• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:21:49
Алматы
+12°

Бүгінде басы дауға қалып, тығырыққа тірелген «Ер-Тау» ЖШС 2014 жылдың желтоқсан айында Астана қаласындағы Кенесары мен Шевченко көшелерінің қиылысынан жер учаскесін сатып алып, өз қаржысына көппәтерлі тұрғын үй кешенін салуға 2018 жылдан бастап кіріседі.

«Ер-Тау» ЖШС

Сол кезде «Нұрлы Жол-К-2008» ЖШС» директоры Н.А. Әскерова мен өкілі А. И. Дергачев келеді де, инвестор ретінде жұмысты жүргізуге ұсыныс тастайды. Бір айға алдын ала келісімшарт жасалған соң, олар мамандары мен техникасын әкеліп, тіпті қаржылық мүмкіндігін көрсететін құжаттар ұсыну керек болған. Бірақ алдын ала келісімшартта пәтер сату туралы ештеңе жазылмаса да, өзге де міндеттемені мойнына алғаны туралы құжат түзілмесе де, одан қала берді айтылған шарттың бірін жүзеге асырмаса да, сол күні-ақ пәтерлерді үлескерлерге сата бастаған. Олардың бұл қитұрқы әрекетін бірден байқаған негізгі қожайыны «Ер-тау» ЖШС құзырлы органдарға жүгінеді. Құқық қорғау органдары бірден тексермегендіктен 89 пәтер сатылып кеткен. Дер кезінде дабыл қағып үлгерсе де үніне ешкім құлақ аспаған компанияның құрылыс жобасы 35 пайызға аяқталып, орындалған жұмыстың құны жер учаскесімен бірге 3905 800 927 теңгені құраған. Алайда «Ер-Тау» ЖШС өзі иелік ететін жер учаскесінен де, тұрғын үй кешенінен де жолдан қосылған күмәнді компанияның кесірінен айрылып қалуы мүмкін.

«Ер-Тау» ЖШС

Компания өз құқығы мен заңды мүддесін қорғау мақсатында 2021 жылдың ақпанынан бастап 2023 жылдың мамыр айына дейін құқық бұзушылыққа қатысты Астана қаласының прокуратурасы, полициясы және Астана қаласының әкімдігі, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының атына, құқық қорғау және мемлекеттік органдарға арыз түсірсе де, ешқандай әрекет болмаған.

«Ер-Тау» ЖШС директоры Мұрат Тасовтың айтуынша, Астана қалалық мемлекеттік архитектуралық құрылысты бақылау басқармасына арызданған.

«Біз де жалған компанияға алдандық емес пе? Бізге де шығын келді. Бірақ біздің мүлікті үлескерлерге бере салды. Ақылға сыймайтын нәрсе орын алған соң, мұны рейдерлік әрекет деуге негіз бар. Ең сорақысы – бұл мемлекеттік органдардың қолымен жасалып отыр. «Нұрлы Жол-К-2008» ЖШС-не шара қолданудың орнына бізді жауапкершілікке тартуға тырысып, үлескерлердің алдында борышкер етіп қойды», – дейді Мұрат Тасов.

Осылайша, «Нұрлы Жол-К-2008» ЖШС кесірінен зардап шеккен үлескерлердің шығыны «Ер-Тау» ЖШС-не ілініп отыр. Заңгер Еркінбек Мыңжановтың айтуынша,  жер учаскесі де жекеменшік иелігінде.

«Осыдан-ақ «Ер-Тау» ЖШС-нің конституциялық құқығы бұзылып тұр. Бұл нысанды салу заңды тұлға – «Ер-Тау» ЖШС құзыретінде. Алайда, үлескерлер сатып аларда сауаттылық танытып, заңды құжат талап етпегені қалай? Қазір біздің қолымызда алдын ала брондау мен құрылысқа үлескер болу туралы келісім-шарттың заңсыз екені туралы сот актілері бар. Әу баста «Нұрлы Жол-К-2008» үстінен алаяқтық бабы бойынша, іс қозғалғанмен, құқық қорғау органдары «Ер-Тау» ЖШС-не материалдық залалдың болмауына байланысты деген желеумен қылмыстық істі тоқтатып тастады», – дейді заңгер Еркінбек Мыңжанов.

Жәбірленуші тарап мұның артында сол кездегі ГАСК басқарма бастығы болған Дәулет Досқұловтың қатысы бар екенін айтып, «Осы заңсыздық әрекеттің бәрі Досқұлов пен оның қолдан жасалған үлескерлерінің кесірінен болып отыр. Әкімдік жанындағы ведомствоаралық комиссия рейдерлікпен айналысады. «Нұрлы жолдың» басшылығы қылмысы үшін сотталды, бірақ оған біздің қаншалықты қатысымыз бар дегенге ешкім бас қатырмайды. Ел Президентінен осы заңсыздыққа араласуын сұраймын!», – дейді компания басшысы Мұрат Тасов.

Айтпақшы, компания жасырын түрде жүргізілген тергеуге нысанды өз қаржысына салғанын дәлелдейтін барлық құжатты ұсынса да, бұл қылмыстық іс материалынан алынып тасталған. Себебі, құрылыс жобасын тартып алу біріншіден әкімдікке, екіншіден үлескерлерге, үшіншіден алаяқтарға тиімді. Ал шығын кәсібін адал бастап, жүргізіп келген «Ер-Тау» ЖШС-нің мойнына ілінбек. Компания өз мүлігін қайтарып алу үшін бұл рейдерлік әрекетке араша түсуін сұрап, Президент әкімшіліне, Президент атына және Бас прокуратураға хат жазды. Ендігі әділ шешімді солардан ғана күтеді.

Алайда «Астана» телеарнасына Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы пікір білдіріп,  аяқталмаған құрылыс пен жер учаскесін тұрғын үй құрылысы кооперативінің пайдасына беру туралы Жоғарғы соттың шешімін ғана орындап жатқанын жеткізді.

«Зардап шеккендер қатарында құрылысқа ақша салған жүздеген үлескер бар екенін айта кету керек. Бірақ бұл компания бұған еш қатысымыз жоқ деп отыр», – деді Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы өкілдері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір