• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:56:01
Алматы
+12°

03 Шілде, 2014 NEWS

Евгений Рура: Ел боламыз десек қазақ тілін үйренейік!

Шындығын айту керек, "Қазақтың жартысы өз тілін білмейді", "Санымыз әлі аз" дейтін құрдаңғаза сөздердің дәурені өтті. Қазақтың өзі түгілі өзге ұлттардың көбі...

10530833_258855567641738_1169354896_o

Шындығын айту керек, "Қазақтың жартысы өз тілін білмейді", "Санымыз әлі аз" дейтін құрдаңғаза сөздердің дәурені өтті. Қазақтың өзі түгілі өзге ұлттардың көбі мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Бірен-саран Совет одағының салқыны тиген шал-кемпір болмаса, қазіргі жұрт қазақ тіліне қырын қарамайды.  Алаш елінің нанын жеп, суын ішіп отырып, оның тілінде сөйлемеудің "сатқындық" екенін біледі. Болашақта Қазақ жерінде бай-бақытты, бейбіт тұрмыс кешіремін десе мемлекетқұрушы ұлттың тілі мен дәстүрін сыйлау қажеттігін анық аңғарады.

Міне, солардың бірі - ұлты орыс,  Астана қаласының тұрғыны Евгений Рура. Ол өзінің ФБ-дағы парақшасында мынадай пікір қалдырыпты: «тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басына қарай қазақша пост жазсам ба деп жоспарлап отырмын. Сол кезде достар сендер менің бақылаушым боласыздар. Негізі тіл үйрену өте қызықты екен. Мен алдымен қазақтың дәстүрі жайында оқып бастадым ( жасырары жоқ әзірше орыс тілінде оқып жатырмын).  Ал, бүгінде мектеп қабырғасында жүргендерге айтарым: тіл үйреніңдер, кейін кеш болады. «Халықтың жанын тілі арқылы ғана түсінесің». Біз Қазақстанда өмір сүретін әртүрлі ұлт өкілдеріміз, бізді тоғыстыратын бір-ақ дүние – біздің еліміз. Ендеше, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Қазақстанның өркендеуіне көмектесейік. Бәрі жақсы болады. Жамандыққа бәрін жори бермеу керек. Бізде көрікті табиғат та бар. Мұндай табиғат әлемде жоқ. Бізде қанша ма ұлттар достықпен өмір сүреді. Дәл осындай көпұлтты елдің берекелі өмір сүргенін бұрын соңды көрген емеспін. Елімізге жарқын жағымызбен қарайық!» .

Елді сыйлаған, жерді сыйлаған деген осы. Ал өзін сыйлағанды қазақ әрқашанда төбесіне көтеріп, төрден орын берген. Сол жайсаңдығымен біраз жұртты бауырына басып отыр.

Қазыбекше айтсақ: 

Дос болғанға құшақ ашық туыспыз,

қас қылғанға қиып тусер қылышпыз!

Марғұлан Ақан

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір