19 Наурыз, 2014 NEWS
Солтүстікке қытай келе ме, Қытай қазағы келе ме?
Қазақстан солтүстік обылыстардың Қазақ санын көбейтпек, бұған Қытай елі жәрдем бермек. Қазақстан жағының хабарына қарағанда Қазақстанның солтүстікке...
Қазақстан солтүстік обылыстардың Қазақ санын көбейтпек, бұған Қытай елі жәрдем бермек. Қазақстан жағының хабарына қарағанда Қазақстанның солтүстікке орналасқан үш обылсының жеке меншікке өтпеген,ашылмаған тың жердің қомақты бөлігін Қытай компанияларына жалға бермек екен. Осыдан біраз жыл бұрын Қазақстанның оңтүстік обылыстарынан 2 миллион гектар суармалы жерді Қытай еліне майға бермек болған. Бірақ кейін белгісіз себептермен іске аспай қалған. Жақында Орыстың украин еліне жасаған бөлшектеу әрекетінен кейін Қазақстан өзінің солтүстіктегі үш обылысты Қытаймен ауыл-шаруашылығы саласында бірлесіп, өндіріспен айналысып қана қоймай, солтүстік обылыстарға болған қауіпті де сейілтпек. Қазақстан мамандарының жоспарында бұл ортақ жобаға 200 мың адамдық еңбек күш қажет. Жане басқада қызмет көрсету саласы бойынша келетін еңбек күшті қосқанда 300 мың адам қажет. Қазақстан үкіметі осы орайдан пайдаланып, оңтүстіктегі артық еңбек күштерді солтүстікке апаруды қолға алса, Қытай елі солтүстік Шыңжаңдағы аудан-ауылдардағы Қазақтардың артық еңбек күшін Қазақстанның солтүстігіне жеткізуді жоспарлап отыр. Қытай мен Қазақтың ауыл-шаруашылық бірлестігінің атқаратын ережелері: 1.Қазақстан тарапы егістік жерді пайдалану құқымен толық қамдау.
2.Қазақстан оңтүстік обылыстардағы артық еңбек күштерін, техникаларын солтүстік үш обылысқа көшіру. 3.Қытай солтүстік Шыңжаң-Алтай,Тарбағатай,Іле аймағындағы Қазақ егінші-малшыларының артық еңбек күштерін Қытай тарапының еңбек күштері ретінде Қазақстан еліне жіберу.. 4. Ауыл-шаруашылық бірлестігі өндірген өнімдерін алдымен Қазақстан базарында, асқанын Қытай базарында саудаға салады. Қытай техникамен, қаржымен қамдайды. Басты бағыт:Ауыл-шаруашылық өндірісін негіз етіп,көлемді қоныс аудару, солтүстік үш обылыстағы Қазақ ұлтының ара салмағын өзгерту, шегара қаупін азайту,мемлекеттің ұзақ уақттық стратегиялық қауіпсіздігін сақтау, еңбек күштердің тепе-теңдік балансын сақтау болып табылады дейді.
Сілтеме:http://tieba.baidu.com/p/2927753993
Дайындаған Серік Мұратхан
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір