• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:45:05
Алматы
+12°

20 Мамыр, 2014 NEWS

Арман болған азаматтық

Оралмандарға қатысты заң жобасы қабылданып, азаматтық алу бір жылға кемісе, ата-жұртына қоныс аударатын ағайындарымыз 3 миллионға жетер еді. Астанадағы...

    Оралмандарға қатысты заң жобасы қабылданып, азаматтық алу бір жылға кемісе, ата-жұртына қоныс аударатын ағайындарымыз 3 миллионға жетер еді. Астанадағы көші-қон комитетінің басшылары болашаққа осындай болжам жасады. Алайда, оралмандарға жеңілдік беретін заң жобасы әлі әзірлену үстінде, Парламентке де жеткен жоқ,- деп  хабарлайды "31-арна".

Көші-қон комитетінің басшылары атажұртқа оралғысы келетін қандастырымызға жеңілдік беретін заң жобасы жыл аяғына дейін қабылданады деген сенімде. Бірақ, құжат Мәжіліс пен сенат депутаттарының "сынына" ұшырап, жатып қалуы да мүмкін. Сондықтан, азаматтықты бір жылда алу алыстағы ағайын үшін әзірге арман ғана болып тұр.  Хадиша Қапарбек есімді дипломды оралман қызға жаңа құжат әзірге бұйырмайтын сияқты. Бүгін көші-қондағылар Хадиша Қапарбек қолданыстағы заң бойынша азаматтық алуды 4 жыл күтеді деп жауап берді.

АСЛАН ҚАРЖАУБАЕВ, ҚР Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары:

Ол кісі қытайлық паспортын қайта жаңартқанның өзінде жаңа заң қабылданғанға дейін төрт жыл күтуіне тура келеді. Жаңа заң қабылданғаннан кейін азаматтық алуға бірден өтініш білдіруіне болады.

   Бұл  "Көші-қон" туралы  заңға өзгеріс  енгізу расында да  ұзаққа  созылатын  секілді.  Себебі, ЕжӘҚ министрі Тамара  Дүйсенованың бастамасы тек ұсыныс  қана. Ал, қабылданып  кеткен заң  жобасына  өзгеріс  енгізу күрделі процесс.  Оған билік басындағылардың аса  ынталы емес екені  де  байқалады.   Бұл туралы айдың басында  Алматы қаласындағы  Дүниежүзі  қазақтар  қауымдастығы ұйымдастырған жиында  ұйым  төрағасы Талғат Мамашев те заң жобасына  өзгеріс енгізу оңай емес екендігін айтқан  болатын:  "Соңғы уақытта көштің тоқтап  тұрғаны  рас. Біздің «шаш  ал десе,  бас  алатын» атқарушы билік соңғы уақытта  көшті тоқтатуға тырысты.  Оны жасыратыны жоқ. Алайда, өткенде  Үкіметтің отырысынан кейін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова көші-қон саласындағы елеулі жаңалықтар  мен көш мәселесіндегі кеткен қателіктерді айтты. Дегенмен, бұл сол айтылған күннің ертесіне жүзеге асырылады дегенді білдірмейді. Сіздер мынаны түсінсеңіздер,  былтыр Көші-қон туралы заң қабылданып кеткен, және  ол  заңға өзгерту енгізу оңай шаруа  емес. Үкімет оған  тиісті қаулыларын қабылдап, заңға тиісті өзгерістерді енгізу керек. Бұл  ұзақ процесс", - деген болатын.

"Қамшы"  сілтейді

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір