• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:47:58
Алматы
+12°

11 Қараша, 2014 NEWS

Тәуелсіздік мейрамына - 35 күн қалды. Сіз қалай қарсы аласыз?(сауалнама)

Тәуелсіздік мейрамына 35 күн қалды. Қайраттың қаны, Ләззаттың көз жасы тамған Алматы биыл бұл мерекені қай деңгейде атап өтер екен? Әлде жылдағыдай "1...

     Тәуелсіздік мейрамына 35 күн қалды. Қайраттың қаны, Ләззаттың көз жасы тамған Алматы биыл бұл мерекені қай деңгейде атап өтер екен? Әлде жылдағыдай "1 қаңтардың" қалтарысында қалып қоя ма? Былтыр кейбір облыстарда 31 желтоқсанға бір жарым ай бұрын дайындық басталып,16-шы желтоқсан нағыз жұмыстың қызған шағы болды. Бір ғана Павлодар облысының әкімдігі "1 қаңтар" үшін бюджеттің 38 миллион теңгесін шыршаға шығын қылған.

Ал, Тәуелсіздік мейрамын Сіз қалай қарсы аласыз?

1566121

Айдос Сарым,саясаттанушы:

Шынын айтсам, білмейді екенмін. Біреуге демалыс болса, саясат маңында жүрген адамдар үшін бұл күн жұмыс. Қазірден бастап жоспарланып қойылған шаралар бар, соларға қатысамын. Жылдағы дәстүр бойынша Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне барып, ел азаттығы үшін күрескен, осы жолда шейіт болғандарға тәу етемін.

434_84c396561ce6bb19c5a20c9844a70ed4

Ауыт Мұқибек, ақын:

Бүкіл дүние жүзіндегі қазақтар тойлайтын жалғыз мереке, ұлы мереке - ол- Тәуелсіздік мерекесі. Бұл Наурыз мерекесінен де биік, құнды. Наурыз бүкіл түркі халқына ортақ. Жаңа жыл деп жүрген 1-қаңтардың қазақпен еш қатысы жоқ. Ол бізге озбыр билеушілерден қалған "мұра". Ал, қалған мерекелер де жетерлік қой, мерекенің болғаны жақсы. Қалай десек те, қазақ халқы үшін, Қазақ елі үшін бар мерекеден Тәуелсіздік мерекесінің орны да, қуанышы да алабөтен. Ал, қалай тойлаймын? Ең алдымен ең жақын ағайын туысты құттықтаймын, арғы беттегі қандастарыма да телефон шалам. Ақшам кетті деп еш аямаймын. Сосын Құдайдың бұл күнге жеткізгеніне тәубе келтірем. Шеттегі ағайындардың да тезірек елге орлуын тілеймін. Азаттық жолында мерт болған, тер төккен ата-ағаларымды еске алып, дұға бағыштаймын. Хасен аға Оралтайдың "Елім-айлап өткен өмір" кітабын парақтаймын. Батыр нағашыларым Әкпар-Сейіт жөнінде жазылған нәрселерді, шешем айтқан әңгімелерді ойыма жаңғыртам.

025392_n

Нұрлан Сәдір:

Уағалейкум ассалам. Үйде тәуелсіздік жолында шейіт болғандарға арнап білетін сүрелерімнен дұға қыламын. Атаулы күннің қарсаңында жұмыста салтанатты жиынды ұйымдастыруға ат салысамын, сөз сөйлеймін. Тәуелсіздік туралы өз ойларыммен бөлісемін. Жұмыста түскі үзіліс кезінде дастархан жайып, ұжым болып шәй ішеміз. Тәуелсіздік туралы пікіріміз бір жерден шықпайтын болғандықтан айтысып та аламыз. Былтыр да, одан бұрын да Жаңаөзен оқиғаларына арналған жиындарға қатыстым. Ондай шара тағы ұйымдастырылып жатса, бұйырса, биыл да барып қара көбейтетін ниетім бар.

1473033_189764361213234_631525196_n

Айдос Жұқанұлы,журналист:

Тәуелсіздік мерекесін қарсы алу үшін оны сезіну керек. Мен сезінген емеспін. Тәуелсіздік Монументіне тәу етуге барғанда, қарама қарсысында Һакім емес әкім пианинода "Алма - Ата - моя первая любовь" деп әндетіп отырады. Одан қалса «Новый Годқа» дайындалып жатады. Өз тілінде еркін сөйлеп, ойнап-күліп, уайым-қайғысыз жүретін ортаны ғана Тәуелсіз деп білем. Ондай ортаны Түркістаннан, батыстағы Бейнеуден, оңтүстік шығыстағы Нарынқолдан, шығыстағы Тарбағатайдан, қиыр шығыстағы Бай-Өлкеден ғана көрдім. Алматы мен Астанадан көрмедім. Ал Алматы мен Астана қазақтанбайынша, Қазақстанға Тәуелсіздік жоқ. Оны әперетін 30-50 жас аралығындағы мықты жігіттер көп. Жолатпайды. Өйткені, "шөмеле үстінде ит жатыр, не өзі жемейді, не өзгеге жегізбейді". Былайша айтқанда, тыныш қана алым салықты төлеп отырған артық деп есептейді. Жерін қорғап қалған 5 млн. финдер құрлы жоқпыз. Тәуелсіздік тәуекелсіз келмейді. Себебі, тегін жатқан азаттық жоқ. Қысқасы, Тәуелсіздік күнін тәуелсіз екенімді толық сезінген кезде ғана қарсы алармын.

1363672445-825

Құл-Керім Елемес, ақын:

Әуелі Аллаһ тағалаға сан шүкір етіп, екі бас намаз оқимын! Сосын балаларыма оның мәні мен орыны жәйлі білгенімді, тілімнің жетісінше айтамын. Олардың да көзқарастарын тыңдаймын! Арналардан ол жәйлі ел не деп жатқанын естіп көреміз. Ал, енді, жылда көңілімді бұзатын нәрсе - ол мерекенің ылғи да "жаңа жылдың" көлеңкесінде қалып қоятыны...

photo

Төлен Рамазанұлы:

Жоспар бойынша, таңертең балаларыммен мешітке барып, әр жылдары ел тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтардың аруақтарына Құран бағыштап, сосын қала орталығындағы мерекелік шараларға қатысуымыз керек.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір