• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:46:01
Алматы
+12°

22 Қараша, 2014 NEWS

«Capital Bank Kazakhstan» "Арсеналды" қаржыландырады

Ала доп,алаяқ ақша! Қазір Қазақстанда  кенже қалған спорт түрі  -  футбол. Кейінгі жылдардағы «жылт» еткен сәуле ғана жанкүйерлердің жаппай жылыстауынан аман...

 Ала доп,алаяқ ақша! Қазір Қазақстанда  кенже қалған спорт түрі  -  футбол. Кейінгі жылдардағы «жылт» еткен сәуле ғана жанкүйерлердің жаппай жылыстауынан аман сақтап тұр. Қазақстан аяқдопшыларын қағытпа әзілге қолжаулық қылатында сәттері болады. Әр сәт сайын жауыр болған «сенімнің» арқасын үмітпен сипай бергеннен де жалыққан шығар. Ел сенген ойында, «тең салған гол» емес, теңселген нәтижемен қайта бергесін..Қазір құрама командаларымыз қаржы жағынан болсын, қажыр жағынан болсын қажып жүргендей. Осы орайда мынандай бір ақпарат ел құлағын елең еткізді. Осыдан бірнеше күн  бұрын сайтымызда «Самұрық-қазына» әл-ауқат қорының Түркиялық «Галатасарай» футбол клубының демеушісі болғандығын естіп, жағамызды ұстағанбыз.

Сөйтсек, «Самұрықпен» қанатын қатар қағатын «банктерде» бар екен. Отандық «Capital Bank Kazakhstan» Лондондық Арсенал футбол командасымен 3 жылдық келісім шартқа отырыпты. Бұл туралы команда өз сайттарында жазған екен.

Келісім шарт туралы Арсеналдың коммерциялық директоры Вен Венкетешам: «Біз бұл келісім шартқа қуаныштымыз. Ағылшын  премьер лигасындағы Қазақстанмен алғашқы серіктестік жұмысты бастап отырғанымыз қуантады» дейді. Ал капиталы көп « Capital Bank Kazakhstan » банкінің директоры Ғани Өзбеков: « Өте қуаныштымыз. Біз алдымызға айқын мақсат қойып, әлемдегі мықты командамен бизнес жоспарларымызды жүзеге асырамыз. Арсенал әлемдегі миллондаған жанкүйері бар команда » дейді. Миллиондаған жанкүйері бар командаға миллиардтаған қаржымыз кететінін ескерсек мың жерден жанкүйер болсаң да жаның күйеді екен. Отандық  футболға осы қаржың оннан бірі бөлініп отырма? Ақша  шашу, атақ жиюға ең төте жол екенін ескерсек, оларда қателеспегені. Қазақты насихаттамақшы-мыс. Самұрықты білгенмен Сарыарқаны танымас түріктерге тер болып, Капиталыңды білгенмен Kazakhstan-ңды танымайтындарға жем болып жүрмейік.

Өзің диуанасың, кімге пір боласың?

Орынбасар Бақтыбеков

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір