• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:55:11
Алматы
+12°

15 Шілде, 2024 NEWS

Қазақстанда кейінгі 17 жылда алғаш рет педиатр дәрігерлер оқу бітіріп шықты

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде кейінгі 17 жылда алғаш рет сертификатталған педиатрлардың бітіру кеші өтті.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

132 маман тағылымдамадан өту дипломына ие болды. Оның ішінде халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ үздік диплом иегерлері бар.

Педиатрия денсаулық сақтау жүйесінде негізгі рөл атқарады. Ол балалардағы ауруларды ерте анықтау және емдеуді, профилактика мен вакцинацияны қамтамасыз етеді. Сондай-ақ даму мен өсуді бақылап, балалар өлімін азайтуға жәрдемдесіп, ата-аналарға қолдау көрсетеді. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, резидентурада осы мамандық бойынша жоғары білімі бар кадрларды елімізде 8 медициналық жоғары оқу орны мен 2 ғылыми-зерттеу институты дайындайды. 

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын өңірлердің қажеттігін ескере отырып, бакалавриат бойынша 500 мемлекеттік білім грантын, сондай-ақ резидентураға 153 грант бөледі.

Айта кетейік, 2006 жылы ТМД елдерінде медициналық білім берудің жаңа стандарты қабылданды. Атап айтқанда, "педиатрия" және "санитарлық гигиена" мамандығын жабу туралы шешім қабылданды. 2007 жылдан бастап барлық институттар педиатрия мамандығы бойынша оқуға студенттерді қабылдауды тоқтатты. Жаңа 5+2 "жалпы медицина" жүйесі бойынша бес жыл бакалавриат және екі жыл интернатура бойынша оқыту басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір