• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:57:53
Алматы
+12°

14 Мамыр, 2014 NEWS

Интернет-конференция: Расул Жұмалы

Соңғы уақыттағы еліміздегі және әлемдегі қоғамдық-саяси  жайттар ұлттық және  мемлекеттік таным тұрғысынан баға беруді, түсіндіруді қажет етеді. Мәселен,...

   Соңғы уақыттағы еліміздегі және әлемдегі қоғамдық-саяси  жайттар ұлттық және  мемлекеттік таным тұрғысынан баға беруді, түсіндіруді қажет етеді. Мәселен, алдағы уақытта ресми түрде құрылатын Еуразиялық Одақ, Қазақстанның ДСҰ-на кіру-кірмеуі, еліміздің ақпараттық кеңістігіндегі қысымдар, Ресей ұлтшылдарының Қазақстанға қайта- қайта шүйлігуі т.б. мәселелер көп. Осы және өзге де мәселелерді өзек ете отырып,  "Қамшы" порталының интернет-конференциясына белгілі саясаттанушы Расул Жұмалыны шақырып отырмыз. 

 Расул Берекетұлы Жұмалы  1971 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетін бітірген. 1992-2007 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және Үкіметінде, сондай-ақ Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Ливия, бірқатар басқа мемлекеттерде жұмыс атқарған. 2007 жылдан бері «Эксклюзив» журналының бас редакторы. 150-ге тарта мақалалары мен сараптамалық еңбектері жарық көрді. «Геополитика Центральной Азии. О былом и насущном» атты кітаптың авторы.

Құрметті,  оқырман! Расул Жұмалы мырзаға қояр сұрақ, айтар ұсыныстарыңыз болса, мархабат! 

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір