• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:09:39
Алматы
+12°

04 Шілде, 2014 NEWS

Арғы дүниенің азабынан Алматының "тозағы" уайым болды

Ч.Дарвиннің ілімін парша-парша етіп, адамның тегі топырақтан жаралғанын ғалымдар дәлелдеп, олардың туған мекені сол болғандықтан барар жерлері де сол деген...

krematorijЧ.Дарвиннің ілімін парша-парша етіп, адамның тегі топырақтан жаралғанын ғалымдар дәлелдеп, олардың туған мекені сол болғандықтан барар жерлері де сол деген тұжырымға келгені бесенеден белгілі. Бірақ, бұл тұжырым көкірегі ояу жандар мен ислам нұрына шомылған жандарға тән. Қазақтың діні шариғатты ұстана отырып, исламнан сусындайды. Ендеше, шариғат Абайдың сөзін жақтайды, « өлсең орның қара жер». AEsimov2013

Қара жердің бетінде жүріп, қара бет болғалы қашан. Еуропаның болмысымызға олқы келетін олар үшін « оң» деп бағаланған «солақай» әрекетке барып жүрміз. Соның бірі Совет дәуірінен бері бас көтеріп келе жатқан, қазақ жерінде крематорий ошағын салу. Алтай мен Арқаның арасындағы кең жатқан жер тақиямызға тар келген сыңайлы. Мұсылман бола тұра, сүйегің жерге жетпей күлге айналып кетсе бұл дегенің нағыз шариғатқа қарсы дүние. Бұл мәселе, бізде 2004 жылы нақтыланып, крематорий ошақтары Алматы қаласында салыну қаупі бар деген пайым шыққан. Одан бері жұрт та тыныш, жұт та болмап еді. Алматы қаласында тұратын тұрғындардың бірі есіне сап ете түскендей, осы ошақ төңірегінде Алматы қаласы әкімдігінің сайытындағы « Әкімге сұрақ» бөліміне сұрақ қойыпты. Бұл туралы «Заң» газеті жазып отыр. Әкімнің жауабы: «Алматы қалалық діни салттық қызмет көрсету комбинатына крематорий құрылысының жобасын жасап ұсыну тапсырылған болатын. Соған сәйкес Алматы қаласы Алатау ауданындағы Боралдай қорымы маңынан, адамдар тұратын аймақтан белгілі бір қашықтық сақтала отырып 2 гектар жер телімі қарастырылған. Жер телімін анықтау санитарлық-эпидемиологиялық бағалау тұрғысынан жүргізіліп, инженерлік коммуникацияға қосылу мүмкіндіктері ескерілген. Аталмыш жер телімінде крематорий құрылысына және оны жүзеге асыруға қажетті техникалық жағдайды бағалау жұмыстары да жүргізілген. Газ, жарық пен су жүйесі секілді барлық коммуникациялық желілер ол жерді бойлай орналасқан. Сондай-ақ, «ГИЗ Инженеринг» ЖШС-мен жобаның техникалық-экономикалық негізі жасалды». «Елу жылда ел жаңара ма» деп бағыт ұстап келе жатсақ, он жылдың ішінде айы оңынан туатын іс мынау болса жаға ұстадық. Сылтаудың түрі, жер шығыны болмайды, табиғатқа пайдалы мыс.

Сөйтіп, О, дүниенің тозағынан қорқып жүргенде Алматының «Өлік өртегішіне» кіріп кетпесек жарар...

Марғұлан Ақан

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір