• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:39:08
Алматы
+12°

30 Қараша, 2014 NEWS

Пара алмау – Қазақстанда үлкен ерлік немесе Құлбаев 10,000$-дан бас тартты

Жыл басынан бергі ақ жағалы лауазымдылардың 8-і ала жіпті аттап, арысы абақты асса, берісі «қабақты» бағып, үй қамақта отыр. «Билік басына барған басшылардың...

Жыл басынан бергі ақ жағалы лауазымдылардың 8-і ала жіпті аттап, арысы абақты асса, берісі «қабақты» бағып, үй қамақта отыр. «Билік басына барған басшылардың барғандағы «басты» мақсатары осы ма?» деген де ойға келдік.

Кеше ОҚО прокуратурасы аға прокурор Құлбаевты пара алудан бас тартқаны үшін қаржылай сыйақымен марапаттапты. Бұл туралы ОҚО-ның прокуратура баспасөзі хабарлайды. Арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Кұлбаев мырза өзіне белгісіз бір кіснің телефон арқылы хабарласқанын айтып, өзіне қатысты қылмыстық істің оңтайлы шешімін табуға септігін тигізуін сұраған. Осы жаймен Құлбаев пракуратураға арыз түсірген. Аталмыш азаматты прокурор кабинетінде 10, 000 АҚШ доллар көлемінде пара бермек сәтінде құрықтаған. Оқиға барысында қылмыстық іс қозғалды. Онкологиялық аурухананың жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны қымқырғаны үшін деген айыппен іс сотқа жөнелтіліп отыр. ОҚО прокуратурасы аға прокурор Құлбаевқа өзінің қызметіне адалдық танытып, азаматтық позициясын сақтап қалғандығы үшін алғыстарын ақшалай білдіріпті. Былыққа бату «әдетке» айналып кеткен тұста Құлбаевтың ерлігі елді елең еткізері анық.

Орынбасар Бақытбек

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір