• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:37:46
Алматы
+12°

25 Сәуір, 2014 NEWS

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к., Алдабек Нұргүл Әбдіразаққызы:

Ата-бабаларымыздың қаны , аналарымыздың көз жасына суарылып жеткен тәуелсіздіктің парқын біздер, әсіресе бүгінгі жас ұрпақ бағалап жүрміз бе? деген ой әрқайсымызды жиі мазалайтыны хақ.Жасыратыны жоқ, баз біреулерге осы бір жайма-шуақ өмір осылай бола салғандай көрініп, айналасына бір сәт зер салмай, жалаң ұранмен, қасаң ойлармен күн кешіп жатады.Алдына қойған белгілі бір мақсаты жоқ, я білімге ұмтылмай, тек бүгінгісімен ғана өзі үшін өмір сүріп, әшейін қара көбейтіп жүрген кейбір жастарды көргенде жаның ауыратыны да рас. Арман, Бауыржан, Ақмарал есімді іні-сіңлілерімнің тырнақалды өлеңдерін оқығанда, ол беймаза күйден арылғандай болдық. Ата-бабаларының қаны тамған Отанынан жырақта дүниеге келуге мәжбүр болса да олардың ұлтына деген ыстық сүйіспеншілігі, елінің бүгінгі еркіндігіне сүйсінумен қатар ел мүддесі мен болашағына алаңдаушылығы, бабалар рухына тағзым етіп, тарихын қастерлей білетіндігі ерекше сүйсіндірді.Ата-баба рухының құдіреттілігі деген осы шығар.. Тәуелсіздік аңсап кеткен, аманат еткен бабаларымның бүгінгі күнге жеткен тамшыларына ақ жол тілеймін.

Жалғасбек Ақмарал: Ай суға шомылады нанасың ба? Ай

Аспаннан айда маған тіл қатады. Ақкөңіл адал сырын тыңдатады, Тысқа шықсам еркелей бірге жүріп, Ұйықтасам үйге кіріп бір жатады. Әлемге сүттей нұрлы жайған арай, Ауылды отырады аймалап ай. Айлы кеште Тоғжанын күтіп тұрған, Көз алдыма келеді қайран Абай. Жап-жасыл ағаштардың арасында, Ай суға шомылады нанасың ба? Бұлт қызғанып жұлдыздар жаситұғын Сұлуды бұл әлемнен табасың ба? Ай күндіз күн жігіттен жасырынып, Жатады ар-ұятқа басын ұрып , Ай деген махаббаттың киесі ғой, Жүрекке сеуіп жүрген асыл рух. Мұңлы әуен құшағында Маңдайына сыймаған қу даланың, Қаңбақтар жүр бағытсыз қудаланып. Күннің көзін тосып ап көрсетпейді. Қара бұлттар аспанды шудаланып. Әуен келер бір мұңлы сұңқылдаған, Ортақ болып бұл үнді кім тыңдаған? Табиғаттың өкпесін көтере алмай, Көтере алмай жыртылсаң,жыртыл далам. Өзіме бір үндеместік тауып алып, Құлақ түрем осы үнге ауық-ауық. Қырғын жылдар зарлаған қыз үні ме? Қан майданда қансырап жары қалып. Не сұңқыл бұл, япыр-ау ар жақтағы. Шуылдап бөгде мынау жан-жақтағы. Ұмытқан соң батырын, бабаларын, Жоқтауы ма аруақтың аруақтарды?! Қандай үн бұл, дариға-ай толып жеткен, Қай құдірет бұл маңға алып жеткен. Асан қайғы күйі ме желге оранып? Бозінгеннің үніндей талып жеткен. Құпия бір осы үнді тыңдап алып, Тыңдап алып, жүректі тырнап алып. Өлең жазып отырмын түн ішінде, Алғандай жас қаламды мұңға малып.

Жалғыз ақын

Өз бақытын өзінше мұңға балап, Көңілінің түбінде жыр мазалап. Жүрегіне тұрғанын сезіне ме? Қу тірлік сұм ойлармен сұғын қадап. Теңестірмей бұл күнін басқа күнмен, Жыртып жазып мұңдарын басқа келген. Ақын отыр күбірлеп шам түбінде Сырын бағып тірліктің асқақ үнмен. Жат қылыққа жаны қас баспай қадам, Аулақ ұстап ұжданын бас пайдадан. Жез бұйдасын арманның жырға беріп, Ақын отыр жанына тас байлаған. Түсіп беріп жарлыға жалғыз атын, Озбырлыққа баса алмай таңға ызасын. Отыр ма екен тағы да мұңға батып, Шам түбінде күбірлеп жалғыз ақын.

Әділбек Арман: Тас тілетін семсеріңді тот басыпты, қайтейін? Оғлан жері

Даланың сарғыш сағымы Қобыз кеудемді күйге орап. Ғасырдың қайсар сарыны Шерменде жырды бұйдалап. Жұлдыздары бүрсеңдеген бұл түнде, Жаттым тағы көкей толып үркінге. Жаттым тағы айға қайрап тісімді Зарлы әнімді амал таппай іркуге. Беу, әлмисақ, ертегіңнен Иісі аңқиды-ау ерліктің. Ұлы рухын серке жырмен Кестелепсің өрліктің. Әттең, мезгіл намысыңды ап қалыпты, қайтейін? Тас тілетін семсеріңді тот басыпты, қайтейін? Жат дәуір жанын үккен Алатау да, Құлағанға шақ қалыпты, қайтейін? Жоқ қолымда наркескенім, Жоқ асынар қылшаным, Шаршап бітті алмас сенім. Түрте беріп тұмса мұң. Сынды жігер, қабыржыды дәрменде. Қайран баба, тәкаппар һәм өр кеуде, Қақ жүрекке қара найза шаншылып, Өзің құсап шейіт кетсем, арман не? Күбірлейді ызғарлы көк. Күбірлейді кәрі түн. Сыбызғыдай сыздап жүрек. Аһ ұрады сабырым. Күйік көмген байғұс үміт айға созса саусағын, Сол аппақ ай бауыздады арманымның қарма әнін. Кір дәуірдің бесігінде қасыретке тербеліп, Жаттым үнсіз аңыз ғасыр елесіне тамсанып. Жан айқайы Ей, қасиетті қасірет! Сені жалғыз біз келеміз арқалап. Жүрек күйіп, сезім суып, зар қамап. Күлге айналсақ жалғыз өзіңе ұмытпай, Жіберерсің “ Амин” деп торқалап... Ескі заман, ескі жырлар, ескі әндер... Және ескі мұң- тоғытылған көк пен жер. Үні буып Қорқыт тартқан қобыздың, Ең сорлы үнге өзгереді ең ізгі үн. Мүмкін осы- шындығыңның ертеңі, Мүмкін осы- бүгінгінің шертері. Көкірегіме тамыр тартқан қайың мұң. Бағзы дәуір- сағынышы шайырдың. Сырылам да сені ұмытқан ғасырмен. Елесіңді жуам тұнық жасыммен. Тұншығамын шуылына жалғанның, Тұншығамын қайғысына зарлы әннің Сілки тұрып тағдырдың тозаңын. Келешекке саусағымды созамын. Жанған үміт, сөнген үміт- бір үміт. Тұр алдымда дір- дір етіп түрініп. Жеңілді мың. Сүйеді әйтеуір өр өлең- Доспамбеттен қалған рух жебеген. Көк түркінің көгін осқан ер жыры- Бар қайратым, бар сенерім, мендігім. Жалғыз ғана сол жәдігер жұбатқан. Жанарынан бақыт емес мұң аққан.

О, Тәңірім!

Ескі күннің рухын тағы да бір нәсіп ет! Осы жолда шайырдың Қу жүрегін азғынды атар жасын ет! Ерке қыздың елесіне шағыну Мен бүгін көңілсізбін... Өзек өртеп, мұңым сыздап, тіл сынып. Көңіліме көктем шашқан кір сіңіп. Күдік билеп көкейімді, күрсініп. Тұрмын үніз көкжиекке ұшырып. Қалжыраған қарша қанат жыршы-үміт. Балғын сезім ойларыма от бөлеп. Жайқалғандай көкейге өскен көктерек. Тұрмын үнсіз қобыз жүрек күйзеліп, Дәрменсіздеу сеніміңе өкпелеп. Күбірлерің қалқып өтіп көз алдан. Әз жанымды аршиды бір тозаңнан. Тұрмын үнсіз меңірейіп қан жолға, Меңірейіп боз далаға бозарған. Қабағыма қонақтаған қалың мұң. Дәрменін де құртып болған сабырдың. Тұрмын үнсіз күншығысқа тамсанып. -Ақтамағым! Сағындым! Сен түсінбей мен қайталап айтамын. Арман жырдың жапырағы жайқалып. Тағы тұрмын айдың нұрын жамылып. Көк жүзіне гүл кеудемді айқарып. Қобызымның жаспен жуып шанағын. Тек түсіме шер-мұңымды шағамын. Тұрам үнсіз елесіңді аймалап. Қонып ішіп қасіреттің шарабын.

Кейуана- Күншығыс

Ұмытшақ даланың есіне Түскенде дүбірлі тарих . Бас сүйеп моланың төсіне. Көзіме суық қар ұйып Өткенге қарап ап өшіге Тұрамын бүгіннің парағын Дал- дұл ғып айырып. Тауымның бұлдырап тағдыры Даламның егіліп ертеңі. Бабамның үзіліп зар мұңы Барлығы жат күйін шертеді. Шеңбектеп шығыстың таң нұры, Жат иіске жамырай қараумен, Үзіліп баратты өрт елі. Құсалы шындықтың аралы ол Шындыққа абақты құрға бар. Тарихтың ең мұңлы парағы ол, Ашпастай жапқан бір кір қолдар. Куәсі тек қана қара жер... Жанардан жалыным тамшылап, Дұға етем, тыңдаңдар, Құрбандар! Аспанын айланып сұр бұлт, Алабын әлдилеп мұңлы ырғақ, Бір сәби ертеңін тұр тыңдап... Қанында көк бөрі тұрды ұлып Ең ұлы, ең соңғы үміті Айдаһар қолында жыртылмақ. Уақыт уысы ұнтақтап, Заманы сарыны үгіткен. Айбынын асырып құрғақ бақ. Қайғысы қайратын іріткен. Алтын із аясын құм қаптап, Күрсіне көміліп барады Тоналып тораңғы үміттен. О, біздер сенетін қасиет Байламың тек қана ажал ма? Қанатыңды қайырып қасірет Айланып кеттің бе ғазалға? Үміттің бір тамшы жасы боп, Ертегі әлемнің елесі Мұң шағып өтем бе мазарға? Үмітсіз тұншығыс... Үмітсіз күрсініс... Аяулы кейуанам- Аяулы күншығыс!

Майтайұлы Бауыржан: Ұрпағынан үміт үзген әз ата сыңайлы, Алатау мұңайды... Ақ жаулық

Жүзіңді сенің қамап кіл сәнге. Төгілтіп тұрған ғажап нұр сәуле. Басыңдағы әсем ақ жаулығыңды Тең келер екен таластырсам не? Өзің байлаған тас қылып талға Теңейін бе екен аптығып қарға? Жоқ, әлде сұлу мұз шоқылардың Басына тұнған ақ бұлттары ма? Сүттей ай ма екен түн еліндегі? Муза ма әлде жыр-өңірдегі? Тамыздың таңғы шығындай таза Иманың ба әлде жүрегіңдегі? Еркімді алдырса сезімге сөзім. Ақ жаулық салған керім кеш өзің? Өзіңді мендей ұнатқан болса, Не арманы бар теңінде сенің?!

Алатау мұңайды

Жүзінен ажал таярдай бір сұр сұспен, Рухы қалқыған пендеге қарап күрсініп іштен. Толған айдай дулыға киген маржан құздарын Мұңға тұндырып, Шерлі сабасын қайғының қырсығы піскен. Ұрпағынан үміт үзген әз ата сыңайлы Көрдім мен, сезесің бе, Алатау мұңайды. Тілдердің ауыр мұңы үшін аузынан жеріген Шыға алмай сандалған “ жалғыз ән” шегінен Жаныңа жебе боп шаншылып ем болар. Самалын жетелеп етекке зарлы ұран төрінен Ұрпағынан үміт үзген әз ата сыңайлы, Көрдім мен, сезесің бе, Алатау мұңайды. Қақпақсыз қазанға тұншыққан ішіне салынып, Ұяты өлген заманның итіне шалынып, Балағын жиіркеніп жоғары түрді де Қолына ай нұрлы шам іліп. Ұрпағынан үміт үзген әз ата сыңайлы, Көрдім мен, сезесің бе, Алатау мұңайды. Гүлге аунаған жабыға қарап түршігіп іштен. Күлге аунаған тұлпарға қарап күрсініп іштен. Көз жасын жаңбыр қып жаудырды тұман боп, Шаң басқан ғасырдың дидарын жуам деп. Көз жасын жаңбыр ғып жаудырды тұман кеп. Ұрпағынан үміт үзген әз ата сыңайлы, Алатау мұңайды...

Бейтаныс бойжеткенге

Қараймын, үзілемін, Жүрегін сырын бұққан, мұңға тұнып, Ботаның көзіндегі сұлулыққа Еліктей мүсініңді алғанбысың, Қарағым, бір батырып. Жо, жо, жоқ, сыртыңда әсем, құлқыңда әсем. Кешіргін сараң ұғам. Шақырып тұрсың ба сен Ботаның жанарынан?!

Өкініш!

Кеттің, кеттің... Бойыңа таусылмайтын шырын біткен. Жүрекке өшпес мәңгі кескін кестің. Бір ғажап сұлулықпен. Жанарымды жетелеп елес бейнең, Мен ұзақ қарап қалдым. Жат қыз ең сен. Бір ауыз да өзіңмен кеңеспей мен. Ғапу ет жақсы көрсем, жақсы көрсем.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір