• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:41:50
Алматы
+12°

06 Наурыз, 2014 NEWS

Мұхтар Шаханов. Украина сабағы: Қазақстан Ресейден үзілді-кесілді бас тартуы тиіс

Ресей Украинаға қарсы басқыншылық саясат ұстанып отыр. Украина осы уақытқа дейін халықаралық деңгейде мойындалған, шекарасы бекітілген тәуелсіз мемлекет....

Ресей Украинаға қарсы басқыншылық саясат ұстанып отыр. Украина осы уақытқа дейін халықаралық деңгейде мойындалған, шекарасы бекітілген тәуелсіз мемлекет. Қырымды Украинадан бөліп қарауға болмайды. Қазіргі Украинадағы жағдай олардың ішкі шаруасы. Ресейдің «біз орыстілділердің құқығын қорғаймыз» деп Қырымға өз саясатын жүргізуді көксеуі ешқандай халықаралық нормаға сыймайды. Егер Ресей өзге елдермен де осындай саясат ұстанатын болса, онда негізінен орыс тілінде сөйлейтін Қазақстанның солтүстік облыстары өздерін Ресейдің бір бөлшегі ретінде сезінері анық. Мұндай жағдайда олар ешқашан Қазақстанның тілеуін тілемейді. Егер Украина Қырымнан айырылатын болса, онда мұндай қауіп біздің де басымызға төніп тұрғандығын жасыруға болмайды. Сондықтан ертеңгі күні өз басымызға келетін жайттан бүгін арылу үшін Ресейдің шовинистік шабуылына жол бермеген жөн. Оның үстіне әлемдік деңгейде өз ықпалын, өз саясатын жүргізіп отырған Үлкен Сегіздік көзқарасымен де санасуға тура келеді. Және біз олардың көзқарасын ақымақтық дей алмаймыз. В.Путин Жириновскийдің аузымен Қазақстан және Орталық Азия республикаларын Ресейдің боданы еткісі келетінін анық сездірді де.

Путиннің доллар аумағынан шығамыз деуі де оң шешім емес. Қазіргідей алмағайып заманда жаңа валютаны айналымға енгізу экономикалық және саяси қателіктерге ұрындырады. Мұның соңы – жаппай дағдарыс. Дағдарыс соңы – араб елдеріндегідей төңкеріске алып баруы мүмкін. Сондықтан Ресейдің бүгінгі солақай саясатына жол беруге болмайды.

Қазақстан Ресейдің жаңа Кеңестік Одақ құру ниетімен ұйымдастырған Кедендік одағынан, алда қол қойылуы күтіліп отырған Еуразиялық экономикалық кеңістігінен үзілді-кесілді бас тартуға тиіс деп есептейміз!

 

«Халық өкілдері құрылтайы» құрған

Қазақ Ұлттық Кеңесінің атынан                                     Мұхтар ШАХАНОВ

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір