24 Желтоқсан, 2014 NEWS
Қазақ хандығы – 550 жыл. Петропавл мен Павлодар Керей мен Жәнібек аталсын!
2015 жыл - Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаймыз. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, жұрт бір ауыздан қолдады. Атқарылатын іс-шаралар да ауқымды. Бір жыл...
2015 жыл - Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаймыз. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, жұрт бір ауыздан қолдады. Атқарылатын іс-шаралар да ауқымды. Бір жыл бойы Республика көлемінде елдікті тойлаймыз. «Қамшы» ақпараттық порталы да өз әлінше шығармашылық бәйге жариялап, Алаш дейтін азаматтардың көмегімен 1,5 миллион теңге жүлде тағайындады. Сөйтіп, жер-жерде, ел-елде исі қазақтың бәрі елеңдеп отыр.
Әрине, дүрілдетіп той тойлау, ат шаптырып, бәйге беру - қазақ тойының ежелден келе жатқан ескі дәстүрі. Тарихтағы бәленшенің асы, түгеншенің тойы деген айтылымдар содан қалған. Ал 2015 жыл – Керей мен Жәнібек ханға ас берейік деп отырған жоқпыз. Елдігімізді, тарихымызды түгендейік, барымызды бар деп, жоғымызды ыс-түтектен аршып алайық деп отырмыз. Ендеше, 2015 жыл шын мәніндегі елдіктің тойы болсын десек, тарихымызға күйе, сүйегімізге таңба болып келе жатқан Петропавл мен Павлодар атауын өзгерту керекпіз. Екі облыс Хан Керей мен Хан Жәнібек атанып, облыс орталықтары Қызылжар мен Кереку атын алса бабалар мен ұрпақтар алдындағы бір парызмызды орындаған болар едік.
Бұл ұсыныс бірлігі жарасып, сүттей ұйып отырған Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерінің де көңілінен шығар деп ойлаймыз. Әсіресе, «Ел бірлігін» ту еткен Қазақстан халықтары ассамблеясы қос қолдап қуаттайды деген сенімдеміз.
Тұрдыбек Құрметхан
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір