29 Қараша, 2024 NEWS
2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды
Мемлекет басшысы агрофорумда агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсімнің негізгі күштерінің бірі саналатынын атап өтті.
Көрнекі сурет
Үкімет АӨК дамыту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу мақсатында кешенді шаралар қабылдауда. Қазақстанда Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілектерін ескере отырып, осы жылдың 29 қарашасынан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру басталды.
Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталады, оның 560 млрд теңгесі капиталдың нарықтық көздерінен тартылатын болады.
Бүгіннен бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетігі іске қосылды.
684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 82 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 176 өтінім жұмысқа қабылданды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір