• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:58:05
Алматы
+12°

23 Қаңтар, 2015 NEWS

Бәтима Жәкулина өмірден озды

Бүгін Шыңжаң өңіріндегі мұсылман әйелдері арасынан шыққан үлкен тұлға Бәтима Құлмұқанқызы Жәкулина (Жәкуланың келіні) 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Бүгін Шыңжаң өңіріндегі мұсылман әйелдері арасынан шыққан үлкен тұлға Бәтима Құлмұқанқызы Жәкулина (Жәкуланың келіні) 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Бәтима Жәкулина – 1931 жылы қазіргі Аякөз маңындағы Үшбиікке қарайтын Еңірекей деген жерде дүниеге келген. Ақтайлақ бидің бесінші ұрпағы. Аштық жылдары шешесі Бәтиманы арқалап, елмен бірге Шәуешек қаласына өтеді. 1930-40 жылдары Шәуешектегі «Күләндәмия» мектебінен соң Шәуешек гимназиясын бітірген. 1946 жылы Әнуар Жәкулинге тұрмысқа шығып, Шағантоғай ауданы, Дөрбілжін ауданы, Құлжа қаласы, Үрімжі қаласы сияқты жерлерде қызметтер атқарған. Күйеуі Әнуар Жәкулин Іле аймағының уәлиі, Шыңжаң өлкесінің саяси заң департаментінің басшысы, ҚХР халық құрылтайының бірінші шақырылым депутаты болған. Ә.Жәкулин қуғын-сүргінге ұшыраған жылдарда Бәтима да қудалауға түскеніне қарамастан, әулетінің өсіп-өнуіне бар күш-жігерін салды.

Репрессия жылдарынан соң, «Шыңжаң әйелдері» журналының бас редакторы, Шыңжаң әйелдері бірлестігінің төрайымы орынбасары, Бүкілқытайлық саяси мәслихатының депутаты қызметтерін атқарды. Шыңжаң өңірі Бәтима Құлмұқанқызын құрметтеп, Бәту апа деп атаған.

Бәтима Құлмұқанқызын 24 қаңтар күні Үрімжі қаласында жерлейді.

Бәтима Құлмұқанқызы – Семей өңіріне аты шыққан Жәкула болыстың келіні. 2013 жылы Жәкуланың туғанына 150 жыл толуына орай, ШҚО Тарбағатай ауданында ас берілді. Асқа Үрімжі қаласынан Б.Құлмұқанқызы арнайы келді. Назарларыңызға сол кезде дайындалған «Алаштың алыс кеткен арыстары» атты деректі фильмді ұсынамыз.

https://www.youtube.com/watch?v=yX01nEOUbOg Болат Мүрсәлім
Марқұмның туған-туыстары мен қалың қазақ еліне "Қамшы.kz" ұжымы көңіл айтады.
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір