• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:16:22
Алматы
+12°

4

Бөрі  жоқ  деме,  бөрік астында

Жау жоқ  деме, жар  астында,

деп  бабаларымыз  бекер айтпаса  керек. Келмеске кетті  деген  Кеңес Одағының "шырақшылары" әлі  де бар екен... Ата-аналарымыз "Ленин біздің  атамыз" деп большевиктер әнін  шырқап  өсті,  енді  балаларымыздың  Путинді  "ата" қылмасына  кім кепіл?

Евразиялық экономикалық одақтың қолдаушылары  Мәскеу қаласында күннен күнге көбеюде. «Орыс космизм» (Русский космизм — это отечественный поиск примирения ценностей традиционного общества с динамикой цивилизации будущего. В нём выражена планетарная надежда: идеи всеобщего братства, нравственной ответственности, бережного отношения человека к человеке и к природе) бағытын ұстанған орыс жастары Мәскеу қаласында «Молодая Евразия»  ("Жас Еуразия") атты қозғалыс құрыпты. Қозғалыс өте ауқымды. Құрамында орыс  жастарынан  басқа, Мәскеу қаласында оқитын өзге ұлт  өкілдері бар, арасында өзіміздің қара көз бауырларымыз да жүр. Осы кезге дейін Ресейдің бірнеше қаласында акция, митинг өткізген. Семинар, конференция, лекция, ұйымдық еңбек тәжірибесі, жаздық саяси лагерь, митинг ұйымдастырған. Еуразиялық жастар парламентің құрып та  үлгеріпті. Жетекшісі Юрий Кофнер, хатшысы Эльнур Мехтиев. Бөлімшелері Тирасполь, Баку, Калининград, Киев, Уфа, Грозный, Саратов, Петрозоводск қалаларында да бар.

1959721_1450914235141391_511766467_nБір қызығы, бұл ұйымның бөлімшесі біздің Қостанай қаласында құрылған,  жетекшісі Евгений Коштенка. Мақсаты:  бұрынғы Кеңес үкіметінің орнын басатын Еуразиялық Одақ құру, «орыс космизм» философиясын дамыту. Бір мемлекет, бір мәдинет, бір ұлт, бір азаматтық болғанын қалайды екен. Керек десеңіз, ортақ шекара, әскер, валютаны көксейтін көрінеді. «ЕвроОдақ» ұйымын, Европа сахнасынан әлсіретіп, оның орнын «Еуразиялық Одақпен» басуы керек, олардың пікірінше. «Евразиялық Одақ» атауы осындай арам пиғылдан туындаған. Спецназ формасын киген әскери жасағы бар. Армандары бұрынғы қылышынан қан тамған қызыл империяны орнына  келтіру, ХХ ғасырдағы «орыс космизм» философия өкілдері, Князь Александорвич Чхедзе, Николай Сергеевич Турбецкой Владимир Иванович Вернадекий т.б идеяларын насихаттау. Қазіргі Ресей президенті Путинді пір тұтады. Ұрандары; «Евразийский союз-Большая родина, «Россия - прекрасная страна». 5Қазіргі билікке келген Украина оппозициясын айыптап, украиндарға гуманитарлық қол созбақшы болған түріктердің ұсынысын провакацияға теңеген. Әлем саяси сахнасында АҚШ-ты ысырып, әлемді билегісі келеді. Идеялары шовенистік бағытқа толып тұр. Бұл ұйымды Ресей билігі қаржыландыратын секілді. Қазақ мемлекеті үшін бұл ұйым өте қауіпті!

Мақсат Ерболат

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір