• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 19:33:49
Алматы
+12°

24 Мамыр, 2014 NEWS

"Азбан айғыр енесіне шабады"...

Халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменов кеше ұлттық кітапханада өзінің  мерейтойына арналған  жиында таңқаларлық мәлімдеме жасады.  Түркі тілдерінің қыр-сырын...

Халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменов кеше ұлттық кітапханада өзінің  мерейтойына арналған  жиында таңқаларлық мәлімдеме жасады.  Түркі тілдерінің қыр-сырын  зерттеген  ғалым  "мамыр", "желтоқсан", "мәжіліс" секілді қазақша  атауларға қарсы екенін  айтты, деп жазады zakon.kz

    "Біз  жыл сайын осы  залда кездесеміз. Мамыр емес,  май айында. Мен "мамыр" сөзіне  қарсымын. Бұл атаудың қашан  пайда  болғанын білмедім, бірақ маған  "май" деп  атаған ұнайды. "Май" атауы шараппен мағыналас, парсы тілінде май - шарап дегенді білдіреді. Май - бұл сары май. Құлаққа жағымды! Ал, "мамыр" құрылыс және қалдықпен мәндес қатысты араб сөзі.   

Біздің тіл мамандарымыз  Кеңес  одағы құлаған соң, бірталай атауларды өзгерткен болатын.   "Кеңес" сөзін мәжіліс  деген жиын деген мағына беретін араб сөзімен ауыстырған еді. Алайда, кеңес  деген сөз  ықылым  заманнан келе  жатқан атау екенін ұмытпауымыз керек. "Кеңес" - совет деген  қалыпты сөз. Әлемнің көп елдерінде осылай айтылады. Ал біз оны  алмастырып  алдық. "Майды" да мамыр деп  өзгертті. Мамырр-р-р-р. Қатаң естіледі. Сол сияқты, желтоқсан - тоқсан жел дегенді білдіреді. Неге 80 емес, неге  дәл 90? Ал, ай атауының түп-тамыры  қарлұқтарда  жатыр: «соғымай» деп  атаған дұрыс.  Мән-мағынасы  қандай  терең, сол маусымның барлық  ерекшеліктері сыйып тұр. Осы  секілді  халықтық атаулармен алмастыру керек. 

  Мен  бұл айды май  деп  атауды жалғастырамын. Май айында  көптеген жақсы адамдар туылған. Мәселен, Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай, "Біз екеуміз мамырлық емес, майлықпыз" деп үшбу хат жазып, Парижден құттықтау телеграммасын жолдадым. Ол сол кезеңде Қазақстан Сенатының төрағасы болатын. Ол келісемін дей отырып, 18 мамыр  деп  қол қойыпты. Бұл заңдылық екені  рас". 

Сөйтіп, Ел ағасы, Халық жазушысы Олжекеңнің бас қатырар басты мәселесі осы болып тұр. Қазақта "Азбан айғыр енесіне шабады" деген мақал бар. Ел азды ма, ер азды ма? Оны жұрт айтсын.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір