• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:59:28
+12°

«Қазақ елі-550 жыл» шығармашылық

бәйгесіне

 

Бейсенбай Бекжан Кәленұлы

 

 

                     Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

                               Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

                               Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,

                               Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!

                                                           Мағжан Жұмабаев

Адамзатты өркениетке үйреткен «ұстаздардың ұстаздары» -атланттар туралы аңыздың бізге жеткен алғашқы дерегі бұдан 2,5 мың жыл бұрын жазылған екен. Содан бері бұл тақырыпқа жазылған еңбектердің саны мыңдап саналады. Пікірлер сан алуан. Кейбіреулер атланттар жер бетінен жойылып кеткен халық десе, тіпті кейбіреулер атланттар- басқа планетадан келген жат планеталықтар дегенді дұрыс көреді. Айтыс әлі толастаған жоқ. Қайта, ғылым мен техника дамыған сайын қыза түсуде.

Неге қазіргі жердің астын мыңдаған шақырымға дейін зерттеп, космостың алыс түкпірлеріне шейін қалт жібермей қадағалап отырған ғалымдар бұл айтысты шешуге қауқарсыз? Бұрындары бұндай талай тартысты мәселелер болған. Бірақ, кейін ғылым дами келе оларды шешіп, айтыс тоқтайтын.

Мысалы: бұрындары «мәңгілік двигатель» («Перпетум мобиле») жасадым деушілер де болған. Талай-талай жобалар ұсынылған. Бірақ, бір де біреуі дәлелденбеді. Кейіннен ғалымдар Энергияның сақталу заңы бойынша бұл мүмкін еместігін дәлелдеді. Қазір бұл айтыс тоқтады.

Бірақ, атланттар туралы айтыс басылар емес. Неге?

Атланттар туралы айтыс бұдан бір ғасыр бұрын-ақ тоқтауы тиіс еді. Себебі, атланттардың құпиясы сол кезде-ақ ашылып қойған. Бірақ, бұл жаңалықты мойындау қазіргі әлемде үстемдік жүргізіп отырған көптеген халықтардың тарихындағы өтірікті ашып тастап, кімнің нағыз «ақсүйек», ал кімнің кешегі бодандар екенін көрсетіп қояр еді. Бұл әрине, бүгінге дейін өздерін таза қанды ақсүйек санап, көкірегін керіп жүрген еуропалықтар мен еврей, орыс, қытайларға ұнамайтыны белгілі. Сондықтан да олар шындықтың ашылмағанын, қайта бұл құпияның одан әрі шатаса түскенін дұрыс көреді. Сол мақсатта соңғы кездері көптеген әдейі шатастыратын «еңбектер» де жазылған. Сонымен қатар, шындықты өздеріне қарай бұрмалап жазған (мысалы: «Славяндардың солтүстіктегі атақонысы») еңбектер де аз емес.

Атланттар туралы ең негізгі жазба дерек б.д.д. 428-348 жылдары өмір сүрген грек данышпаны Платонның «Тимей» және «Критий» атты еңбектерінде берілген. Платон египеттік абыздың «Біздің көне жазбаларға сәйкес...» деп бастап, «...адам баласы өмір сүргелі жер бетінде болған ұлы және тамаша оқиғалар осында жазылып, храмдарда сақталған» деп көрсеткен дерегін қайталайды.

Прокл ( б.д. 412-485 жылдар) Солоннан 300 жылдай кейін, шамамен б.д.д. 260 жылы Египетте болып, Сайсс қаласындағы Нейт құдайдың ғибадатханасында Атлантиданың тарихы туралы жазылған иероглиф жазулары бар тас бағандарды көрген Крантор дегенді айтады. Крантордың айтуынша бағандағы жазбалар Платонның жазғандарымен сәйкес келген.

Египет абызының сөзі: «Біздің жазбаларға сай сіздердің мемлекеттеріңіз бастауын Атлантикалық теңізден алып, бүкіл Европа мен Азияны басып алуға аттанған саны шексіз әскери күшке тойтарыс берген. Сіздің тіліңізде Гераклдің бағаналары деп аталатын шығанақтың алдында арал болған. Бұл арал өзінің өлшемі жағынан Ливия мен Азияны бірге қосқанда олардан асып түсетін. Ал ол аралдан басқа аралға өту, ал ол аралдан сол теңізді қамтитын қарама- қарсы құрлыққа өту, өзінің атына сай, сол кездегі саяхатшыларға оңай еді.

Атлантида деп аталатын осы аралда басқа да аралдарға және құрлықтың жартысына билігі тараған таңданарлық ұлы патшалардың одағы пайда болды. Сөйтіп олар бұғаздың бергі жағында Ливиядан Египедке дейін, Европадан Тирренияға дейін иеленді.

Бірақ кейінірек көз көрмеген жер сілкіністері мен топан су уақыты келген кезде ...Атлантида да тұңғиыққа батып жоқ болды.»

Атланттардан қалған ең негізгі жәдігерлер Египет пирамидалары. Осы пирамидаларды салған атланттар. Осы атланттардың тегі қандай халық екені анықталса сол халық жер бетіне өркениетті таратқан текті халық- «адамзаттың ұстаздары» екені дәлелденеді.

«Атланттар басқа планетадан келген жат планеталықтар» деген болжам да, сол сияқты «жер бетінен жойылып кеткен халық» деген болжам да қате екені қазір анықталды. Себебі, сол атланттардың өкілдері Египеттегі пирамидалардың ішіне жерленген, кезінде сол пирамидаларды салдырған перғауындар. Пирамиданы ашып, перғауындардың мүрдесін зерттеген ғалымдар олардың ешқандай да басқа планетадан келмегенін, керісінше өзіміз сияқты нағыз адам екенін анықтады. Тіпті, б.д.д. XIVғасырда Египетті билеген Тутанхамон перғауынның ДНК-сын анықтап, R1b1a2 гаплогруппасына жататыны анықталған.

Бұл гаплогруппаның қазіргі Еуропаның батысында көнеден тұрып келе жатқан халықтар: баскілер, Уэлстің тұрғындары, шотландиялықтар, ирландиялықтар арасында көптеп кездесетіні; ал керісінше Еуропаға кейіннен келіп қоныстанған қазіргі Еуропаның тұрғындары- үндіеуропалықтар арасында тіптен аз екені анықталды.

Сол сияқты Ресейдің ең соңғы императоры Николай 2 Романовтың ДНК-сы да дәл осы R1b1a2 екені анықталған. Ресейді 300 жыл билеген Романовтар мен Шереметовтер әулеті XIII-ғасырда моңғолдардан ығысып келіп, Новгородқа қоныстанған қыпшақтың Құбыла ханынан тарайтыны бәріне белгілі. Сонымен бірге бұл гаплогруппа түрік текті халықтар арасында көптеп кездесетіні, Ресейдегі түрік текті башқұрт халқы мен түркімен халықтарында өте жоғары екені анықталған. Ал орыс халқының құрамында R1b тобына жататын адамдар 5%-ті құрайды екен. Бұл кезінде шоқынып, орыс халқының құрамына кірген Құбыла ханзада сияқты адамдардың ұрпақтары деп түсінуге болады. «Түрік текті орыс фамилиялары» деген еңбекте бұл туралы жақсы мәліметтер келтірілген.

Ғалымдардың айтуынша гаплогруппа R1b тобының басында тұрған еркек бұдан 16000 жыл бұрын R1 тобына жататын адамнан орталық Азияда туылған. Ал алғашқы R1b1a2 гаплогруппасының басындағы еркек бұдан 9500 жыл бұрын Қара теңіз жағалауында дүниеге келген деп есептейді.

Бұл гаплогруппа өкілдері батыс Еуропаға б.дәуірімізден жеті мың жыл бұрын келіп қоныстанған дейді ғалымдар. Қазір осы гаплогруппаға жататын адамдар Испания мен Франция жерінде тұратын баск халқының 88,1%-ін, итальяндықтардың 40%-ін, қазір Англия құрамына кіретін Уэльс пен Шотландия, Ирландия халықтарында 90%-ке дейін, бельгиялықтарда 63%, норвегтерде 25,9%-і құрайды.

Ал атланттардың аты шыққан қазіргі Мысыр жеріндегі халықтар арасында бұл топтың үлесі 1%-тің шамасында ғана. Себебі, атланттар ұрпақтарынан билік кетіп, қаншама әулет ауысқан сайын атланттардың ұрпақтары азая берген. Қазіргі Мысырдың негізгі халқы арабтар.

Египет абызының айтқан деректеріне қайта оралайық. Абыздың айтуынша Гибралтар бұғазының алдында жатқан аралдан басталып, қарсы жатқан Америка материгіне дейін созылатын аралдар болып, ол аралдар кейін ғаламат жер сілкіністерінің әсерінен суға батып кеткен.

Б.д.д.VIII-VII ғасырлардағы тарихи жазбаларда Гибралтар бұғазының сырт жағындағы Испания жерінде ерте замандарда құл иеленуші Тартесс мемлекеті болғандығы туралы аңыздар сақталған.

«Металдарға бай, топырағы құнарлы Оңтүстік Испания жерінде бір кездерде өркениеті дамыған Тартесс мемлекеті болғандығы туралы мәліметтер грек- рим тарихи еңбектерінде кездеседі. Бұл ертедегі тарихи көздердің мәліметінше үлкен қалалары болған, дамыған жазуы болған және Жерорта теңізі елдерімен, Британ аралдарымен тығыз байланыс жасап тұрған. Археологиялық қазбалар Оңтүстік Испанияның Кадисс түбегі аймағы ертедегі жоғары өркениеттің маңызды орталығы болғанын дәлелдейді. Тарихи деректер осы жерде Тартесстің болғандығын көрсетеді».(Бүкіләлем тарихы)

Қазіргі Испания жерін мекендейтін, халқының 88,1%-інің ДНК-сы R1b1а2 гаплогруппасына жататын баск халқы- көне Тартестің халқы-атланттардың ұрпақтары. Ал Италия жеріндегі халықтың 40%-ін құрайтын R1b тобына жататындар- көне этруск халқының қазіргі ұрпақтары.

Пирамидалар қазір Мысыр жерінен басқа Америка құрлығынан да, Қытай мен Тибеттен де, Қырым мен Босниядан да, Ресейдің солтүстігінде жатқан Колск жарты аралынан да, тіпті Антарктидадан да табылған.

222

Америка құрлығындағы пирамидаларды салған түрік текті халықтар: майялар, ацтектер, тольтектер, сию, кечуа халықтары. Алла тағаланың түріктерге салған ерекше белгісі жаңа туған нәрестенің құйымшағында болатын алақандай көкшіл дақ осы халықтардың нәрестелерінде де бар. Тілдері де Алтай тілдер тобының түрік халықтарына өте жақын.

Кезінде испаниялық баск халқынан шыққан бір миссионер Америка жеріндегі Гватемалалық үндістермен аудармашысыз сөйлескені туралы мәлімет бар.

Ағылшын ғалымы Джеймс Черчвард финикиялықтардан қабылдаған грек әліппесін майя тілімен оқып, үлкен құпияның сырын ашады. Осы арқылы Жерорта теңізі аймағындағы көне Финикия тілі мен Америка құрлығындағы майя халқының тілі жақын екенін білеміз. Бұның бәрі көне Тартес тілі де, көне Финикия тілі де Америкалық үндістердің тілімен, демек түркі тілдерімен жақын екенін білдіреді. Баск халқының ДНК-сы мен Америкалық америндтер тобына жататын халықтардың ДНК-сы сәйкес келген.

     Бұның бәрі атланттар (өкілі Тутанхамон) Атлант мұхитындағы қарсы жатқан құрлыққа (Америка) дейін жалғасып жатқан аралдарынан Гибралтар бұғазы арқылы келді деген египеттік абыздың дерегіне тура келіп тұр.

Америка құрлығындағы пирамидаларды салған үндіс халықтары ДНК-сы бойынша түріктерге жақын екені дәлелденген.

Ал Қытай және Тибет жеріндегі пирамидаларды Қытайлар, Қырым мен Ресейдің солтүстігіндегі Кольск жарты аралындағы пирамидаларды орыстар, Еуропаның ортасындағы Босния жеріндегі керемет пирамидаларды еуропалықтар күні кешеге дейін жасырып келген.

11

Қырымның жерасты пирамидалары Қырымның ең құпияға толы жұмбақ саласы. Қырым пирамидалары туралы талас кем дегенде XX-ғасырдың басынан бері айтылып келеді.

Қырым пирамидаларын зерттеуге әр кезеңде көптеген зерттеушілер мен тіпті мемлекеттік институттар талаптанған. 1926 жылы кеңес үкіметі Қырым пирамидаларын зерттеуге арнайы топ құрды. Экспедиция құрамына археологтар мен нейроэнергетикамен айналысатын құпия лабораторияның қызметкерлері кірді. Экспедиция жұмысын қатаң құпия жағдайда ұстады. Экспедицияның жұмысын (орысша ВЧК) БТК-ның төрағасы Феликс Дзержинскийдің өзі бақылауда ұстады. Зерттеуге басшылықты құпия нейроэнергетикалық лабороторияның басшысы, нейрофизиолог, тунгус метеориті мен көне мәдениеттерді зерттеуімен белгілі Александр Барченко атқарды. Бірақ бұл экспедиция ештеңе таппады деп жарияланды.

1942-1944 жылдары Қырымды жаулап алған немістердің «Аненербе» ұйымының ғалымдары мен эзотериктері де Қырым пирамидаларын зерттеген. Бірақ, олардың не тапқаны туралы ешкім білмейді.

Қырым пирамидаларын алғаш рет 2001жылы Севастопольдік ғалым В.А.Гох тапты. Осы жылы Қырым пирамидалары қазіргі заманғы озық аппараттармен тексерілді. Жыл сайын жаңа пирамидалар табылып жатты. Қазір олардың саны 56-ға жетті.

12

Кольск жартыаралынан табылған пирамидалар ғалымдардың айтуыншы қазірге дейін жер бетінен табылған пирамидалардың ішіндегі ең жасы үлкені. Ресейдің солтүстігінде Финляндияға жақын орналасқан бұл пирамидалардың жасы ғалымдардың есебінші 9000 жыл. Бұл пирамидаларды зерттеуге 1921жылы Бүкілодақтық нейроэнергетикалық институтының лаборатория меңгерушісі Александр Барченконың басшылығымен экспедиция шыққан. Экспедиция ОГПУдің бақылауымен жүргізіліп, барлық материал жасырылған.

1997 жылы екінші экспедицияны ұйымдастырушы ғылым докторы В.Демин қайтып келе сала қайтыс болған.

Тек 2007 жылы ғалымдар мен тарихшылардан тұратын 18 адамдық экспедиция ғана мақсатына жетті. Арнайы құралдармен тексерген ғалымдар бірнеше пирамида тауып, олардың адам қолымен бұдан 9000 жыл бұрын жасалғанын анықтаған.

13

1994 жылы Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараеводан 22 км жердегі Високо қаласы жанында сербтер мен босниялық мұсылмандар арасында соғыс жүріп жатқан. Артиллериялық атқылау кезінде қала тұрғындары Височица тауынан бос кеңістіктен шығып жатқандай белгісіз гуіл мен толқынды естиді. Високо қаласының тұрғындары қаншама ұрпақтардан бері осы таудың айналасынан үйдің көрінетін бетін сәндеу үшін бетінде белгісіз оюлары бар қашалған тастар алып жүретін. Бірақ, жұмбақ тау туралы аңыздан басқа ешкім ештеңе де білмейтін.

2005 жылы Латын Америкасы пирамидаларын 15 жыл зерттеген тәуелсіз зерттеуші Семир Османагич Високоға келеді. Ол тау етегін аздап қазып көрген соң, Височица тауы биіктігі 220 метр үлкен пирамида деген батыл болжам жасайды. Тауды қазу ондаған еріктілердің көмегімен 2006 жылы басталды. Көп ұзамай төрт бұрышты пирамиданың ірі блоктары аршылды. Спутниктен және вертолеттен түсірілген суреттер Еуропаның ең үлкен және ең алғашқы пирамидасын дәлелдеп тұрды.

13

Височица тауы Мексика пирамидаларына ұқсас болғандықтан Күн пирамидасы деп аталды. Египеттің екі атақты ғалымдары: геолог Баракат және археолог Эль Хадиди бұл пирамида блоктары өте көне және қолдан құйылған бетон деген қорытынды жасады. Боснияның геодезия институтының ғалымдары пирамиданың төрт қабырғасы полюстерге бағытталғанын анықтады.

13

Жаңа техниканың көмегімен жүргізілген зерттеу осы маңнан тағы үш пирамида тапты.

Осылайша Ай, Күн және Жер аталған үш пирамида ашылды. Ерте дүние құрылысшылары бұл пирамидаларды табиғи төбелердің сыртын қолдан құйылған плиталармен өріп, баспалдақты пирамида етіп жасаған екен. Кейіннен, пирамидалардан бірнеше шақырым жерден пирамидалардың астына алып баратын биіктігі кісі бойындай туннельдер табылған. Жер астындағы туннелдің қабырғалары таспен өрілген. Осы өрілген тастардың арасынан бетінде руна алфавитінің Е және Y әріптеріне ұқсас таңбасы бар ұлкен, беті тегістелген тас табылған.

13

Бұдан басқа бетінде белгісіз таңбалары- жазулары бар түрлі материалдар да табылды. Таңбалар руна таңбаларына қатты ұқсайды. Руна таңбаларымен ұқсас белгілер көп.

13

«Босниядағы пирамидалар алқабының» кереметтері тіптен көп. Осы маңнан ғалымдар Египеттегі секілді өте үлкен блоктардан салынған құрылыс тапқан.

http://youtu.be/RDo1IhbWp9E?t=2h23m55s

Семир Османажич бұл пирамидаларды бұдан 10-12 мың жыл бұрын атланттар немесе гиперборейліктер салған деп есептейді, және оларды өмірде болған деп есептейді.

13

Еуропаның кейбір ғалымдары Високо қаласында бір рет те болмай-ақ бұл пирамидаларды қазуға қарсы болды. Ал пирамидалар ашылған соң да түрлі жолдармен ашылған жаңалықтарды мойындамауға тырысуда. Тіпті, Босния пирамидаларын ашқан ғалымдарға түрлі жала жабуға тырысқан Еуропаның, Американың атақты ғалымдары да болды. Еуропа археологтары әсіресе Семир Османажичтің пирамидаларға берген жасына қарсы болды. Бәрінен де бұл пирамидаларды салған атланттар мен гиперборейліктер деген Османажичтің сөзі Еуропа ғалымдарының өршеленген қарсылығына тап болды. Тіпті Османажичті жалған археолог деген Еуропаның атақты ғалымдары да болды. Сонда да болса Еуропаның қақ ортасында адам қолымен салынған көне заман адамдарының туындылары - пирамидалар мен сарай комплекстері ашылды.

Қытай пирамидалары.

XX ғасырдың басында екі австралиялық саудагер Қытайдың орталық бөлігіндегі Сычуань жазығынан жүзден аса пирамиданы көреді. Моңғол шекарасына жақын жергілікті монастырдағы монахтан сұрағанда ол бұл пирамидалардың «өте көне» екенін айтқан. Монахтың айтуынша бұл пирамидалар туралы жазылған жазбаларға 5000 жылдан асқан. Сондықтан бұл пирамидалардың жасы одан да арыға кетеді деп есептейді.

Монахтар бұл пирамидалар Қытайды басқа планетадан келген императорлар билеген кезде салынған дейді. Бұл Императорлар өздерін «темір айдаһарға мініп, аспаннан күркіретіп Жерге түскен Көктің Ұлының» ұрпақтарымыз деп атаған. Пирамидаларды салған осы көктен келгендер делінеді.

1994 жылдың март айында австриялық Хартвиг Хаусдорф Қытайдың орталық бөлігіндегі Шэньси провинциясының орталығы Сиань қаласы маңындағы қытайдың шетелдіктер үшін жабық ауданына саяхат жасайды. Осы саяхаты кезінде ол барлығы 2000 шаршы шақырым жерге орналасқан жүзден аса пирамиданы көрген, киноға түсірген. Қытай үкіметі қазба жұмыстарын жүргізуге тыйым салған. Бұл пирамидалардың көпшілігі кесектен қаланғандықтан қазір тоза бастаған. Сычуань жазығындағы пирамидалардың биіктігі 25 метрден 100 метрге дейін. Тек Цза Линь өзені аймағындағы Ұлы Ақ Пирамида деп аталатын пирамиданың биіктігі 300 метрдей. Жақында қытай үкіметі бұл Ақ пирамида аймағын жабық аудан деп жариялады.

Қытай жеріндегі бұл пирамидалар Орталық Америка аймағындағы пирамидаларға қатты ұқсайды. Қытай жеріндегі де, Орталық Америка жеріндегі де пирамидаларды бір адамдар салғандай.

13

Шэньси өлкесі, Сиан маңындағы пирамидалар.

13

1945 жылы американдық әскери ұшқыш Джеймс Гауссман Орталық Қытайда Циань қаласы маңындағы Кин-Линь-Сян тауының үстінен ұшып бара жатып түсірген Ұлы Ақ пирамида. Пирамиданың биіктігі 300м табанындағы әр қабырғасы 500 метрден. Бұл сурет АҚШ-тың әскери архивінен лезде жоғалып кеткен.

13 1997 жылы Сиан маңынан Хартвиг Хаусдорф түсірген пирамида.

Қытай үкіметі мен қытай археологтарының пиамидаларды жасырып, бізде ондай пирамидалар болған емес дегеніне қарамай ғалымдар олардың бар екенін дәлелдейді.

13 Сиан маңынан неміс археологы Хартвиг Хаусдорф түсірген суреттер.

13

Бірнеше жылдан бері қытайлар бұл пирамидалардың үстіне тез өсетін ағаштар мен бұталарды егіп жатыр. Бұл пирамидаларды жасырып, жай табиғи төбе деп көрсеткісі келетін сияқты. Қытай профессоры Ция Наядан «бұл пирамидаларды неге ашып зерттемейсіздер?» деп сұрағанда «Бұл болашақ ұрпақтың ісі» деп жауап берген. Бұл пирамидаларды ашса қытайлар жасырып келген, қытайлар тарихына қатысты, мүмкін адамзаттың көне тарихына қатысты қазіргі айтылып жүрген деректердің тас талқанын шығаратын мәліметтер ашылатын сияқты.

13 Пирамидалардың көпшілігі Шэньси өлкесіндегі Сиан қаласы маңында орналасқан. Жарты миллион халқы бар Сиан қаласы маңынан ғалымдар 17пирамида көрген. Әсіресе шеткері тұрған бір төбесі тегіс пирамида Мексика астанасы Мехико жанындағы атақты Теотиуакан пирамидасына қатты ұқсайды.Биіктіктері де бірдей.

 13

   Пирамидалардың орналасуы. Космостан түсірілген сурет.

13

Қытай пирамидаларының салынуы туралы аңыздар да көне египет пирамидалары мен оңтүстік Америка пирамидаларының салынуы туралы аңыздарға ұқсас. Бұл пирамидаларды салған «Жерге мәдениет пен білім әкелген, өз міндетін орындаған соң қайтып кеткен құдайлар» дегенді айтады.

 13

                                   Спутниктен түсірілген суреттер.

 13

 13

     Фушиан Ху көлінен табылған пирамидалар.
17 адамнан тұратын орыс-қытай бірлескен экспедициясы қытайдың Юннань провинциясындағы 1750 м биіктікте тау басында орналасқан Фушиан Ху көлін зерттеген. Экспедицияның мақсаты көл түбінде екі жүз метрдей тереңдікте жатқан пирамидалары бар қала орнын зерттеу. Экспедицияны ұйымдастырған суасты археологы Бао Линг бастаған Кунмин Университетінің 722-ші археологиялық группасы, орыстардан су астын зерттеу мамандары Леонид Гаврилов пен Евгений Спиридонов.
13 Фушиан Ху көлі. Көне қаланың зерттелген ауданының өзі Хань дәуіріндегі мемлекет астанасының аумағынан үлкен. Бұл қала туралы көне қытай мұрағаттары мен көне манускрипттерде ештеңе айтылмаған. Қытайлардың аңызда айтылатын жоғалған қаласы Ялунвань тек ағаш пен кесектен салынған болуы мүмкін. Ал Фушиан Ху көлінің астынан табылған қала египет жеріндегідей тастан салынған, ал өрнектері мен олардың орындалу мәнері жағынан египеттіктерден асып түседі. Фушиан Ху көлінің тек 3 шаршы шақырымы ғана зерттелген. Соның өзі де таңқаларлық. Зерттеушілер 54 метрден аса тереңдіктен биіктігі шамамен 40 метрдей 3 тен аса пирамидаларды анықтаған. Пирамидалардың архитектурасы Майя өркениетіне жақын, ал өлшемдері (4-5м) Египеттегі Гиза пирамидасына шамалас.Қытай археологтары бұл құрылыстардың қытай архитектурасы мен қытай мазарларына жатпайтынын әділ мойындаған. Көпшілік қытай археологтары бұл құрылыстардың жасын б.д.д. 5000 мен 13000 жылдың арасы деп болжайды. Нақты жасын ғалымдар анықтап жатыр. Көлдің түбінен жалпы аумағы 2,4 шаршы км болатын қолдан жасалған үлкен құрылыс нысандары көрінеді. Үлкен құрылыс нысандарының жалпы саны сегіз. Оның ішінде архитектурасы (көлемі де) Маия пирамидаларынан аумайтын екі үлкен баспалдақ және жұмбақ үлкен дөңгелек нысан. Үш құрылыс нысанынан тұратын биік баспалдақтың төменгісі ұзындығы 60 м, ені 32 м, жоғарғысы 18 м, биіктігі 16 м болатын құрылыс нысаны симметриялы салынған. Ең үлкен құрылыс нысанының биіктігі 40 м, ең жоғарғы төбесі су бетінен 54 м, ал табаны 97 м.. 13   Фушиан Ху көліндегі құрылыстардың орналасуы. Қазірге 222 шаршы шақырым көлдің тек 2,4 шаршы шақырымы ғана зерттелген. Фушиан көліне қатысты аңыздардың ішінде құйрығы балыққа ұқсас, денесі жылқы тәрізді теңіз жылқысы(Гиппокампус,грекше) туралы аңыз сақталған. Көне грек аңыздарында теңіз құдайы Посейдон арба жегілген теңіз жылқысын мінетін. 13     Көл түбіндегі қаланың көрінісі. Қалада барлығы он жеті ірі құрылыс нысандары бар. Олар жасанды тастан жасалған. Ішіндегі ең үлкені ені 300 м болатын сатылы пирамида. Пирамида түрлі формадағы тастардан қаланған. Тастарда түрліше геометриялық фигуралар көрінеді. Құрылыстарда жер сілкінісі әсерінен болған жарықтар байқалады. 13     Су асты қаласы су бетінен осылай көрінетін.   Ғалымдардың есебінше бұл құрылысты салған ерекше өркениетке (Белгісіз, құпия көне Дянь(Диан) патшалығы) 5000 жылдан асады. Эксперттік кеңестің төрағасы Ли Куннің айтуынша бұл қала секілді неолит дәуіріне жататын құрылыстар Қытай жерінде көптеп табылады. Ұқсас дүниелер орталық Моңғолияда да кездеседі. Одан керамика ыдысына салынған суреттер табылған. Бұндай көріністер Еуропа, Венгриядан да табылды. Тас бетіне бедерлеп сурет салу бұлардың бәріне ортақ ұқсастық. Жергілікті халықта көл туралы көптеген аңыздар бар, солардың ішінде; *Көлдің ханзу тілінде де, гуандун тілінде де атауында «киелі» деген сөз кездеседі; *Көлде теңіз жылқысы өмір сүреді деген аңыз бар; *Жергілікті халық арасында көптеген ғасырлар бұрын суға батып кеткен адамдары ірі денелі, өте білімді әрі бай «алтын қала» туралы аңыздар өте көп сақталған.
             Тибеттегі пирамидалар. Кайлас        13
13
PHOTO: Rama Naidu 31° 4'3.17"С 81°18'41.22"В
13 13 13 Кайласқа қатысты көптеген аңыздар сақталған. Төрт әлемдік дін Кайласты «киелі» жер деп санайды. Индуистер Кайласты ғарыштық әлем орталығы, осында құдыретті құдай Шива тұрады, ал оның жанында орналасқан Манасаровар көлін Брам құдай жаратқан деп санайды. Кайлас басын қар жапқан пирамида формалы және қырлары жердің төрт бағытына дәл бағытталған. Оң жақ бетінде тік жарық бар, орта шамасында көлденең жарықпен қиысады. Бұл свастиканы елестетеді. Бон діні бойынша кейде Кайласты «Свастика тауы» деп те атайды. Индуизм дәстүріне сәйкес Кайласқа сәйкес келетін аңыздағы Меру тауы бар. Махабхаратада оны «Таңғы күн секілді шұғыла шашып, шыңында аспанды сүйетін, түтінге оранған от сияқты өлшеусіз әрі күнаһар жандар үшін қол жетпес» деп суреттейді.
    Қытай мемлекетіне қарасты Тибет пирамидалары әлі зерттелмеген. Ғалымдардың айтуынша Тибет жерінде әлемдегі ең үлкен пирамидалар орналасқан. Әрі олардың саны өте көп. Қытай жеріндегі жеті патшалықтың басын біріктіріп, «аспан асты империясын» құрған Цин Ши Хуан ди патшаның мазар комплексі сол кездегі қытай астанасының жер көлеміндей жерді алып жатыр. Басына керемет сатылы пирамида салынған. Бірақ қытайлар пирамиданы әлі күнге дейін ашып зерттеуге рұқсат бермейді. Керісінше пирамида төбесіне топырақ төгіп, тасты ойып, тез өсетін ағаштар егіп тастаған. Себебі, Цин Ши Хуан ди шыққан тегі ханзу емес, көшпенділер өкілі. Өз замандастары оны «жабайылар патшалығының князі» деп атаған. 13

Ғалымдардың жобасынша Цин Ши Хуанди императордың қазір бетіне тал егіп топырақпен көміп тастаған пирамидасы осындай.

Енді осы мәліметтерді қорытындыласақ. Египет перғауыны Тутанхамонның ДНК-сы-ол атланттардың ДНК-сы, көне Тартес мемлекетінің халқының қазіргі ұрпақтары-Басклердің ДНК-сымен, Англия жеріндегі көнеден келе жатқан халықтар шотландтар мен Уэльстің халқының, Ирландиялықтардың және Батыс Еуропаның Атлант мұхиты жағалауындағы көнеден келе жатқан халықтардың ДНК –ларымен бірдей келуі олардың тегі бір екенін көрсетіп тұр. Ал Еуропаға кейіннен келген қазіргі Еуропаның негізгі халқы үндіеуропалықтарға келмейді. Бұл деректі Германия жеріндегі үңгірден Еуропаның ең алғашқы тұрғындарының ДНК-сын анықтаған неміс ғалымдары да дәлелдеген. Ол ДНК қазіргі еуропалықтарға келмейді, Кіші Азия халықтарының (түріктердің) ДНК –сымен бірдей деп жариялады неміс ғалымдары. Ал Басклердің тілі де, ДНК-сы да (тегі) америкалық түрік текті үндіс халықтарымен жақын екені мәлім. Ал америкалық маия, ацтек, сию, кечуа, тольтек т.б. халықтардың Алтайдан шыққан Түрік текті халық екені даусыз дәлелденген. Оның үстіне атланттардың тікелей өкілі-Тутанхамонның ДНК-сы (тегі) R1b1a2 қазіргі түрік халықтарында көптеп кездесетіні атланттардың тегі түрік текті халық болғанын нақты дәлелдеп тұр.

«Қытай жеріндегі пирамидаларды салған кім?»-деген сұраққа, монах, көне жазбаларда «өздерін «темір айдаһарға мініп аспаннан күркіретіп Жерге түскен Көктің Ұлының» ұрпақтарымыз деп атаған императорлар» деп жауап берген. Пирамидаларды салған осы көктен келгендер делінеді.

Түрік билеушілері өздерін «Көктің ұлымыз» (Құдай тектіміз-Көк Тәңірінің ұрпағымыз) десе, тәңір діні бойынша Көк Тәңірінің мекені көкте-аспанда, сондықтан да өздерін көктегі Көк Тәңірінің ұрпағымыз, аспаннан түскенбіз деген.

Египет перғауындары да өздерін «құдайдың ұрпағымыз» деп атаған. Ескендір Зұлқарнайын Мысырды бағындырғанда, мысырлық абыздар оны перғауынның тағына отырғызып, «Ра құдайдың ұлы» деп жариялайды. Мысырдың сол кездегі ең құрметті құдайы Раны мысырлықтардың түсінігі бойынша қошқар бейнелі деп есептеген. Сондықтан да Ескендірдің басына Ра құдайдың белгісі қос мүйізі бар дулыға кигізеді. Ескендірдің «Қосмүйіз» аталуы сондықтан.

«Көктің ұлдарының» темір айдаһарға мінгенін былай түсіндіруге болады: темірді алғаш рет игеріп, пайдаланған түріктер екені қазір дәлелденген. Оны қазіргі заманғы археология ғылымы да дәлелдеді. Орталық Азия аймағынан көне заманғы темір қорытатын пештердің археологтар талайын тапты. Ал Еуропаның ең көне өркениеті делінетін гректер Ескендір Зұлқарнайынның заманында да (б.д.д. IV ғ.) темірді игермеген. Қытайлар болса, біздің дәуіріміздің басына дейін темірді түріктерден сатып алып келген.

Түріктерде, олардың мұрагерлері қазақтарда да жақын кездерге дейін «Жылан қайыс» деген ырым, салт-жоралғы болған. Бұл жоралғы ер бала «қоян мүшел»-4 жасқа толған кезде жасалады. Белгіленген күні баланың туыстары ұстаханаға келеді. Темір ұстасы көрікті қосып, ата-анасының көзінше балаға қару, сауыт соғады. Осыдан соң, ұстаның өзі үстіне сауыт киіп тұрып, баланы аяғының астынан өткізеді. Бірінші өткізгенде балаға сауыт кигізеді. Екінші өткізгенде қару-жарақ асындырады. Сауыт киінген ұста мен бала сауыттары бір қарағанда жылан қабығына ұқсайды. Сондықтан бұл жоралғы "Жылан терісімен киіндіру»-«Жылан қайыс» деп аталған. Әскери демократия кезеңінде темірден қару соғатын ұста құрметті өнер-білім иесі деп қатты құрметтелетін болған.

Ал темірді жерден қазып алып өндіретін болғандықтан, жер бетінде де ,жер астында да өмір сүре беретін жылан жер асты ғылымын меңгерген данышпандықтың символы есебінде киелі саналған. Түріктердің «жылан» тайпасы, орыстардың «Змей Горуничі» осыдан шыққан сияқты.

Көнеден келе жатқан мынандай аңыз бар: «Тасқа бастырылып қалған жыланды құтқарған жігітті жылан жер асты патшалығына алып кіреді. Қызын құтқарған жігітке жылан патшасы-Бапы хан сый жасайды. Жылан жігітті бір жұтып, қайта құсқанда жігіт сауытпен киініп шығады. Екінші рет жұтып қайта құсқанда болат қару-жарақты болып шығады. Жігіт «үшінші рет жұтпайсыз ба?»-деп сұрағанда, жылан патшасы, «үшінші рет жұтсам бүткіл денең, жаңың темірге айналады. Адамдық қасиетіңнен айрыласың» деп жауап беріп, жұтпай қояды.»

«Жылан қайыс» жорасы осы аңызға негізделген болса керек.

«Әрбір ер азамат әскер» деп саналатын көне түркі салты бойынша бұл жора ер баланың ерлік өмірге қабылдануы секілді маңызды дәстүрдің бірі болған. Өзі де, астындағы аты да болат сауыт құрсанып, болат қарумен құруланған түріктер мыңдаған жылдар бойы әлемге үстемдік етіп келгені осы өнері-темірді игергенінің арқасы.

13

Көне заманда қазіргі қытай жерін жаулап алып, пирамидаларды салдырған түрік патшалары өздерін «Темір айдаһарға мініп, аспаннан түскен Көктің ұлының ұрпақтарымыз» -деуі осыдан шыққан болса керек.

Кейбіреулердің «пирамидаларды салған көктен түскен жат планеталықтар» дегені осыдан шығуы да мүмкін.

   Енді осы деректердің барлығын қорытындыласақ:

  • Египетті мыңдаған жылдар бойы билеген атланттардың ДНК-сы (гаплогруппа R1b1a2) Батыс Еуропаның Атлант мұхиты жағалауындағы көнеден келе жатқан халықтарда (мысалы баск халқында) өте жоғары (90%-ке дейін). Бұл ДНК қазіргі түркі халықтарында да көптеп кездеседі.
  • Атланттармен туыс баск халқы америкалық түрік текті халықтармен тілі де, тегі де жақын.
  • Осы атланттардың (R1b1a2) арғы түбі (R1b) ғалымдардың есебі бойынша бұдан 16000 жыл бұрын Орталық Азияда пайда болған.
  • Қытай жеріндегі пирамидаларды да салған түрік текті халықтар. Генетик ғалымдардың дерегі бойынша Солтүстік Қытайдың халқының жартысына жуығы түрік текті.
  • Америка құрлығындағы пирамидаларды да салған түрік текті үндіс халықтары және олардың Орталық Азия түріктерімен туыстығы дәлелденген.
  • Ғалымдардың есептеуі бойынша алғашқы R1b1a2 гаплогруппасына ие болған еркек бұдан 9500 жыл бұрын Қара теңіз жағалауында пайда болған. Қырым мен «Босниядағы пирамидалар алқабы» Қара теңіз аймағында.
  • Көне грек аңыздары бойынша құдайдың ұстаханасынан от ұрлап, адамзатқа техникалық прогресті силаған Прометейдің мекені скифтер мекендейтін Кавказ тауы маңайы.
  • Көне грек аңыздары бойынша, шауып келе жатып садақтан оқ жаудыратын, денесі жылқы басы адам (атқа жабысып қалған адам)-кентаврлар Прометейге жақындық танытып, Прометей Кавказ тауына бұғауланғанда жанашырлық танытады. Ал кентаврлардың кім екенін айтпаса да түсінікті шығар. Жылқыны алғаш рет қолға үйретіп, м
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір