• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:10:53
Алматы
+12°

31 Шілде, 2014 NEWS

Сот шешімінде саяси астар бар сияқты

«Аңыз адам» журналының сәуір айындағы Адольф Гитлерге арналған санынан басталған даудың соңы сот ісіне жалғасып, басылымның бас редакторының үстінен үш бірдей...

«Аңыз адам» журналының сәуір айындағы Адольф Гитлерге арналған санынан басталған даудың соңы сот ісіне жалғасып, басылымның бас редакторының үстінен үш бірдей іс қозғалған еді. Соңғы сот отырысы 30 шілде күні аяқ астынан өтіп, судья сот шешімін жария етті.

Алайда, «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарының құрылтайшысы әрі бас редакторы Жарылқап Қалыбай abai.kz ке берген сұхбатында сот шешімімен келіспейтінін әрі бұл істің саяси астары бар екенін айтады.  

Жарылқап Қалыбай (суретте), «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарының құрылтайшысы әрі бас редакторы:

- Мен сот шешімімен келіспеймін. Қазір «Аңыз адам» журналының 100-нші саны дайындалып жатыр. Журналдың осы жүз санында да сот бізді айыпты деп тапқан әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 334 бабы 2 тармағын бұзатын бір сөйлем де жоқ.

Сот шешімі қортындысының өзі қарама-қайшылыққа толы. Мысалы, қортындының бірінші бөлімінде Нағашыбай Есмырзаевтың «Гитлер фашист емес» деген мақаласында экстремизмді ақтау белгілері бар дейді де, екінші бөлімінде редакциядан қойылған сұрақтарға Нағашыбай Есмырзаевтың «Гитлер фашист емес» және Мырзағали Хасеннің «Майн кампфта көп нәрсе дұрыс жазылған»  тақырыбымен берілген жауабындаэкстремизмді ақтау белгілері болуы мүмкін дейді. Мінекей, бірінші бөлімде «бар» десе, екіншісінде «мүмкін» дейді. Және сот сауалнама мен мақаланың не екенін ажыратпаған. Біресе «мақала» дейді, енді бірде «редакциядан қойылған сұрақтар» дейді. Яғни, сараптама дұрыс жасалмаған. Сараптаманы қайта жасатуды талап етіп едік, олар бұдан бас тартты. Соттың екіұшты дүдәмал сараптамаға сүйеніп, журналды соттауы – заңсыз.

Екінші дүниежүзілік соғыс және Гитлерге арналған журналдың саны 52 беттен тұрады. Ал, сот журналдың бір бетін ғана алып, бізге үкім шығарып отыр.

Бізде әділдік жоқ, әділ сот жоқ. Біздегі сот мемлекеттік машинаның бір тетігі.

Суретте: Судья Әсет Боранбаев. azattyq.org

Соттың жазба қортындысы қолыма тиген соң, қалалық сотқа шағымданамын. Қалалық соттың қандай шешім шығаратынын білмеймін, бірақ, осыған дейін өткен үш сотта да мені айыпты деп әділетсіз шешім шығарғандарына қарағанда, жоғарыдан бір нұсқау бар сияқты: ол – саяси тапсырма шамасы.

Жоғары жақта отырған бір жігіт кезінде менімен әріптес болған. Екеуміз де оқытушы болдық. Араласып жүрдік. Қазір ол өте үлкен қызметте. Сол жігіт «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдары дүрілдеп тұрған кезде, осыдан екі жыл бұрын маған келіп, ұсыныс айтты: «Жәке, екі журналды менімен бөліс. Мені құрылтайшының бірі етіп қос» деді. Бұл ұсыныстан мен бас тарттым. Ол тоғыз айдан келіп, тағы айтты. Мен және бас тарттым. Содан кейін ол маған жауығып кетті. Дәл осы секілді жоғарғы билікте баспасөз саласына бас-көз болып отырған адамдар қосымша әрекет жасап жатқанға ұқсайды. Әрине, қолымда дәлел-дәйек жоқ, бірақ, істің қисыны соған саяды. Күдігім бар.

 Міне, осындай нәрселер тұрған кезде әділдікке жетуім қиын. Бірақ мен талмай күресе беремін.

Abai.kz

(Әуелгі тақырып: Әділетсіз шешімнің аржағында саяси тапсырма бар сияқты)

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір