• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:54:52
Алматы
+12°

Талапбек Тынысбекұлы. 1983 жылы қазанның 17- жұлдызында Алтайдың Қаба ауданында туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің түлегі.

Шығармалары «Жас толқын», «Қоштасқым келмейді», «Егіз арна», «Гүл көктем», “Алату жырлайды»  қатарлы жыр жинақтарына енгізілген. Республикалық мерзімді басылымдарда өлең, әңгімелерімен қоса, сын-ғылыми мақалалары да үзбей жарияланып келеді. Халықаралық, Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Сондай-ақ, «Жез Бұйда» жастар бірлестігі мен «Қара жорға» өнер ұжымының жетекшісі.

Автордың ресми жеке сайты: http://talapbek.kz/

                              Көктемгі қар Сәуір соңы, Алматы ақ қар өпкен, Тәңір төккен әсілі бақ па көктен? Әй мен білсем сүзегі сұр даланың, Жер жатыры жібіген шақта жеткен.   Бақта көптен қалып ед өрік гүлдеп, Ақ халатпен тұрғандай еліттім кеп. Алма біткен аңсатты көріктім боп, Аруымдай сызылған ,- келіп тұр деп.   Сәуір сені ешкім жоқ күткен мендей, Еркелегім келеді сүт кенжеңдей. Жұпар дала жұтады жұт келгендей, Көз жасыңды кетсемші тіптен көрмей.   Қар қадыры қалмады қыс кеткелі, Жаз қадыры келмеді құс кеткелі. Жан қадыры қалмады күштеп мені, Бармағымды беймезгіл тістеткелі.   Атамекенді аңсау Қазақстаным жұмақ мекенім, Күрсінсем көзді бұлақты етемін. Ақыл кіргелі айтар ұраным: «Атамекенге бірақ кетемін!».   Жалғанда бағым дара құщатын, Тұмары тұтқан сан арыс атын. Қабаның қара қарғалары да, Қазақстанға қарай ұшатын.   Тұрағым Ертыс басы болатын, Арнаңнан алаш асын алатын. Жерұйқ мекен жетуге саған, Жеті Қабамда асыға ағатын.   Қымбаты сенсің қалайтынымның, Тәтті әуенісің талай түнімнің. Қаражоқының құзына шығып, Күн салып күнде қарайтұғынмын.   Әніме қостым ақмаралыңды, Ансадым қанша ақ тамағыңды. Безсемде кетем, сезсем де кетем, Туған жеріме жат боларымды.   Желіңнің исін жел жеткізетін, Сағыныш дертін емдеткізетін. Күңіренемін, күйік емемін, Күн боларма екен сенде өткізетін?!                          Тағзым Басқаға бодан пақыр емеспін, Баспанам болған тыңдашы дала. Жолдары тарам жатыр елестің, Арманның алыс сұлбасы ғана.   Көрем мен елден керемет үлгі, Өлеңмен өмір өрнегін өрген. Кеудемнен мұңы неге кетеді, Бабамның жауға кезеніп өлген?.   Қорқамба сірә қамалым барда, Ортаңда жүрсем жүрек басылмай. Болғаны менің жазарым ғана, Ордалы елдің кілеткасындай.   Сөздерім сіңсе зердеңе елім, өз жөнім мүлде басқаша. Көнбесін алыс көздеген ерің, Көрінер шалыс баспаса.   Айтамын мүмкін ашынып әлі, Қайтамын бір күн тірліктен. Өзіңе елім осының бәрі, Сөзімнен менің сыр күткен. 24.01.2007ж    Аулым көшіп келеді.... Аулым көшіп келеді Алтай асып, Қайғымда өсіп келеді тай таласып. Тербеткенмен қойнына қанша басып, Мен көктемнен қалдым ба қайта адасып?.   Аулым көшіп барады, қайда бағыт? Құдай деген халқымды аймала құт. Арылмады-ау басыңнан мәңгі ала бұлт, Қар астында қалмасын қаймана жұрт.   Аулым көшіп келеді есті кештен, Жетім тайлақ боздайды көшке ілескен. Көз алдыма келеді ескі мекен, Бабам жаумен бас беріп кескілескен.   Аулым көшіп барады асып белден, Құт мекенін қалдырып нәсіп көрген. Анам жылап қарады жасып шерден, Қара арғымақ барады басып кердең.   Аулым көшіп келеді ел қайдалап, Алтай ана құшбассың енді аймалап. Дерті де ердің жазылар қон қаумалап, Еркін елдің ауасы қандай ғажап?!   Өзектегі у Жасадым қоғамда мен ұлы, Тасағып шындықты келгемін. Мллиард масаның ызыңы, Миымды улаған пендемін.   Қазағым– жыр-әнім, ұраным, Тұмарым-туған жер төсімде. Жұртында ғұндардың жыладым, Мәңгілік керуеннің көшінде.   Пір тұтып міскінге табынғам, Үркітіп ойымнан Алланы. «Ағажай-Алтайлап» аңырғам, «Елім-ай» елімнің салғаны.   Бостандық ауасын аңсадым, Жаратқан жолымды жалғадың. Білмеймін шырқалар қанша әнім, Арнадым өмірдің қалғанын.   Алашпен тамырлас тынысым, Тарихым, тағдырым, тілім де. Обалдан безінген туысым, Оралман атайды бүгінде.   Таныдым тәңірім иемді Маймылдан азбаған екенмін. Есімім еншімде біл оны, Бәріміз иесі мекеннің!      Аңдату Сөйлесем кетем көсіліп, Керуенін ойдың көшіріп. Кептелді сөзім көмейге, Кектенді көзім кереңге, Көкбөрі шабыт кешігіп. Қайдасың қолда киелім, Ағытам ойдың тиегін, Ақиқат айтам шешіліп. Отаным ордам өз жерім, Құт мекен іздеп келмедім, Қорқыттың күйін кешіріп....   Көремін бақыт бағымды, Беремін бойда барымды. Қазақтың жері байлығым, Азат бұл елім айбыным, Асқақтай шырқа әнімді. Тәңірім жалғыз көктегі, Нұрыңмен қолдап өп мені, Таптатпа жатқа арымды. Кіндікті ұлмын, ерекпін, Жөргекке сәби бөлеттің, Сүйдірдің адал жарымды. Тірегім тілім, дінімде, Тексізге тартып бүлінбе, Қайнатпа құрғыр қанымды. Қолыма найза алдырма, Тұлпарға тоқым салдырма, Жолыңда қиям жанымды. Отыңа жанған түспесем, Ұлтым деп уды ішпесем, Ит жесін сасық тәнімді. Қиырда жүрген бауырлар, Еліңді жалғыз табыңдар, Шақырам жылап бәріңді. Отардан жүріп оянғам, Отауым менің өз ордаң, Беремін бөліп нанымды. Тозбасын десең бұрымдың, Азбасын десең тұлымдың, Бүгіннен жаса қамыңды.                    Көшім кетіп барады Табиғаттың салғандай бетіне өрнек, Кең жайлаудың көңілді оты кернеп. Көшім кетіп барады, көшім кетіп, Тау жолымен тарғалаң шоқыға өрлеп.   Айналайын жаратқан қуатыңнан, Көшпей таңым жоқ құр атырған. Тұлпарын тойдырған мың оқырдан, Көшім кетіп барады шұбатылған.   Көшпей қонған көріп ең қай атаңды? Біздің үйдің сары атан бағы атанды. Шаңырақ сап әдейі сары атанды, Көш алдына жүргіздік ақ апамды.   Күн бұлттанып кенеттен жаңбыр жауып, Тості мынау керуеннің алдын қауып. Сұмдық жолғой қарағым байқаңдар деп, Налымапты қарт ана жай мұңданып.   Қия жолдан сары атан тайғанақтап, Бақ деді де жөнелді жардан аттап. Апам сонда ойбай деп қалбалақтап, Бұйда жібі қолында қалды алақтап.   Атан сайда, ал апам жар басында, Екі өмірдің толқиды арансында. Сәл бөгеліп тұрды да алғашында, Ауыл көші қайтадан жалғасуда.   Айналсада құзғынға дайын асқа, Сары атанның тамған жоқ қаны босқа. Апам сонда сиынып аруаққа, Отын болған қарады шаңраққа.   Сары атанға не сонда сор ілінген, Әлі күнге кетпейді көңілімнен. Алтайдағы көшімді аяқтатып, Ата жұртқа аттанған өмірімнен, Белгі беріп тұрма деп жорыдым мен.   Шықтым Алтай ақбас шың, сан жотаңа, Қош бол, түсті қойныңнан жан қапаға. Сара атанның бұйдасын апам менің, Ата жұртта тағып тұр сары ботаға Өткел Арғы жағы Ертістің бергі жағы, Ертегідей елігім енді бәрі. Жағалауды кезеді жан құмары, Сен  кінәлі емессің, мен кіналы.   Арғы жағы Ертістің атам қалған, Аһ ұрғыза бересің ақау жалған. Бергі жағы Ертістің Отан қорған, Боздатады беймезгіл ботаңды арман.   Туған жермен думан ел Ертіс бөлген, Тағдырымды айырдым мен күшпенен. Қарғымайды ботаңның тақымында, Арғымағы атамның тер түспеген.  
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір