• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:58:18
Алматы
+12°

13 Тамыз, 2014 NEWS

НАТО: Ресейдің Украинаға шабуыл жасау мүмкіндігі өте жоғары

«Мәскеу бүлікшілер аумағына жататын Шығыс Украинаға жіберген «гуманитарлық көмегін» сылтаулартып, Украинадағы дағдарысқа әскери араласуы мүмкін дейді»,-НАТО...

«Мәскеу бүлікшілер аумағына жататын Шығыс Украинаға жіберген «гуманитарлық көмегін» сылтаулартып, Украинадағы дағдарысқа әскери араласуы мүмкін дейді»,-НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен.

Рейтер агенттігіне берген сұқпаты кезінде Ресейдің Украина ісіне әскери араласу мүмкіндігін қалай мөлшерлейтіні туралы сұралғанда Расмуссен: « Оның мүмкіндігі өте жоғары»,-деген.

Ол тағы: «Украинада заңсыз әскери операция жүргізуге әскери орналастырудың бар екендігін көріп отырмыз»,-дейді.

« Онда Ресейдің мыңдаған жоғары деңгейде қаруланған қосыны бар. Осының өзінен-ақ, Ресейдің Украинаға әскери араласу жолын талдағанын байқауға болады»,-деген пікірін паш еткен. «Егер, Ресей ,шынында, Украинаға шабуыл жасар болса, онда, АҚШ бастаған 28 елдің одағы есептелетін НАТО-ның бұған әскери араласуы мүмкін бе?»,-деп сұарлғанда, НАТО хатшысы: « Бұл гипотезалық сауал екен»,-деп жауап берген.

 

Дайындаған: Санат Наққазақ.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір