• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:23:55
+12°

30 Мамыр, 2014 NEWS

Дина Төлекова. Отанының болашағына шын алаңдаған көпке топырақ шашуға бола ма?

Еуразиялық Одаққа қарсылық танытқан дүйім жұртты кінәлап жатқан бір топ ағайын бар. "Қара аспанды қапылтты, ақырзаман орнатты, күңіренетіндей не болды сонша,...

Еуразиялық Одаққа қарсылық танытқан дүйім жұртты кінәлап жатқан бір топ ағайын бар. "Қара аспанды қапылтты, ақырзаман орнатты, күңіренетіндей не болды сонша, өтірік жылап-сықтап жатыр" қойшы әйтеуір қарапайым халыққа айтылмаған сын, тағылмаған мін қалмады. Ал президенттің осы шешімін ақтап алуға келгенде, алдарына жан салмайды. Жарайды делік, біреуі псевдопатриот шығар, екіншісі өтірікұлтшыл делік, бірақ, туған Отанының болашағына шын алаңдаған көпке топырақ шашуға бола ма? Әлде алаңдауға негіз жоқ па? Өз бауырының жеріне қол салып, Украина халқының көз-жасына қалған Ресей бізге қауіпті емес деп кім айта алады? Дос екендігіне кім кепілдік береді? Ау, 2 мың беттік ЕО шарттарында "ортақ шекара, ортақ азаматтық, ортақ валюта тб" туралы сөз қозғалғаннан соң, ел ұлардай шуламай қайтеді? ЕО-тан "ұтатынымыз мынау, ал мынау жерде ұтыламыз" деген салмақты сараптамалар болды ма? Билік тарапынан. Жоқ, болған жоқ. Өйткені, олардың өзі бұл одақтың болашағына күмәнмен қарап отыр. Алтылық екені айдан анық Жириновский, Лимоновтардың даулы мәлімдемелерінен кейін, Тайчибеков сынды ФСБ-ның күшіктерінің тайраңдауынан соң, елдің күмәні ұлғаймай не істейді? Әлде дүйім жұрттың Құдайдан тілеп алған Тәуелсіздігі мен ел тағдырына алаңдауға қақы жоқ па? БАҚ-та шынайы, объективті ақпар жоқ. Халықтың қалауын пысқырмады. Цензурамен тұмшалап тасталған! Енді, көкелер, ең құрғанда әлеуметтік желілерде шер тарқатуға мұрсат беріңдер! Қара шаңырағымыздың амандығына шыр-пыр болған ел виртуалды кеңістікте іштегі мұңын айтсын, қатып қалған запыранын төксін, кеуделерінде толған өксігін бассын. Бүгін айтса, ертең басылып, сабасына түседі. Бүгін қызарып кештің бататынын білген ел, тура ертең бозарып таң ататынын жақсы біледі. Мұның барлығы заңды, қалыпты, болжанған, болуға тиіс реакция. Осыдан жарылып жатқан басты, атылып жатқан тасты көрдіңіздер ме? Әуелден "айтпаса сөздің атасы өледі" дейтін қазақпыз. Табиғатымыз сол. Ерден аспақ болса да, елден аспақ ешкім жоқ!

(автордың фейсбуктегі жазбасынан)

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір