• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:45:23
Алматы
+12°

13 Желтоқсан, 2014 NEWS

Олар 1 қаңтарды тойлауға тыйым салды. Ал, бізде ше?

Бүгінде әлем халықтарының басым көпшілігі алдағы келе жатқан 1 қаңтар мерекесіне қызу дайындықты бастап кетті. Қазақстандағы болып жатқан жағдайларға қарап...

Бүгінде әлем халықтарының басым көпшілігі алдағы келе жатқан 1 қаңтар мерекесіне қызу дайындықты бастап кетті. Қазақстандағы болып жатқан жағдайларға қарап осылай бағалап отырмыз. Біздегі Мемлекеттік ғимарат әйнектері мен терезелерінің алды Аяз ата мен қарша қыздың бейнесімен толықты. Қала көшелері бір-бірімен бәсекесі бардай бар бояуын қанықтай түскен. Қызға қыдиған кәрі шалдың бейнесі бірде былай түссе, бірде былай түседі. Қазақстандағы қауым болып тойлар жалғыз мереке 1 қаңтар. Қан базардың бойына қан жүгіртіп тұрған жаңа жылдық шыршалар мен ойыншықтар. Қысқасы Қазақстандағы христиандардың діні мұсылман қазаққа өкпесі жоқ. Екі өкпесін қолына ұстап базар аралағанда ойлары шырша, тойлары солардың төл мерекесі.

ujQrPnMK3JY

Бір күндік мейрамның байбаламы бір айға созылады. Бірақ, 1 қаңтарды тойлау хриастандардың да арасында таласты мәселе. Нәсрәнилердің Православие бағытындағылар 1 қаңтар мейрамын тойламайды. Рождество күнін атап өтумен ғана шектеледі. Бұл Католик бағытындағылардың мерекесі көрінеді. Ал енді мына мемлкеттерде 1 қаңтар тіпті де меркелік сипат алмайды екен. Сауд Арабия. Бұл елде 1 қаңтар жаңа жыл мерекесін тойлауға ресми түрде тыйым салынған. Олар үшін бұл күн катардағы атаусыз күндердің біріндей. Al Mutawa полициясы жергілікті халыққа да, осында келген шет елдіктерге де бұл күнді атап өтпеуді қатаң ескертеді. Полицейлер қала көшелерін аралап дүкендер мен супермаркеттерді ойыншық не гүл мерекелік нышанға ие заттардың сатылмауын қадағалайды. Тәртіп бұзған жағдайда кейде кісі өліміне дейін барып қалатын көрінеді. Израиль. Бұлар үшінде 1 қаңтар қарапайым жұмыс күні,егерде демалысқа сай келіп қалмаса. Еврейлер жаңа жылдарын күз айларында тойлайды. Еврейлік күнтізбе бойынша қыркүйек-қазан айларына сәйкес келеді. Олар мейрамдарын Рош-Ха-Шана деп атайды. Иран. Иранда бұл күнде тіпті мерекенің исі де шықпайды. Мемлекет өзі жасаған күнтізбесінің негізімен жүреді. Қазір Иранда 1392 жыл. Ирандық күнтізбенің жасалуына кезінде Омар Хаям қатысқан дегенде дерек бар. Ирандықтар күнтізбелері бойынша көктемнің алғашқы күнін жаңа жыл ретінде тойлайды екен. Ол григориандық кесте бойынша 22 наурызға сәйкес келеді екен. Наурыз мейрамы тек Иранда ғана емес сонымен қатар Албанияда, Македонияда, Тәжікстанда, Түркияда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Ауғанстанда, Үндістанның кей аудандарында, Өзбекстанда,өзіміздің Қазақстанда тойланады. Индия. Мәдениеті мәуелі Үнді елінде мереке көп. Олардың бәрін бірдей тойлайтын болса онда жұмыстары жайына қалар еді. Сондықтан Үнді елінде мерекелерді «таңдап тойлау» дегенде бар. Ол күні барлық мекемелер жұмыс істейді де, қалаған қызметкерлер сұранып кете береді. Соншалықты маңызды мерекелердің қатарына 1 қаңтар мерекесі кірмейді екен. Олардың күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесі 22 наурыз күні тойланады екен. Махараштра штатында оны Гуди Падва десе, Андхра Прадеш штатында Угади деп атайды екен. Керала штатында 13 сәуір күні Вишу деген атпен тойланады екен. Қытай. Қытайда жаңа жыл меркесі барынша атаусыз, жайбарақат өтеді. Қала аумағындағы кейбір супермаркеттер мен ғимараттардың алдына үлкен-үлкен Санта-Клаустардың бейнесін қойып, бір-біріне электронды сәлем хаттар жазумен ғана шектеледі. Оның өзін 1 қаңтар мерекесіне емес Рождестволарының құрметіне істейді екен. Бейресми мәліметтерге жүгінсек қылмыс атаулының қызар сәті 31-желтоқсаннан 1 қаңтарға ауған түн екен. Ұрлық қарлық, зорлық түрлері, кісі өлімінің көрсеткіштері қатардағы күннен әлдеқайда көп. Қазақстандықтардың 17 % -ы жаңа жылды дәстүрлі мереке ретінде танымаса, 70 %-дан астамы бұл мерекені Аяз ата мен қарша қызсыз елестете алмайды екен. Енді осы мерекеге дініміз бір өзге халықтар не дейді екен? Тәжікстанның бас муфтияаты бұл мерекені тойлаудың харам екенідігін айтып, елді жаңа жыл мерекесін тойлаудан қайтарған. « Құранда бұл мереке туралы ешқандай бір дерек жоқ, ол христиандардың мейрамы»,-дейді Саидмукарам Абдукодирзода. Ал көршілес Өзбекстанда 2012 жыдан Аяз ата мен қарша қызды теледидардан да көрсетпейді екен. Тек кадрларға байқаусыз түсіп қалмаса, арнайы сюжет жасауға тыйым салынған. Бұл бастама Ташкенттің білім бөлімінің бастығы Анвар Закировтың өтініші бойынша 2004 жылдан қолға алынған болатын. Өз халқына тек қана наурыз мейрамын тойлауға болатындығы жөнінде үндеу тастаған. Көп кешікпей 2009-2010 жылдары заң қатаң күшіне енді. Білім министрлігі жаңа жыл қарсаңында сыйлыққа деп оқушыдан ақша жинауға тыйым салған. Бұл тәртіпке көнбеген адам жұмысынан кетуі немесе қатал жазалануы мүмкін. Көршілес елдердің қандай ауқымдағы шаралар жасап жатқанын көрдік. Енді біздің ҚМДБ не дейді екен?

Орхан Бақытбеков

"Қамшы" Сілтейді

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір