• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:08:28
Алматы
+12°

06 Қараша, 2014 Алаш-Орда

Қазақтың қысқаша тарихы

("Қазақ елі - 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне)

("Қазақ елі - 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне)

1) Б.д.д. замандарда кәзіргі Орта Азиядан бастап Европаға дейінгі даланы жайлаған көшпелілерді ирандықтар Сак деп, ежелгі гректер Скиф деп атаған. Сақ халқының Үзікүй (Языги), Қаңғүй (Каньгю), Сирақүй (Сираки), Албан, Сыбан, Адай (Дай), Албаүз (Сайрима, Сармат, Алазон деп әрқалай көрсетілген) деген тайпалары болған. Сақ халқы Арыс бабасына табынған, олардың аспан құдайына арнап қасиетті қылышпен «құрбандық» шалғанын Геродат көрсеткен. Осы себептен бұл қылыш «Алдыаспан» деп аталып кеткен, яғни «ол арқылы Аспан құдайы құрбандық алды» деген сенім мағынасында (Қазақ кәзірде қылыштың асылын Алдаспан деп атайды).

Б.д.д. 3-ші мыңжылдықта кәзіргі Шыңжаннан бастап Орталық Қытай аймағына дейінгі орманды тауларды жайлаған халық қытай деректерінде Жунди, ал олардың солтүстігіндегі далалы аймақтағы халық Хуньюи деп көрсетілген. Бұл деректер алғашқы қытайлық Ся мемлекетіне байланысты айтылады. «Жүндес» таулықтарды дала халқы Жүнді деп, ал Жүнді халқы өңін жел қақтаған қоңыр түсті далалықтарды Құңыр (Қоңыр) деп атағанын көреміз. Сонда Жунди дегені Жүнді, ал Хуньюи дегені Құңрүйі. «Р» әрпі жоқ қытай деректері Құңр атауын Хунь немесе Хунну деп көрсетеді, біздер оны ескермегендіктен атауды Ғұң деп кеттік (мағынасыз сөз). Сол замандарда «Ху» деген тайпада болған, «шығыс Ху» тайпасы Жапон ұлтының арғы атасы болар.

hanstvo

Алғашқы қытайлық Ся елінің орнын Шан династиясы басқаны және Ся елінің бір бөлігі дала тайпалары жеріне кеткені айтылады. Олар «Ху» тайпасының далалық руларымен қосылып Сяньби деген халыққа айналып, ондағы Құңрүйі халқына көрші орнықты. Сяньби халқының ұрпақтары кәзір өздерін Моңғол халқы деп атайтын Ойрат, Қалмақ, Жоңғар тәрізді тайпалар.

2) Б.д.д III ғ. дейін көршілері Жүнді халқын екіге ыдыратты, далалық аймаққа қытайлық Тянь (Тәңрі) сенімін алып барған жүнділер «Дінлі» (Динлин) деген атауға ие болды (Динлин ұрпақтары қырғыз, ұйғыр, хакас, башқыр тәрізді ұлттар).

Жүнділік Арын тайпасының кей тобы «шығыс Ху» тайпаларына барып қосылды («р» әрпі жоқ қытайларша «Айн» деп аталған олар Жапондарға сіңді), Арын тайпасының Құңр халқына қосылғандары Арқұң деп аталып кетті (кәзір «Арғын»).

Жүнді халқының Шыңжанда қалғанын Құңрлық (Хуньдық) топ биледі, «Құңрмын» деген оларды қытай жазбасы «Гуньмо» деп көрсеткен. Ондағы жүнділер негізінен Ошақ тайпасы болатын, олар қытай жазбаларында Юэчже деп көрсетілген (қытайша «О» дыбысын «ЮЭ» әріптерімен берген және соңғы «Қ» айтылмаған. Қытайша толық айтса «Ошақ» атауы «Юэчжақы» болар еді, қытайлар атауды «Юэчжи» деп қысқаша айтқан. Осы себептен:  «қазақ» атауы «хасахы» емес, «Хаса» делінді, «сақүй» атауы «сахыю» емес, «Сию» делінді қытайлық деректерде). Ошақтар өз халқын «жүнді» емес, «Жанды» деуді жөн көрген және мемлекеттерін Үйжан деп атаған тәрізді. Оларды «Жун халқы» деп танитын қытайларша мемлекет «Уйжун» деп аталды,  кейін жазбаларға «Уйсун» болып енді.

Жүнді халқының негізгі тобы батысқа ығысып Орта Азияда отырған Сақ (Скиф) халқын басып алды. Келгендер негізінен Арын тайпасынан болатын, олар кәзіргі Түркіменстан аймағында өздеріне бағындырды. Бұл аймақ ирандық мағынасы «арғы жақ» болатын «Парфие» сөзімен аталатын, осы себептен Арын тайпасы орнатқан мемлекет «Парфия» делініп тарихқа енді, көп ұзамай оған Иран мен Закавказье аймақтарыда бағынды. Көшпелілерді «Сак» дейтін ирандықтар,  Парфия билеушілерін Арынсак деп атады. Осы атау тарихқа Аршак болып енді, ал закавказьеде олар Араншах деп көрсетілді. Қытай жазбасы Парфия патшалығын Аньси деп көрсеткен, яғни «р» әрпі жоқ қытайлар Арынсақ орнына Аньси деп жазды («сақ» сөзін «си» дейтінін айттық).

3) Осы б.д.д. III ғ. «көршің кім десе солсың» деген қағидамен Құңр халқы атауы «Құң» болып қалыптасып кетті («құңр», тек Құңрат деген руының атауында сақталды). Құң халқы 24 тайпалы болған, олардың Құман (хуянь), Сыйбөрі (сюибу), Асылұяң (силюань), Ұлан (лянь) деген төртеуі таңдаулы деп танылған. Құң халқы билігіне келген Мүде атақты Құң Империясын орнатты. Мемлекетті билеген әулет Шыңүй (Шанью) деп аталған және әуелде 24 тайпа көсемдері арасынан сайланған. Мүде өз заманында, Шыңүй тек Асылұя тайпасынан сайланатын дәстүр енгізді. Осы тайпа адамдарын, басқалары «Асылұяңдар» дейтінін естіген қытай жылнамасышысы тайпаны «Силюань-ди» деп көрсетті (әуелгі «А» әрпі әлсіз естілетіндіктен түсіп қалған және соңғы «р» әрпі қытайда жоқ). Бүкіл Евразияны билеп  келген Ас немесе Асылүй патшалары Династиясы тарихы осылай басталды.

 skif

4) Б.д.д. II ғ. Қытай империясы Ошақ (Юэчжи) тайпасымен одақтастыққа қол жеткізді, Үйсүн мемлекетін  билеген Құңр (Гуньмо) тобыне қытай қыздары әйелдікке ұзатылды. Қытай империясы көмегіне сүйенген Үйсүн мемлекеті осы б.д.д. II ғ. көрші Арын (Парфия) патшалығын бағындырды. Осылайша Жүнді  халқының екі мемлекеті қосылуынан алып Үйсүн (Үйжан) Империясы орнады, оның болғанын тек XIX ғ. мойындаған тарихшылар оны Кушан Империясы деп бұрмалап атайды («Ұлы Жібек жолының» қалыптасуы осы Үйсүн Патшалығының орнауымен тікелей байланысты). Үйсүн империясының елтаңбасы «Таз Қара» деген алып құс бейнесі болды (қытайша жазбада «қара» атауы «қарға» деп бұрмаланып жазылды, немесе аудармашы солай түсініп жазды). Бұл құсты ирандықтар Симруг («тау құсы» деген мағынада), ал ертегректер «Грифон» деп көрсеткен.

5) Б.д. басында Қытай-Сяньби-Уйсун одағы Құң Империясын жойып, Құң халқын төртке ыдыратты. Құңдардың бір тобы Қытай шекарасын күзетушіге айналды (көбі таңдаулы Құман тайпасы болар, кейін «қарақтай» немесе «қидан» деп аталған), олардың кейінгі атауы Найман тәрізді (8 рудан тұратын Құман тайпасын, сяньбилер «найма куман» және қысқаша «найкуман» дегендіктен  атау кейін «Найман» болып қалыптасқан). Құңдардың екінші тобы Сяньбилерге бағынды делінген, ал үшінші тобы Амур-Аргунь аймағында қалды (кейін «Қыпшақ халқы» деп аталғандар). Құңдардың негізгі бөлігі батысқа ығысып, Қазақстан-Сібір-Орал-Дон-Кавказ аймақтарындағы Сақ (Скиф) халқын басып алды. Батысқа ығысқан Құңдардың артынан Сяньби билеушісі Таншихай әскер жіберген, ол әскерді Тарбағатайда отырған Абар тайпалары тоқтатты.

Батысқа ығысқан құңдар, б.д. III ғ. ортасына дейін Үйсүн Империясы (Кушан патшалығы) аймағын (Орта Азия) бағындыра алмады. Өйткені аталған мемлекетті билеген топ Қытай Империясымен одақтас болатын.

Құңдардың Бөріқұң тайпасы басым болған тобы Солтүстік Европаға орнықты (бұл тайпа Бургунд деп танылады тарихта). Кәзіргі «ішкі Ресей» аймағына орныққан құңдар «Ішкі үй» (Ушкуйнаки) деп аталып кетті және олардың негізгі тобы Татар тайпасы болған тәрізді (Құңрат тайпасы орныққан аймақ Хунград деп аталған, ол кейін Новгород болып өзгертілгенін Ресей тарихшысы Татищев жазған). Европа мен Закавказе аймағына жеткен құңдарда Ұлан тайпасы басым болды («Ұланмын» деген оларды европалықтар Алеман деп көрсетсе, Кавказға жеткендері Алан делініп тарихқа енді). Еділ мен Днепр арасындағы даланы басып алған құңдарда Құман тайпасы басым болғандықтан, ол аймақ Кумания делініп тарихқа енді (кәзіргі Кубань өзені сол заманнан Құман деп аталған). Үлкен Кавказдың таулы аймағын басып алған құңдардың басым бөлігі Қабар тайпасы болғандықтан, ол тау «Қаб тауы» деп аталына бастады.

Құң халқы иеленген кәзіргі Қазақстан аймағын  көршілері Құңзақ деп атап кетті («құң аймағы» деген мағынада, «жақ» сөзі орнында «зақ»). Осылайша сол аймақ халқын «Құңзақ» деп атау қалыптаса бастады (Құң мен Сақ тайпаларынан құралған халық, арасында Абар тайпасыда бар).

6) Б.д. III ғ.  Үйсүн (Кушан) мемлекетін Құңдар басып алды, олардың негізгі күші таңдаулы Сыйбөрі (Сюибу) тайпасы еді. Билеушісі Шыңүй деп аталғандықтан мемлекет Шыңжан деп аталды (Үйсүн немесе Үйжан орнын Шыңжан басты). Бұл мемлекет IV ғ. Қытай шекарасына дейін созылған ежелгі Құң Империясы аймағын және батысындағы Закавказье аймағында басып алды. Оларға ертеден өш Қытайлықтар,  Шыңжан орнына мемлекетті Жужан деп атады (қытайша мағынасы «жер бауырлаушы») және мемлекет елтаңбасы үйсүндік «Таз Қара» болып қалды. Осылайша Қытай шекарасынан бастап Закавказьеге дейін созылған алып империя орнықты (Гунн Империясы мен Жужан Қағанаты әуелде осылай біртұтас империя болған). Осы Жужан империясын билеген Ас (Асылүй) тобы мен Сыйбөрілік жетекші рудың одақтасуынан Сыйбөрас атаулы тайпа қалыптасты, ал Сыйбөрі тайпасының негізгі бөлігі Жалайыр делініп аталып кетті (атақты қолбасшысының Жалайыр деген жанама атауымен).

Жужан Қағанаты құрамына Закавказьеде кіргізілді (кәзіргі Каспий теңізі сол заманнан Журжан деп аталды). Осы заманға дейін Закавказьені билеген Араншах (Арынсақ) тайпасы III ғ. христяндық қабылдаған еді (дінді «ежелгі грек» тілінде қабылдағандықтан өз тілдері өзгеріп бастаған). Биліктен айрылған олар, қол астындағы халықты бастап кіші Кавказ тауына ығысты, міне осылайша християн дінді кәзіргі Армиян ұлтының қалыптасуы жылдамдады (яғни, Армиян ұлтын қалыптастырушы Арын немесе кәзіргі атауы Арғын болған тайпа).

Жужан әскері болып Кавказға жеткен Абар тайпасы орныққан аймағын Құңзах деп атады (Дағыстандағы Хунзах даласы мен Хунзах ауылы). Өйткені бұл заманда кәзіргі Қазақстандағы халық Құңзақ деп аталатын (Абарлар осы халықтың бір тайпасы болатын).

Ал IV ғ. соңында Жужан қағанатының Кавказ-Европалық аймағы Аттылы (Аттила) патша билігімен дербестікке ие болды, Гунн Империясы заманы басталды (билеуші Сыйбөрас тайпасы атауы бұрмаланғандықтан, мемлекеттің V ғ. Кавказдық бөлігі «Савир» атаумен Иран-Византия жазбаларына түсті. Алайда жергілікті этностар оларды «Жужан» деп атайтын, олар V ғ. «ортагрек» тілі немесе Византия арқылы християндықа көшті және VII ғ. кейін болашақ Грузин ұлты болып қалыптаса бастады. Өйткені, VII ғ. олар биліктен айрылып кіші Кавказ тауына ығысты).

Осы IV ғ. Жужан Қағанатының Орта Азия-Шыңжан-Ауғаныстан және Индияға дейінгі аймағын Үзік тайпалары басып алды (Үзікүй немесе  грекше «Языги»). Көршілері «епті алп итті» немесе қысқаша «Епталиті» (Алабай иті себебінен) дегендіктен, олардың мемлекеті «Эфталиты патшалығы» болып тарихқа енді. Осы Үзік халқын билеген топ «Ақүз» деп аталған, ресейліктер оны «Оқүз» деп бұрмалап тарихқа Оғыз атауын енгізді.

skif2

Үзік тайпасына Орта Азия-Шыңжан-Ауғаныстандағы отырықшы Үйсүндер бағынды (Үйсүн империясы халқы отырықшы және көшпелі болып бөлінгені қытай деректерінен мәлім). Билеуші топтарын Бек дейтін үйсүн отырықшылары, өздерін билеушіге айналған Үз адамдарын Үзбек деп атап кетті. Осы атау көп ұзамай барша отырықшыларға таңылды, отырықшы адамдарды Үзбек деу қалыптасты, ондағы Үйсүн мен Үзік тілдері араласуынан жеке Үзбек тілі пайда болды.

IV ғ. Ордостағы Құңдарды билеген Асылұялық ру Төргі деп аталған («ө», «р», «і» әріптері жоқ қытай жазбасында Тугэ деп көрсетілген), қысқаша Төргі Асұяң (қытайша Асянь-ше). Сяньбилік Тобғаш тайпасы ығыстырған олардың үлкен тобы V ғ. Алтай тауына қоныстанды, Жужандарға темір өндіру арқылы одақтастыққа қол жеткізді (арғы аналары Сыйбөрі тайпасынан болғандықтан Жужан империясын билеген Сыйбөрас тайпасына жиен саналған. Олардың «арғы атасын емізген Бөрі-қаншық» деген аңыз, аналары Сыйбөрі қызы болғандықтан  туған).

7) VI ғ. Жужан Қағанаты билігіне Алтай аймағының Төргі Асұя адамдары араласты, Төргі Қағанаты заманы басталды. Олардың атауы өзгетілдерде бұрмаланып «Тюрки Ашина билеген  Тюрки Қағанаты» делініп тарихқа енді. Бұл ғасырда Қазақстандағы халықтың Құңзах атауы Қазақ болып қалыптасқан еді (Құңзақ атауы «ұң» бөлігінсіз әуелі Қзақ, сосын көп ұзамай Қазақ болды). Мемлекет билеуші тайпа атауымен Түркі Қағанаты деп аталғандықтан, мемлекет халқының  өз атауы «көлеңкеде» қалды. Дегенмен тарихи деректерде Қазақ атауы сақталды, VI ғ. Қашқар аймағы халқы қытай жазбасында Хаса делінген. Арабәріпті жазбалардағы, Түркілер әскері болып Үндістанға жеткен Қазақтарды жазылу ұқсастығынан Халадж немесе Хилдж деп, ал Ақүздер (Оғыз) аймағындағы Қазақтарды Қзық және Қнық деп бұрмалап кетті. Кәзіргі Оңтүстік Ресей мен Украйна аймағындағы Қазақтар «ескіорыстық» жылнамаларда Гзакь, Касог, Козаги болып кездеседі.

Түркі Қағанаты атақты Эфталиты патшалығын жойды (Үзік тайпасы екенін айттық), олардың қысымынан Ақүз (Оғыз) халқының Хазар тайпасы Закавказьеге кетті. Осы келген Хазарларды  әскері еткен Иран-Византия одағы Закавказьедегі Савир (Сыйбөр) мемлекетін жойды. Савир  елінің кіші Кавказға ығысып Византияға бағынғандары Жужан деп аталып, Грузин халқының негізін қалады (Журжан, Журзан, Гурзан, Гурзин). Олардың Иранға бағынған үлкен Кавказдағылары астанасы Құңзақ қаласы болған Сарир мемлекетін орнатты (Авар жері). Савир елінің Европаға кеткендері онда астанасы Савария (Венгрия аймағында) болған Авар Қағанатын орнатты. Венгриядағы Кунзак (Кишкунзак, Надкунзак) атаулы жерлер сол Абарлардан қалды. Осы атаулар Қыпшақ деу қателік. Венгрия мен Дағыстандағы Құнзақ атаулары және Аварлардың  Тарбағатайлық Абарлардан екендігі Құнзақ атауының отаны кәзіргі Қазақстан екенін дәлелдейді.

Европа аймағында Авар Қағанаты орнауы Түркі Қағанатының тікелей көмегімен байланысты, әуелде Сыйбөрас және Төргі тайпалары одақтас болды. Авар Қағанатының әшекейлерінде Грифонның жиі кездесуі Жужан Қағанатының «таз Қара» (Самұрық) елтаңбасын Авар Қағанатыда  қолданғанын көрсетеді. Демек, Савир мемлекеті мен Авар Қағанаты патшалары Жужан Қағанатын билеген Сыйбөрас әулетінен болған. Түркі Қағанаты бұл заман үлкен Кавказдағы Сарир мемлекеті билігін иеленіп, олардың елтаңбасын Бөрі етті. Ал Закавказье Иран ықпалында қалып қойды.

8) VII ғ. Сыйбөрас және Түркі Ашина әулеттері арасындағы бақталастықтан Түркі Қағанаты екіге ыдырады. Сыйбөрастар Жужан Қағанатынан одақтасы болған сақ-үйсүндік тоғыз тайпа көмегімен «Он ақ түтін Қағанаты» (Батыс Түркі Қағанаты) болып бөлінді, ал Төргі Асұя (Түркі Ашина) тайпасы Шығыс Түркі Қағанатын иеленіп қалды. Осы жаулық әсері Сыйбөрас атауын Шибөраш етті, Түркілердің батысқа ығысқандары өздерін Бөріші деп атады. Қытайлар «Он ақ түтін Қағанаты»  орнына «Онүй шибөраш» атауын қолданып, оны өздерінше «Нушиви» деп көрсетті. Шыңғысхан шыққан тайпаның X ғ. дейін Шивей Монгу (Шибөраш Маңғы) деп аталуы, оның Шибөраш ұрпағы екенін көрсетеді (қазақ ғалымдарының генндік зертеулеріде оны растайды). Атаудың «Онүй шибөраш» екенін Батыс Түрік Қағанатын «Он ақ түтүн» қағанаты деп атағаныда дәлелдейді, оны Иезуйдтік тарихшылар «Он оқ бүтүн» деп бұрмалды (Орхон ескерткіштеріндегі жазбаларды солар қолдан жасаған). Олар Түркі мен Шибөраш бақталастығын жасырып, оны «бес тайпа Нушиви» мен «бес тайпа Дулу» жаулығы және осылардың ортақ атауы «Он оқ бутун» деп сендірді.

Асылүйлік екі тайпа бақталастығынан Авар Қағанаты орнын Ашина Түркілері билеген Ұлы Булгария басты. Сыйбөрас (Шибөраш) тобы Қырымдағы Аорс (Рус) және Сак Албан (Сакалиба) тайпаларының бір бөлігіндегі билігін сақтап қалды (олар әуелі Бөрі, католиктікті қабылдағансоң Бөрік делінген. Тарихқа Варяг және Рюрик атаулармен енді). Албания мен Ресейдің елтаңбалары бірдей, ондағы «екібасты орел» дегені «Таз Қара», екеуінде орнатқан Бөрік (Рюрик) әулеті.

Рус пен Сак Албан тайпаларының екінші бөлігін Ашина Түркілері биледі, олар Бөріші деп аталды (атау кейіннен Беріш болып орнықты. Бейбарыс сұлтан Қырымдық Бөрш тобынан, оны бала кезінде құлдыққа сатқан Бөрік тобы деу орынды).

 «Он Ақ түтін Қағанаты» ығыстырған Ашина Түркілерінің бір бөлігі Қазақ халқының  өздеріне бағынышты бөлігімен VII ғ. (626 жыл) Закавказьені басып алды. Ондағы Хазар тайпалары олардың одақтасына айналды, осылайша астанасы Самандар (кәзіргі Гяндж тәрізді) болған Хазар Қағанаты орнады. Жаңа келген Қазақ халқы екі Кавказ тауы арасындағы даланы иемденді, Закавказьедегі кәзіргі Қазақ атаулары сол VII ғ. орнықты. Араб тарихшылары Қазақ қаласының VIII ғ. Халифат жеріндегі әскери бекініс екенін көрсеткен. Византия Императоры IX ғ. екі Кавказ тауы арасында, Қара теңізден Қаспий теңізіне дейін Касахия елі отырғанын жазды. X ғ. аймақты аралаған араб тарихшысы Ал-Масуди Қазақтар (орысшада Кашак) жайлы деректер береді, одан мұсылман қазақ елінің астанасы кәзіргі Казах (орысшада  Карах) қаласы екенін және Колхида аймағындағы Қазақтар ескі сенімде болғанын көреміз. Ал-Масуди Қазақтардың басқа халықтарға қарағанда беттері таза дейді. Демек Закавказьеде отырған 300 жылда Қазақтар азиялық келбетін жоғалтқан, алайда Кавказдықтарға толық ұқсамаған.

Закавказьеге VII ғ. келгендердің Қазақ деп аталынуы олар шыққан Қазақстан аймағы халқының атауы кем дегенде VI ғ. Қазақ болғанын дәлелдейді. Солтүстік Кавказда (кәзіргі Осетия, Чечня, Ингушетия аймағы) отырған Қазақтарды сол Закавказелік Қазақтар «теріскей Қазақтары» деп атады (кейін Терские Казаки деп аталғандар).

(Жалғасы бар)

Бекжан Әденұлы

Bekjan Kadenuly

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір