• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:01:02
Алматы
+12°

10 Қазан, 2014 Саясат

Елбасы Еурокомиссия өкілдерімен кездесті. Бұл нені аңғартады?

Еуроодақ штаб пәтері саналатын Брюссельде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу кездесу өткізуде.

Еуроодақ штаб пәтері саналатын Брюссельде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу кездесу өткізуде.

eu

Кездесу жоспарына сай, әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық пен кеңейтілген әріптестік туралы жаңа Келісімге қол қою тұрғысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Украинадағы жағдай бойынша пікір алмасады. Еуропалық Одақ - Қазақстанның негізгі саяси, экономикалық, сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Бұл көрсеткіш бойынша ол Ресей мен Қытайдан озық тұр. Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы және еліміздің экономикасына тартылған шетелдік капиталдың 49 пайызы Еуроодақ үлесінде.  ОПЕК-ке мүше емес елдер арасында Қазақстан - Ресей мен Норвегиядан кейінгі Еуропаға энергия тасымалдайтын үшінші ірі мемлекет. Қазақстанның Еуроодақ елдерімен қарым-қатынасы қайшылықсыз сипатта және үздіксіз нығайып келеді.

Сондай-ақ, бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуына аз уақыт қалғанын хабарлады. Биыл, 4 мамырда Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «біз Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты келіссөздер үдерісін аяқтауға жақынбыз. Толық мүшелік осы жылы орын алады деп үміт артамыз», - деген болатын.

articles_1011

Сонымен қатар,  бүгін Парламент Сенаты «ЕАЭО келісімі» туралы шартты ратификациялады. 1 қазандағы Мәжілістің мақұлдауынан соң Сенат та «ЕАЭО келісімі» көп талқылап жатпады. Дәл бүгін, Қазақстанмен қатар Беларус Парламенті де Еуразиялық одақтың келісім-шартын ратификациялады. Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт биыл, 29 мамырда Астанада қабылданған болатын.

Әлемдік экономика тұрғысынан ДСҰ ауқымды және аудиториясы кең ұйым. Еуроодақ болса Еуропалық мемлекеттер үшін ортақ даму стратегиясы қалыптасқан қуатты экономикалық одақ. Ал, жаңа құрылып жатқан ЕАЭО - Еуроодақпен бәсекелесуді өзіне міндеттейді. Одаққа мүше елдер ортақ өндірісті дамыту мен Еуразиялық нарықты бірге иеленуге талпынып жатыр. Аталған ұйымға Қырғызстан мен Арменияның да мүше болу өтініші қаралуда.

Еуроодақпен кеңейтілген әріптестік немесе ДСҰ мүшелігіндегі Қазақстан, сондай-ақ ЕАЭО мүшелігіндегі Қазақстан. Бұлар Қазақстанның қай ұйымда болмасын өз ұпайын жоғалтпауға жасалып жатқан әрекеттері ме?  Қазақстан әзірге жоғарыдағы экономикалық одақтардың біреуіне де мүше емес. Десек те Қазақ елі осы бағыттардың ешқайсысында қалыс жұмыстар істеп жатпаған сыңайлы. Солай бола тұра, Ресеймен Қазақстан арасындағы сауда әріптестігі анағұрлым дамыған. Ал, бүгін ДСҰ туралы сөз қозғаған Ерболат Досев: «Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі мәселелерінде ДСҰ-ға қосылған Ресей тарапынан орын алған кедергілер еңсерілді» деді. Ол қандай кедергілер болуы мүмкін?   Украинада мен Ресей арасындағы жағдайдан кейін әлемдік саясаткерлердің көбі Путин билігіндегі Ресейге сын көзбен қараған еді. Олардың ішінде Еуропарламент саясаткерлері түгелдей Путинге ауыр сындар айтқан болатын. Құрамына Ресей қатысқан ЕАЭО ұйымына мүше болуға Қазақстанның жасаған әрекеті қоғамда түрлі пікірлер туғызып, көп талқыланды.  Дәл осы ретте, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық пен кеңейтілген әріптестік туралы жаңа Келісімге қол қойылуы нені аңғартады? Қазақстанның алдағы экономикалық қадамдары өзгеруі мүмкін бе? Бұл сұрақтарға оқырманмен бірге жауап іздемекпіз.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір