• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:55:17
Алматы
+12°

15 Сәуір, 2014 NEWS

Еуразиялық Одақ. Ресеймен Түркістан болып сөйлесуіміз керек

Түркістан республикалары федеративтік негізде біргуі тиіс.  Жеке амбицияларын қайырып қойып, ортақ саяси құрылым жасау туралы іске қазірден бастап кіріскен...

Түркістан республикалары федеративтік негізде біргуі тиіс.  Жеке амбицияларын қайырып қойып, ортақ саяси құрылым жасау туралы іске қазірден бастап кіріскен дұрыс. Әйтпесе, «Өзбекпен біріккенше, орыспен бірге болғаным артық» деушілер қатары көбейген сайын, бұл мақсатқа жету мүмкіндігі алыстай береді.

Ең алдымен, бірінші қадам – мәңгілік достық шарттарына қол жеткізу керек. Қырғызстанмен жасалғаны сияқты бұл шарт Өзбекстанмен де (Өзбекпен кейіннен жасалды),  Түркіменмен де, Тәжікпен де жасалуы керек. Мұстафа бабамыз ылғи да Тәжіктерді түркістандықтарға, тіпті  түріктерге қосып отыратынын көреміз. Одан кейін федерацияға бару керек. Біз орыспен де, қытаймен де, Түркістан болып бірлесе араласқанымыз жөн.  Ресей де, Қытай да өз ықпалын ұлғайтып, билігін жүргізу үшін, ең алдымен, бөлшектеуге ұмтылады. Біздің алдымызда үлкен екі таңдау тұр: Орыспен немесе өз қандастарымызбен (өзбек, қырғыз, түркімен т.б.)  бірлесу.

Бұл таңдау  өткен ғасырдың  басында да болды,  ХХІ ғасырда тағы  өткір қойылып отыр. Біздің бұл жолы қателесуімізге хақымыз жоқ. «Бөлінгенді бөрі жейтінін»  ХХ ғасыр жетерліктей дәлелдеп берді. Қазақ есін жиып, бір жағына шығуы, өз тегін, өз ұлысын, өз үйірін табуы керек.Тілі де, діні де, ділі де жат қытай мен орыстан гөрі, бір атадан тараған, араз да болса туыс-туманың  жақын екенін сезінер уақыт болды ғой, ағайын!

Мен Еуразия  идеясын жоққа шығармаймын. Бірақ оны қазақ – қазақ күйінде, өзбек – өзбек күйінде, түркімен – түркімен күйінде, қырғыз – қырғыз күйінде жүзеге асыра алмайды. Себебі, мені орысқа жұтылып кету қаупі шошындырады. Теңдік, әділеттілік принциптері мың рет қайталанса да, тиісті механизмдері жасалып қойылған күнде де, орыс орыстығын жасамай тұра алмайды. Орыстар басқа шағын халықтармен тең болуға дағдыланбаған, ол – теңдікті қорлық деп ұғуға үйренген халық.

Айтан Нүсіпқан ағамыздың естеліктерінен

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір