• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:10:35
+12°

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстанға тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері шетелден 950 мыңнан астам этникалық қазақ оралдыдеп хабарлапты. Бұл көрсеткіш оларға көп болып көрінгенмен, шетелде 5 миллион қандасымыз тұратынын ескерсек бұл мәлімет көңіл көншітпейді. Біз егер бұл қарқынмен жүрсек енді жүз жылда қандастарымыз Қазақ мемлекетінің азаматы болып үлгермейтін сияқты.

Шеттегі қазақтар тұрып жатқан елдерде жылдан жылға аз санды ұлттардың жойылу қаупі төніп,  тілінен айырылып жатқан бүгінгі таңда оларды елге тезірек әкелу - ең бірінші бар қазақтың ортақ Отаны Қазақстанның шаруасы. Егер бұл жұмыс жүйелі жүрсе егемендігіміздің маңгілік болуы, маңгілік ел стратегиямыздың жүзеге асуы тездей түсер еді. Сондай-ақ,  қазақ ұлтының сандық және сапалық жағынан өсуіне де тікелей әсері болары сөзсіз. Шындап келгенде, құрылып жатқан экономикалық одағымыз саяси одаққа айналып кетпес үшін, Солтүстік өңірдерлерге көршіміз сұқтанбауы үшін ең алдымен осы елдің иесі Қазақ  мықты болуы керек.

Алайда 2013 жылы көшіп келген қандастарымызға азаматтықты 4 жылдан кейін беретін заң қабылдап, "Қазақ көшіне" ұзын арқан, кең тұсау салынған. Кейін 2014 жылы Үкімет қамқөңіл қазаққа үміт ұшқынын сыйлағандай болды. Нақтырақ айтсақ, өткен жылы сәуір айының 22 күні ҚР Президентi жанындағы ОКҚ  брифингi барысында Еңбек  және  халықты  әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова “ендігі жерде оралман ағайындар бір жыл ішінде Қазақстан азаматтығын алуына болады” деп   мәлiмдеген болатын. Одан іле-шала 6 мамырда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында өткен «Көші-қонның бүгінгі жағдайы» атты  дөңгелек үстелде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Асылан Қаржаубаев Оралмандарға бір жыл ішінде азаматтық беретін жаңа заң жобасын дайындап жатқандарын айта келіп күзде парламентке ұсынып жыл аяғына дейін жаңа заң қабылданатынын айтқан. Бұл сөздерін жаз бойы бірнеше рет қайталаған Қаржаубаев мырза 28 қазан күні тағы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде шетелден келген қандастар 6 ай ішінде азаматтық алуға болады деп сүйінші сұраған. Қарапайым қазақ - біз де қалыспай бұл кісі айтқан сайын сайттарда, әлеументтік желілерде қандастардан сүйіншімізді сұрай бергенбіз.

Міне, өздеріңіз көріп отырсыздар. Шетімізден өтірікші атандық. Тамара ханым мен Қаржаубаев мырза кімге сенгенін білмейміз, біз оларға сеніп біраз қазақты "дүрліктірдік". Енді Отанына қарап жаутаңдап отырған алыстағы ағайынға айтар уәж, қарайтын бет жоқ.

Бір адамды емес, бір қауым қазақты алдау - үйренген үкімтке болмаса, бізге қиындау тиіп жатыр.

Тайсалма, Тамара, құтқар, Қаржаубаев!!!

Тұрдыбек Құрметхан

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір