• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:53:58
Алматы
+12°

09 Шілде, 2014 NEWS

"Қазақстан ұйғырлардың қолына өте ме?"(мақаланың түпнұсқасы)

Қытайдағы ұйғыр сайттарының "Қазақстанның келесі Президенті ұйғыр бола ма?" деген тақырыпта мақала жариялап, қызу талқылап жатқанын осыған дейін жазған...

Қытайдағы ұйғыр сайттарының "Қазақстанның келесі Президенті ұйғыр бола ма?" деген тақырыпта мақала жариялап, қызу талқылап жатқанын осыған дейін жазған болатынбыз (http://qamshy.kz/?p=11035). Аз ғана уақыттың ішінде интернет қолданушылардың қызу талқысына түскен тақырып, іле-шала өшірілген болатын. Міне, бүгін "Uyrasim" дейтін ұйғыр сайты аталған мақаланы "Бағдаш мінберінің"  сілтемесімен қайта жариялап отыр. Мақаланы қаз-қалпында назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

masimov_naznachenie

Егер Нұрсұлтан Назарбаев бір сәтсіздікке ұшыраса, Қазақстан ұйғырлардың қолына өтіп кете ме?

10527920_701346619913358_1424841937_n

Қазақстан саясаткерлерінің "Қазақстанның келесі Президенті ұйғыр бола ма" дейтін мазмұндағы пікірлері жұрт арасында күшті аңыс қозғады. Себебі, биылғы жылдың басында Қазақстан елбасы Н.Назарбаев кенеттен шұғыл сырқаттанып қалды да, дереу бұйрық беріп, Прьемер-министр К.Мәсімовті өзінің орынбасарлығына көрсетті.  Бұл шұғыл бұйрыққа Қазақстандағы саясаткерлер оң қабақ танытпады, әрине. Егер Назарбаевтың басына күн туса, бұйрық бойынша билік тағына Кәрім Мәсімов отырады. Өйткені, ол Н.Назарбаевтың ең сенімді адамы.

Мемлекеттің жоғары билік қызметінде отырған К.Мәсімов Қазақстан үшін аз күш жұмсамады. Оның саясаткерлігі, терең білімділігі – Қазақстан шенеуніктерінің ішінде «менмұндалап» тұрады. Дегенмен, ол Қазақстан билігін қолына алса да, мойындамайтындар көптеп табылады. Ондай жағдайда қоғамда тәртіпсіздік орнайды деген сөз.  Қазіргі билік басындағылардың таққа таласатындығы да сөзсіз. Жершілдіктен, рушылдықтан айырыла алмаған халық үшін бір ұйғырдың қазаққа бас болуы мүмкін емес екендігі сөзсіз.  « Ең бастысы мемлекеттің амандығы мен тәуелсіздігі үшін мейлі қайсы ұлт өкілі болса да халыққа қызмет етсе болғаны» деп ойлайтындар бар ма? Мемлекет ішінде Мәсімовті қолдайтындар да аз емес.  Өйткені, К.Мәсімов мемлекеттік қызметтің барлық табалдырығынан өткен тәжірибелі маман. Ол қандай тәжірибеден өтті екен? Алдымен К.Мәсімовпен танысып шығыңыз:

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов 1965 жылы Қазақстанда ұйғыр отбасында туылған. Орта мектеп пен коллежді физика-математика пәні бойынша үздік тәмамдап, 1982  жылы 17 жасында сол кездегі совет социалистік қауіпсіздік комитетіне (КГБ) арнайы шақырумен қабылданып, маңызды қызметтер атқарған. Мемлекет қызметінде істей жүріп, 1985-1988 жылдары «халық достыы» университетінің экономика факультетін үздік тәмамдаған. 1991 жылға дейін Бейджің және Ухан университеттерінде білім толықтады.  Совет өкіметі тарағаннан кейін, Қазақстандағы тұңғыш экономика министрі, Қазақстан-Қытай сауда ұйымының бастығы, Қазақстан  мемлекеттік сауда банкісінің бастығы, Қазақстан қатынас министрі, Қазақстан Президентінің көмекшісі қатарлы міндеттерді өтеген. 2007 жылы ҚР-ның үкімет басы болып ресми сайланған. Қазірге дейін қайта сайланып үкімет басшысы қызметін атқаруда.

 К.Мәсімов саясатқа жүйріктігімен, халықаралық қатынастарға бейімділігімен, танылған. Орыс, қазақ, ұйғыр, қытай,ағылшын тілдерін біледі. Таэквондомен әуестенеді. Қазақстан «Құрмет» орденінің, Президент орденінің иегері. Не дегенмен, ұйғырларға да президенттік жарасады екен.

Қазақстан тарапының ақпараттарына қарағанда, Қазақстан экономикасының көтерілуіне ұйғыр сауда компанияларының рөлі жоғары болған көрінеді. Мәсімов экономика министрі болғанына қарғанда, мемлекет экономикасын уысында ұстап отыруы мүмкін. Егер халыққа әділетті мәміле жасап, көңілдерінен орын алса оның қазақ президенті болуын Қазақстан халқы қос қолдап қуаттайды. Сөйтіп, Мәсімов – Орта Азиядағы бай және күшті мемлекеттің басшысы болып, Азияға танымал тұлғаға айналады.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір