанға тиімсіз. Үйренген жауды пайдалана отырған абзал шығар. Алла сақтасын!

Ахметұлы Бейсен

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір