• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:07:39
Алматы
+12°

26 Тамыз, 2014 Сұхбат

Қанат Ислам: Аллаһуакбар! Алға, Қазақстан!

Бұған дейінгі ақпараттарымызда 7 тамыз күні Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өткізілген қандасымыз  Қанат Ислам мен   колумбиялық Фидел Мантерросаның...

Бұған дейінгі ақпараттарымызда 7 тамыз күні Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өткізілген қандасымыз  Қанат Ислам мен   колумбиялық Фидел Мантерросаның былғары қолғап түйістіргені туралы, онда Латын Америкасы чемпиондық белгісін 2-рет қорғаған Қанаттың Мантерросаны жеңгені туралы жазғамыз. Қазір ғаламторда осы бәсеке қызу талқыға түсіп, көп көрілуде. Мұхиттың арғы бетінде қазақ намысын қорғап жүрген қандасымыз Қанат Ислам қарсыласын тізе бүктіріп, "Аллахуакбар! Алға Қазақстан!" деп айғайлайды. Оның бұл сөзі көпті толқытып, қазақ еліндегі былғары қолғап киген жастарды жігерлендіретіні анық. Видеоның 27 минутын қараңыз.

 

Отандық спорт сүйер қауым Қанат Ислам жеткілікті насихатталмай жатқанын айтады. Оның тиесілі лайықты бағасы өз отанында әлі беріле қоймады. Бұл туралы белгілі спорт коментаторы Амангелді Сейтхан өзінің "facebook" әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Kanat

Естеріңізге сасақ, Қанат Ислам Бейжің олимпиядасында Қытай намысын қорғап қола жүлдеге ие болды. Ол содан кейін ата жұрты Қазақстанға бір жола қоныс аударып, ел азаматы болды. Бастабында "Астана арландары" клубында болған Қанат Лондон олимиядасына қатыса алмады. Ол қазір АҚШ-та шыңдалуда. Мұхиттың арғы бетінде жүріп, 18 рет жекпе-жек өткізген қандасымыз бірде-бір рет жеңіліс тапқан жоқ. Біз Қанат Исламға биік белестер, үлкен жеңістер тілейміз.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір