• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:58:33
Алматы
+12°

17 Наурыз, 2014 NEWS

Мұхтар Тайжан: Мен саясаттан неге кетемін?

Белгілі  тәуелсіз саясаткер Мұхтар  Тайжан  Фб парақшасында өзінің саясаттан кететіні  туралы жұртшылықты  хабардар  етті.  Және мұндай шешімінің  мәнісін...

     Белгілі  тәуелсіз саясаткер Мұхтар  Тайжан  Фб парақшасында өзінің саясаттан кететіні  туралы жұртшылықты  хабардар  етті.  Және мұндай шешімінің  мәнісін түсіндіру  мақсатында  баспасөз мәслихатын ұйымдастырмақ. Ол: "Құрметті достар! Ертең, 18.03.14., сейсенбі сағат 11.00-де мен баспасөз мәслихатын өткіземін. Тақырыбы - "Мен белсенді саясаттан неге кетемін?"  Өткізілетін орны: Алматы, Әуезов 82, (Абай көшесінен жоғары), 605 кеңсе, Модератор: Қасым Аманжолұлы" деп қысқа қайырыпты.

    Естеріңізге  сала кетейік,  барлық қоғамдық саяси мәселелерге Мұхтар  Тайжан өзінің ашық  та өткір  ойларын тайсалмай  айтып,  халыққа ой  салуға ат салысып жүрген  еді. Мұхтар Тайжан былтырғы жылы "Антигептиль қозғалысын" құрды. Украинадағы Майданға барып, қатысты. Шеңгелдідегі оқиғаны бастан-аяқ қадағап,  қазақ  азаматын қолдады. Түрлі  митингілерге  қатысып,  үнемі халықтың  қасынан  табылып жүрді. Соңғы кезде, ірі  көлемде айыппұл да  алған еді. Соған қарамастан, күресіп жүрген  саясаткердің бұл  шешімі түсініксіздеу болып  отыр.

Ал,  жұрт бұған әр түрлі уәж айтуда.  Мәселен, Мұрат  Отарбай: " Белсенді саясаткерлердің не болғаны белгілі ғой... Бұл ойыңды қолдаймын! Біздің қоғамда басыңды жартасқа ұрғанмен не табасың? Уақытты келер әлі" десе, Бостандық Аңсаған есімді азамат:  "Соңынан еретін қолы жоқ болса енді қайтсін? Дұрыс Мұхтардікі. Жалғыз өзі қашанғы шабады?"  деген екен...

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір