• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:20:19
Алматы
+12°

12 Тамыз, 2014 Ұлы көш

Жиһадқа итермелеушілер - қазақты мәңгі құл еткісі келеді

Өткен жылдың күз айларында «Youtube»  бейне желісінде Сүрия жерінде жиһад жасап жүрген қазақтар туралы бейне материал пайда болып, қоғамның зәресін алды. Онда...

Өткен жылдың күз айларында «Youtube»  бейне желісінде Сүрия жерінде жиһад жасап жүрген қазақтар туралы бейне материал пайда болып, қоғамның зәресін алды. Онда 150-ден астам Қазақстан азаматтары бала-шағасын ертіп алып Шам жерінде Алла жолында соғысып жүргені көрініс берген, бейне материалда ондағы жиһадшы қазақтар өздерінің соғыс мақсаттарын түсіндірген және отандас бауырларын жиһадшы әскерлер сапына «шақырған». Құқық қорғау орындарынан гөрі журналистердің қимылы ширақ болып, ондағы азаматтардың біразының есімі анықталған. Дәл сол кезде ел азаматтарының жат жерде соғысып жүргені туралы ешқандай түсініктеме бере алмаған Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті енді бұндай жағдайдың болмауы үшін барын салады, шекара сыртына шығатын азаматтарды қатаң бақылайды деп үміттенген едік. Өкінішке орай жыл өтпестен жиһадшы қазақтардың араб есімдерін иеленіп, түрлі интернет ресурстары арқылы бейбіт елдегі бауырларын соғысқа шақырған бейне жазбалары көбейіп кетті. Шағын журналистік зерттеу жүргізіп көргенімізбен соғыс өрті лапылдап тұрған жерде қанша қазақстандық жүргені туралы нақты дерекке қол жеткізе алмадық.

Мына бейне материал жиһадшы қазақтар туралы көп таспаның бірі ғана.  Ел аман, жұрт тынышта қару асынып соғыс аңсап кеткен отандастарымыздан осылай айырыла береміз бе, олар қалай кетіп жатыр, бұған кімдер мүдделі деген сұрақтарды қойып, әлеуметтік желіде сауалнама жүргізген едік. Сауалдарымызға халықаралық журналист Қуандық Шамахайұлы ғана жауап берді.

Kuandyk Shamakhai

- Бұндай видеолардың әлеуметтік желілерде көптеп таралуы нені білдіреді?

- Белгілі бір мақсатты көздейтіні анық. Қазіргі таңда халықтың көбі соның ішінде, әсіресе жастар жағы әлеуметтік желіні тұрақты қадағалап отырады. Олар соны біліп, өздерінің қатарын толықтырмақ. Сол үшін әдейі салып тарату арқылы жұмыссыз, жолы болмаған жандардың жүректерін жаулап, оңай ғана қақпанға түсіруге болады деп есептейтін болса керек. Бұл қауіпті құбылыс. Оған немқұрайды қарауға болмайды.

- Осы бейнеде, бұған дейінгі де бейнелерде көрініс тапқан жиһадшы қазақтар кімнің айдауымен соғысқа қатысып жүр, олардың артына нақты кімдер тұр, аттарын атай аласыздар ма?

- Нақты бір күштердің тұрғаны анық. Олар кім болса да қазақ халқының моральдық құндылықтарын, берекесін қашырып, құрдымға жіберуді көздейтіндері анық. Совет кезінде қазақты арақ, шараппен құртпақ болды. Тәуелсіздік жылдарында ислам діні жанданып жастарымыз арақтан аулақ жүретін болды. Енді, оларды арақ, шараппен жаулай алмасын білген соң сыртқы жаулар енді, мұсылмандардың атын жамылып, жұртты тура жолдан тайдыруға жанталаса әрекеттеніп жатыр. Жиһадшы қазақтарды айдап салып отырғандар бізді ғасырлар бойы құл етуді көздеген нео отарлаушылар деп білемін. Тәуелсіздік жылдарында біз отарсыздандыру саясатын қолға алмадық. Енді, етек жеңді жимасақ болмайды.

- Осындай жария жиһад насихаты туралы бейне тағы қайталанбас үшін сіз бен біз не істеуіміз керек? Құзырлы орындар не істеуі керек?

- Сақ болуымыз керек. Кез келген жерде олардың зымиян саясаттарын әшкерелеп, жастарға айтып түсіндіріп отырғанымыз абзал. Құзырлы орындар да сыртқы жаулардан сақтану үшін ең алдымен өз міндеттерін мінсіз атқарғаны дұрыс. Ақшаға, параға сатылмайтын, Отаны мен халқына адал болудың озық үлгісін көрсетуі қажет. Құқық саласының үздік қызметкерлерін, жат пиғылдағы жаулардың іс әрекеттерін әшкерелеген отаншыл азаматтарды насихаттап, халық алдында марапаттап, жаңа пәтер кілтін тапсырып деген барынша ынталандырған жөн.

Нұрғали Нұртай

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір