• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:13:21
Алматы
+12°

08 Қазан, 2024 NEWS

"Жағдай тұрақты". Министр екі облысты шарпыған өрт туралы айтты

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі. Шыңғыс Әрінов еліміздің екі өңірінде болып жатқан алапат өрт туралы баяндады.

Ашық дереккөзден

6 қазан күні Қарағанды облысындағы Қарқаралы аумағынан және Павлодар облысының Баянауыл ұлттық паркінің шекара аймағынан өрт шықтты. Өртке қарсы жұмылдырылған күштер мен құралдарды үйлестіру мақсатында министрліктің жедел штабы іске қосылды. Сонымен қатар Павлодар облысының Желтау ауылында далалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Өртті жою жұмыстарын вице-министр жүзеге асыруда. Министрліктің күштері мен құралдарын дереу бағыттап, қосымша Абай, Ақмола және Астана құрылымдарының күштері оқиға орнына барды, - деді Әрінов.

Министр өңірлердегі өртке қарсы Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның ұшақтары тартылғанын айтады.

- Павлодар облысы, Желтау ауылының 18 тұрғыны көрші ауылдағы пункке эвакуацияланды. Қазіргі таңда Павлодар облысындағы өрті толықтай локализацияланып, күштердің бақылауында. Қарағанды облысында да сондай нәтижеге жетеміз деген ойдамыз. Онымен қоса, түнде Ресей жағынан Қостанай облысы Жітіқара ауданына 500 гектар көлеміндей өрт шарпыды. Өрт дер кезінде жойылды. Қазіргі жағдай тұрақты, - деді Төтенше жағдайлар министрі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір