• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:06:11
Алматы
+12°

02 Шілде, 2014 NEWS

"БЕШБАРМАҚ" ТУРАЛЫ РЫМБАЕВА БҮЙ ДЕЙДІ

«Халықтың көңілінен шығу мүмкін емес қой. Бешбармақты мақтау үшін басқа ұлттың өкілдері клип түсіріп, өздері рэп жазып жатқан кезде біз неге сыртта қалуымыз...

«Халықтың көңілінен шығу мүмкін емес қой. Бешбармақты мақтау үшін басқа ұлттың өкілдері клип түсіріп, өздері рэп жазып жатқан кезде біз неге сыртта қалуымыз керек? «Қазы, қарта, жая» дегенді айтып беріңіз, әйелдің дауысы керек, оның үстіне қазы-қартаны айтатын адам жұрт танитын әйел, ана болу керек деген соң қатысқан едім». Бұл – әйгілі әнші Роза Рымбаеваның 7-арна тілшілеріне берген сұхбатынан үзінді.
Естеріңізге сала кетейік, рэперлерден құрылған топтың бейнебаянына қатысқан халық әртісі Роза Рымбаеваның атына қатысты ғаламторда, әлеуметтік желілерде қатты сыни пікірлер айтылып жатыр. Бейнебаянға Розамен бірге ұлы Әли Оқапов және белгілі эстрада әншісі, КТК арнасында «Бешбармақ» бағдарламасын жүргізіп жүрген Нұрлан Абдуллин де қатысқан. Соның алдында ғана: «Менің ұлым ең білімді әнші», - деп Әли туралы беделді пікір айтқан Роза Қуанышқызы рэперлердің тобына қосылып, қазақ дастарханының байлығы – қазы, қарта, жал-жаяны нәсихаттағанды жөн көрген сияқты. Алайда, сахна саңлағына айналған, әрі сырлы-сұлу әндерді орындап келе жатқан Рымбаева көпшілік тарапынан сынға ұшырауда. Рымбаеваның мұнысы әнші ұлы Әлиді қолдағаны ма, әлде өзіне сондай жарнама керек болды ма, әзірге белгісіз. Ал, өзі оны жал-жаяны нәсихаттадым деп түсіндіреді.

abai.kz

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір