• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:56:20
Алматы
+12°

30 Маусым, 2014 NEWS

Жарылқап Қалыбай емес Тәуелсіздік "сотталды"

Бүгін Гитлер жайлы материал басып, даулы болған «Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам» журналы бойынша сот үкімі шықты. Шешім бойынша, журнал редакторы Жарылқап...

Бүгін Гитлер жайлы материал басып, даулы болған «Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам» журналы бойынша сот үкімі шықты. Шешім бойынша, журнал редакторы Жарылқап Қалыбай арызданған 13 «ардагердің» әрқайсысына бір миллион теңгеден төлем төлеуге және соғыс ардагерлерінен жария түрде кешірім сұрауға міндеттелді. Біздің білетініміз, журнал атауы «Абыз адам» емес, «Аңыз адам». Аталмыш нөмірдің мұқабасына «Адамзат ардагері» деп емес «Адамзат қасіреті» деп жазылған. Журналда бастан-аяқ Гитлердің зұлымдығы әшкереленіп, тек баспасөз қағидасы бойынша Нағашыбай Есмырза есімді автордың «Гитлер – фашист емес» деген жеке пікірі жарияланған. Сотқа куәгер ретінде тартылған Мұхтар Шахановтың айтқанындай, журналдың «өлі Гитлер»  емес «көзі тірі» өзі туралы нөміріндеде әртүрлі жұрт пікіріне орын берілген. Бұл - тәуелсіз журналистиканың заңы. Алдыңғы жолы Сот отырысына қатысқанда жігеріміз құм болып қайтып еді. Қалың қазақ жиылып, өлі Гитлердің аруағымен соттасып жатты. Баланың ойыны, бақсының жыны дерсің. Баяғыда сүйегі қурап қалған Гитлердің қылмысы үшін танымал журналист Жарылқап Қалыбайды сотқа тарту – еш қисынға симайды. Бұл соттың бір ғана «пайдасы» болды. Бүгінгі қазақ билігінің қаншалықты масқара күйге түскендігі, Алла берген тәуелсіздіктің қайдағы бір қараниеттілердің қолжаулығына айналғандығы, өз елінде, өз жерінде тұрып жеке пікір айтуға қазаққа мүмкіндік берілмегендігі тарихқа жазылатын болды. Иә, бұл сот арқылы Жарылқап Қалыбай немесе «Аңыз адам» сотталған жоқ. Тәуелсіздік "сотталды". Сотталмағанда ше? Өлі Гитлер түгілі тірі Путинді сынауға да болмайды. Есесіне «Ұлы отан соғысын» жалаулатып, Совет одағының туын көтеріп жүре берсең ақшаға да, басқаға да қарық боласың.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір