• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:38:12
Алматы
+12°

03 Сәуір, 2014 NEWS

Кәрім Мәсімов - Үкімет басы. Қашанға дейін?

Елбасы Н. Назарбаев  Премьер-Министр лауазымына Кәрім Мәсімовті ұсынды. Яғни қалыптасқан "тәртіп" бойынша енді Үкімет басы Кәрім Қажымұқанұлы болады деген сөз.

Елбасы Н. Назарбаев  Премьер-Министр лауазымына Кәрім Мәсімовті ұсынды. Яғни қалыптасқан "тәртіп" бойынша енді Үкімет басы Кәрім Қажымұқанұлы болады деген сөз.

Бір анығы, енді Үкімет басында ұзақ жайғасамын деген, халықпен тіл табысамын деген Үкімет  ең алдымен қазақпен тіл табысуы тиіс. Өйткені:

1. Мемлекетқұрушы ұлттың ара салмағы 70 пайызға жуық.

2. Қазақ санының күн санап көбейіп келе жатқаны қазақ тілді, ұлтжанды азаматтардың басшылыққа келуін талап етеді.
3. Жас, білімді азаматтардың мемлекет тізгінін қолға алуы жұрт күткен қадам.
4. Қазақ көшіне, Қазақстандағы мемлекет құрушы ұлттың жан санының артуына кедергі келтірген басшылар уақыт сынына жауап бере алмайды
т.б...
5. Ұзын саны 1 миллионнан асқан "оралман" бауырларымызбен тығыз қатынаста жұмыс жасай алатын басшыларды уақыт талап етіп отыр.

Мәсімов биографиясы:

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов  1965 жылы маусымның 15 күні дүниеге келген.

1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін үздік бітірді. 1985 жылы Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды.

1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.

1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.

Қызмет жолы

1991 жылы - Қытай Халық Республикасындағы КСРО Сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесші. 1991 жылы ҚР Еңбек министрлігінде сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, Бас экономист. 1992 жылы «Қазақпригранторг» фирмасының басшысы, Үрімші (Қытай) қаласындағы «Қазақинторг» өкілдігінде жетекші маман, директор орынбасары. 1993 жылы «Акцепт» ЖШС басшысының ішкі экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарады. 1994 жылы Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің басқарушы директоры. 1995 жылы «Алматы сауда-финанс банкі» ЖАҚ Басқармасының бастығы,1996 жылдың қыркүйек айынан «ТұранӘлембанк» Басқармасы бастығының міндетін орындаушы, 1997 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқармасы бастығының 1-орынбасары, қыркүйек айынан бастап бастығы, 2000 жылдың тамыз айынан ҚР Транспорт және коммуникация министрі, 2001 жылдың қарашасынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, 2002 жылдың шілдесінен ҚР Президентінің көмекшісі, 2006 - 07 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2007 ж. қаңтардың 10-ында Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығыменен Қазақстан Премьер-министрі болып тағайындалады. 2011 жылдың 2 қарашасында Кәрім Мәсімов "Қазақша Википедиа" жобасын өз қамқорлығына алатынын хабарлады. 2012 жылдың 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы ретінде жұмыстан кететіндігі туралы арызын берді. Президент Н.Назарбаев өтінішті қабылдады. Сол күні К.Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы ретінде тағайындалды.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір