• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:29:06
Алматы
+12°

21 Қараша, 2014 NEWS

Қазақ шенеуніктері. Түрме. Жылқы жылы

Қазақияда елі үміт артып, үкімет жағалаған ақ жағалылардың бейбіт заманда «репрессияға» ұшырауы тым жиілеп кетті. Жаңбыр жаумай су болды деуге негіз жоқ. Жел...

Қазақияда елі үміт артып, үкімет жағалаған ақ жағалылардың бейбіт заманда «репрессияға» ұшырауы тым жиілеп кетті. Жаңбыр жаумай су болды деуге негіз жоқ. Жел тұрмаса шөр басы қимылдамас дейтініміз тағы бар. Өзі қалаған адамы көзінше қылмыс жасағасын «халық таңдауына» да таңданыспен қарайсың. Жұрт көңілінде жоғары қызметтегілердің жағдайы жақсы болуға тиіс. Әсіресе, заң саласындағы лауазымды тұлғалардың асығы алшысынан. Бұл қалың бұқараның ойы. Әрине, жалғыз жалақының жанбағысқа жәрдемі болмаса, қос қабатты үйдің қабырғасын қалауға қысқалық қылатыны бар. Соған қарамастан көп көліктілер мен көп қабаттылар қатары кеміген жоқ. Қай жолмен кірпіші қаланса да «пысықтығына» жамай салдық. Сөйте келе, сырын тани «жемқорлыққа» да түсіністікпен қарай бастадық. Бұл үрдістің тың бастама емес екені мәлім. Баяғы барымта заманы мен би аузын баққан дәуірдің өз қалыбына сай «жемқорлық» жолы болды. Кім малды болса, сол заңды. Баба жолын баласына үйретпесе де, балақ төмен былықтарды тірілтуші бүгінгі билік басындағы «кей» кіслер. Өкініштісі сол «кейлердің» қатары күн санап кемудің орнына кемелденіп келеді. Кеше ғана лауазым  тайлағын жетектеген Серік Ахметов мырзаның бүгін тайқарға теріс мінген түрін көріп отырмыз. Атышулы ағаларымыздың арты да шулы болды. Серік Ахметов аса ірі көлемдегі мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр. Қылмыстық кодекстің 176-бабының 4-бөлігі, б тармағында қарастырылатын ауыр жемқорлық қылмысын (жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамның бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыруы) жасады деп айыптаған. Биылғы 2014 жылдың  өзінде мынандай лауазымға тұлғалардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

bagdat

  1. Бағдат Мәйкеев

Генарал-майор аса ірі көлемде «пара» алу барысында қолға түскен. 2 000 000 АҚШ долллары. 6 жыл бас бостандығынан айырылды.

b

  1. Бауыржан Әбдішев

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі. Аталмыш лауазымды бір жылдай атқарған. Өз қызметін асыра пайдаланып жер бөлінісінде қылмысқа барған.

murat

  1. Мұрат Оспанов

ҚР табиғи монополия бақылау агенттігінің бұрынғы басшысы. 20 0000 АҚШ долллары көлемінде пара алған.

erlan

  1. Ерлан Арын

Павлодар облысының бұрынғы әкімі. Аса ірі көлемінде пара алды және Павлодар қаласындағы көпқабатты үйлерге бөлінген қаражатты жымқырған деген айып тағылған.

musil

  1. Мүслім Өміраев

Мемлекеттік тапсырысқа қатысты істе 100 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

mairam

  1. Мейрам Сымағұлов

Қарағандының бұрынғы басшысы. Қаладағы көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізген «ЮТЕКС» мердігер компаниясына өз қоражайын тегін жөндеуге мәжбүрлеген. Компания 5 миллон теңгеге шығынға батқан.

ser

  1. Серік Әшімбаев

ҚР ҰҚК-нің шекара бөлімінің бұрынғы бастығы. 300 миллион теңге көлемінде пара алды деген айыппен ұсталды.

iNrZuYv9OmwJ

  1. Серік Ахметов

Күні кешегі премьер министр. Аса ірі көлемде пара алды деген айыппен үй қамақта отыр. Ығай мен сығайлар. Бірінің беделі берекесіз емес.

Міне, осылар елін сүйген, елі сүйген Елбасының елді сеніп тапсырған адамдары. Халықты қамын жеймін деп отырғандағы орнында «жейміннің» ғана жоспарын жоғары дәрежеде орындап шықты. Серіктердің сапасы сетіней бастады. Сенеріміз кім? Әзірге үздік 8-дік осылар.. Заңның күшейгені ме жоқ түрмедегі жағдайдың жақсарғаны ма лауазымдылар лау жегіп лек-легімен кетіп жатыр...

Кімге сенеміз?

Орынбасар Бақытбек

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір