• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:00:33
Алматы
+12°

Әлемдік саясат сахнасында басты рөл ойнап отырған  екі  ірі  держава: АҚШ пен Ресей  арасындағы «ойын» әлемнің назарын өзіне аударуда. АҚШ  тарапы сес  көрсетіп,  санкция  салғанымен,  Ресей  міз бағар емес.  Есесіне,  Қырымды  бөліп  алып, өз саясатын еркін жүргізуде. АҚШ та  соңына дейін  баратын секілді:  Ресей экономикасын  «аяқтан шалу» мақсатында  жаңа  санкцияларды  үсті-үстіне  шығаруда.  Сонымен  қатар,  Украинаға  150 млн  АҚШ  доллары  көлемінде  көмек  көрсетіп, түрлі жеңілдіктер жасауға ниеттеніп  отыр. Сөйтіп,  Батыс Ресейді дағдарыс күтіп  тұрғанын болжайды.   Ал, бұл  дағдарыстың РФ-мен одақтас болып   отырған  Қазақстан және Ресей экономикасына тәуелді  Орталық  Азияның  өзге  елдеріне  ықпал-әсері қандай  болмақ?

       АҚШ -тың  электронды  басылымдарының бірі – «Еуразиянет.орг» сайтынының  жазуына  қарағанда, АҚШ-Ресей  қарым-қатынасының салқындауы  тек  Ресейге  ғана емес,  оған экономикалық  және  әлеуметтің тұрғыда  тәуелді  болып  отырған  Орталық  Азия елдеріне  де зияны  тиетін  болады.  Батыс:  "Егер  Ресейге салынған санкциялардың ел экономикасына  тісі  батса, ол  Орталық Азиядағы  посткеңестік елдерге ауыртпалығын  тигізбей қоймайды,- деген пікірде.

      22 жыл бұрын Мәскеудің құзырынан ресми түрде  шыққанымен, Орталық Азия елдерінің көпшілігі әлі күнге дейін  Ресеймен байланысты. Қазақстан  Ресейге  Кедендік Одақ  үшін  Ресей экономикасына  түбегейлі  тәуелді болса,   Қырғызстан  және Тәжікстан секілді  кедей елдер  мигранттарға төленетін ақшамен күн көріп отыр.  Ресей экононмикасының   Орталық Азия елдеріне  ықпалы  аймақтық валюталар құлдырауынан көрінді.  Рубльдің доллорға шаққандағы құны 11 % төмендеді, іле-шала   Қырғызстан сомы 10  %  құнын жоғалтты,  Қазақстан  теңгесі  20% -дық  құлдырауға  ұшырады.  Бұл валюта  бағамындағы өзгерістер аймақтағы  өсім болжамы мен инфляциялық көлемін асырып жіберді.

Орталық Азия шенеуніктері мен экономистерін алаңдатып  отырған тағы  бір жайт, аймақтардың мигрант  алмасуынан түсетін қаржыға тәуелділік.  Және Ресейден жұмыскерлерді қайтарудан соң өз елінде жұмыс таба  алмауынан  туындайтын тәртіпсіздік.  Әлемдік банктың соңғы есебіне  сай,  бір миллионнан астам тәжіктер,  бір миллион қырғыздар,  бірнеше миллион өзбек шетелдерде,  Ресей мен Қазақстанда жұмыс істейді.  Тәжікстанда ЖІӨ-нің 47 пайызын еңбек мигранттары  құрайды. Ал, Қырғызстанда 29 пайыз болса,  Өзбекстанда әр адамның Ресейде немесе Қазақстанда жұмыс істейтін туысы  бар. Рубль мен  теңгенің құлдырауы  олар үшін тиімсіз. Себебі, үйлеріне қайту алдында  еңбекақылары долларға ауыстырылады.

Батыс аналитиктерінің болжамы бойынша, Ресейдің инвестициялық климаты  өзгеріске  ұшырауына  байланысты  Орталық  Азия елдерін  дағдарыс  күтуде. 17 наурыз күні РФ Қаржы министрінің орынбасары Сергей Беляков  «ел экономикасы дағдарыс белгілері  бар»  деген еді. Егер сол рас  болса, Орталық Азия  елдері  де   дағдарысқа  дайындалсын, - дейді  Батыс баспасөзі.

 Батыс санкцияларының Ресейге күшті ықпалы болатынын орыс сарапшылары  да мойындауда.  Мәселен,  орыс  экономисі Григорий Явлинский:  «Жаңа санкция Ресейге  200 млрд  АҚШ доллары көліменді зиян әкелуі мүмкін.  Және  Visa и MasterCard секілді  төлем  жүйелері бұғаулап  тасталған,   Ресейдің 7 банкі және  клиенттері зиян шеккен. Ресейдің  экспортқа  шығаратын негізгі тауарлары газ, мұнай және  басқа  да  шикізаттар екені белгілі.  Егер  бұл тауарлардан  АҚШ және  Батыс  елдері бас  тартатын  болса, онда  Ресей  экономикасында тоқырау басталуы мүмкін.  Тек  экономика ғана емес,  басқа салаларда  да  Ресеймен  әлем елдерінің салқындығы  басталады, - деп  болжайды. Сонымен  қатар,  маманның пікірінше,  Ресей бүгінгі  еуразияға қарсы  бағытының  дұрыс  емес. Бұл әлеммен тең  дәрежеде  дамуға  деген  қарсылық,  барлық  елдерге  ортақ  қарым-қатынастар бас  тарту  дегенді  білдіреді.

   Қазақстан экономикасы  да  газ,  мұнай секілді  шикізаттарға  өте  тәуелді.  Егер, Батыс санкцияларына  сай, мұнай және басқа  да шикізат бағасы  төмендейтін болса, Қазақстан  экономикасы да құрдымға   кетеді  деген  болжам бар.

Әзірлеген  Жания  Әбдібек

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір