11 Қараша, 2014 NEWS
Арандатушылыққа жол бермеңіздер, ағайын!
WeChat әлеуметтік желісінде арандатушылық әрекетке жол беретін хабарлама таралуда. Азаматтық ала алмай жүрген оралман ағайындарды ертең бір орталыққа жиналу...
WeChat әлеуметтік желісінде арандатушылық әрекетке жол беретін хабарлама таралуда. Азаматтық ала алмай жүрген оралман ағайындарды ертең бір орталыққа жиналу туралы үндеген бұл хабарландыруға белгілі бір ұйымның немесе тұлғаның аты жазылмаған. Өздеріңіз білетіндей, қоғамдық ортада топтасып митинг жасау қалалық әкімдіктің рұқсатымен ғана жүзеге асады. Яғни бұл ұйымдасу шарасында ешқандай да ресми рұқсат қағаздары жоқ деген сөз. Сондықтан да, арандап қалудан сақ болайық, ардақты ағайын! Бұл шетелдегі қандастарымызды Атажұртқа еш кедергісіз көшіруге ықпал ететін "Көші-қон" туралы заңның жаңа өзгертулеріне қарсы жасалған қадам деп есептейміз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір