20 Тамыз, 2014 NEWS
ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ: ЕРМЕК НАРЫМБАЕВ (Жауаптар)
"Қамшы" порталының кезекті интернет-конференция қонағы - Ермек Нарымбаев оқырмандардан келіп түскен сұрақтардың алғашқы легіне жауап берді.
"Қамшы" порталының кезекті интернет-конференция қонағы - Ермек Нарымбаев оқырмандардан келіп түскен сұрақтардың алғашқы легіне жауап берді.
Ермек Нарымбаев 1970 жылы, 23 шілдеде Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ершовка ауылында туған. 2009 жылы «Арман» ұлттық патриоттық қозғалысын құрды. 2010 жылы 23 шілдеде кейбір қазіргі атқарушы билікке наразы көзқарастары үшін 4 жылға сотталып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге кесілді. Тәуелсіздік 20 жылдығына байланысты рақымшылықпен 2012 жылы 25 ақпанда босатылды.
Ермек Нарымбаев бостандыққа шыққан соң да азаматтық позициясынан танған жоқ. Ол қазіргі уақытта Алматыдағы «Жұмысшылар мен жұмыссыздар» одағын басқарады. Түрлі саяси оқиғаларға белсенді үн қатып келе жатқан Ермек Нарымбаев екінші деңгейлі банктердің кредиттік жүйесін қатаң сынаушы.
Оқырмандардан келіп түскен сауалдарға толық жауап алдағы күндерде жарияланатын болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір