• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:46:51
Алматы
+12°

05 Мамыр, 2014 NEWS

Орыс жастары: Қазақ мемлекеті болған емес!

«Май мерекесіне» орай, орыстың ұлтшыл жастары Ресейдің бірқатар қалаларында шеруге шықты. Мәскеу және Петербург қалаларында олардың саны мыңнан асып түсті...

     «Май мерекесіне» орай, орыстың ұлтшыл жастары Ресейдің бірқатар қалаларында шеруге шықты. Мәскеу және Петербург қалаларында олардың саны мыңнан асып түсті. «Орыс маршы» деп аталатын шеруде жастар лозунг ұстап, орыс халқын бірігуге шақырды. «Орыстар, алға!» деп ұрандады.

Бірақ, айтайын дегеніміз бұл емес. Осы шеру барысында орыстың қоғамдық белсенділері, ұлтшылдары «Қазақстан деген ел болмаған» деп сөз сөйлепті. Жириновский, Лимонов, Штыгашевтер ауыздарына түкіріп қойған ба, кім білсін, енді Қазақстанды жоққа шығарған орыс жастары пайда болды. Әлгілерді шал-шауқан деп, мән бермеуге шақырған орыс билігі ендігі жастарының мұндай сөздеріне не дер екен?

Дмитрий Демушкин, «Орыстар» қозғалысының көшбасшысы:

-         «Қазақстан мемлекет ретінде еш қашан өмір сүрген емес. Ресей империясының картасынан Қазақстанды көрсетіңізші!? Қазақстан деген ел болған емес! Большевиктер жасанды Қазақстан мен Украинаны құрды».

Александар Грузинов, Хорошево-Мневника муниципалды ауданының депутаты:

- Украина, Ресей, Белоруссияны ағайын елдер деп атауға болмайды. Олар бір ағза, бір ел. Бұл орыс ұлты. Ал, территория мәселесін айтар болсақ, Украин, Белоруссиямен бірге Солтүстік Қазақстанның жері де Ресейдің байырғы территориясы. Бұл тарихи факт. Қазақ деген ұлт болған емес. Әзірбайжан секілді құрама ұлт. Орыс казактары мекендеген дала халқы. Қазақтарда тіпті жазу да болмаған. Семей және басқа аймақтар орыстың жері. Ерте ме, кеш пе, бұлар бірыңғай мемлекет болатын болады.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір