• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:40:52
Алматы
+12°

13 Қазан, 2014 Саясат

«Халық банк» халыққа қызмет ете ме, әлде халықты қанай ма?

«Халық банк»  – екінші деңгейлі банктердің ішіндегі ең белдісі. Бұлай дейтініміз - оның капиталы - 2 триллион 746 миллиард теңгені құрайды. 

«Халық банк»  – екінші деңгейлі банктердің ішіндегі ең белдісі. Бұлай дейтініміз - оның капиталы - 2 триллион 746 миллиард теңгені құрайды. 

Мен көптен бері осы банктің тұтынушысымын. Алайда, бір түсіне алмайтыным  - осы банктің кез-келген қызметінде комиссиялық төлемдері мен қызмет ақылары әлдеқайда қымбат. Мысалы жай ғана Халық банкке тиесілі карточкаңызда қанша ақша бар екенін білу үшін банкоматқа салған жерден 40 теңге бересіз. Карточкаңызбен байланыс қызметтерін төлеу керек болсаңыз қанша сумма төлегеніңізге қарамастан комиссияға 50 теңге беруіңіз керек. Осы банктің интернет банкингін қолданып, өзге банктегі карточкаларға ақша аудармақшы болсаңыз 400 теңге төлеуіңіз керек. Есебіңізге түскен ақшаны босатып алу үшін де ақшаңыздың бір пайызын банкке беруіңіз керек.  Осылай тізіп кете берсеңіз 100 теңгелеп комиссия ұстайтын қызметтер жетіп жатыр. Соған қарамастан мемлекет көптеген төлем операцияларын осы банк арқылы жүргізуді міндеттеп қойған. Мысалы сіз ЖОО-ға құжат өткізу үшін 300 теңгеге жуық комиссиясмен қоса төлем жасауыңыз керек. Жыл сайын неше он мыңдаған оқушының ЖОО аудиториясына отыруға ниетті екенін бәріміз білеміз. Ал, түрлі қорлардың, мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың есептері дерлік осы банктен ашылған. Дұрысы осы банктен ашылуы міндеттелген. Осы банк арқылы комиссиясы ұшан-теңіз қыруар операциялардың жүрілуіне кім мүдделі екені түсініксіз. Шетелде ақша аударымдарынан басқа банк арқылы жүргізілетін операциялар мүлдем комиссиясыз жүріледі немесе өте елеусіз ғана процент ұстайды. 72,3 пайыз акциясы Тимур және Динара Құлыбаевтардың иелігінде болған, орынсыз өсімі көп «Халық банк» халыққа қызмет көрсете алмаса, атауын өзгертіп алғаны жөн шығар.

22042014Kulibayevy

Ақкісі Жанкерім

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір